Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, мектепке сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Мұғалім:Оқушылар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Оқушылар,жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Оқушылар,біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(оқушылардың жауабын тыңдау)
Мұғалім:Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Оқушылар,айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Оқушылар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім:Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Оқушылар: Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұғалім:Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Оқушылар:Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қаласы.
Мұғалім:Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай жерде туып, өмір сүріп жатырмыз?
Оқушылар:Біз Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылында өмір сүріп жатырмыз.
Мұғалім:Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.
ІІ. Негізгі бөлім.
І оқушы:
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.
Мұғалім:Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
ІІ оқушы:
Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен, қарайдыжұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын
Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.
ІІІ оқушы:
Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп, «Мектеп» деген бір үнге.
IV оқушы::
Сәлем саған мектебім, алтын ұйям сүйікті
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.
V оқушы::
Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып
Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.
Оқушылармен суреттер бойынша әңгімелесу.
Ойын: «Менің сүйікті мектебім».
Мақсаты:Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
VI оқушы::
Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.
VII оқушы::
Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім:Міне, Оқушылар,осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.