СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 - Мамыр "Алғыс айту күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1- Мамыр "Алғыс айту күні" балаларға 

Просмотр содержимого документа
«1 - Мамыр "Алғыс айту күні"»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Кәусар» бөбек жай-бала бақшасындағы «Ауылымыздан шыққан құрметті азаматтарға» алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара



Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер және балабақша ұжымы.

«Ауылымыздан шыққан құрметті азаматтарға» арналған мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын.  Сондықтан, «Ауылымыздан шыққан құрметті азаматтарына» алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Жүргізуші: 1 - наурыз Алғыс айту күніне арналған кешіміздегі сөз кезегін Балабақша меңгерушісі Жартыбаева Айнұр Төлеуқызына беріледі.

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұдан артық рахат табылмайды

Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,- дей келе Айнабұлақ ауылының тарихы жайлы сыр шертсек. (Баяндама)

«Айнабұлақ темір жол» туралы бейнетаспа

Жүргізуші: Біріншіден Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.

Қымбатты балалар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін қонақтар бар. Ерекше құрметтей отырып, теміржол ардагерлерімен таныстырып өтсек .

1.Естемисова Тыныштық

2. Көкебаев Тұрлыбек

3.Бейжанова Нұрша

4.Дүйсебаев Әділжан

5. Ағыбаев Қали

6.Сыдықов Орынбай

7.Айманбаев Жетпісбай ата

8.Естемесов Серік

9. Мәмбетбаев Нұрболат

Сұрақтар:

  1. Тыныштық апай сіз темір жолға жұмысқа кіргенде қанша жаста едіңіз?

  2. Тұрлыбек ата темір жол саласында қанша жыл еңбек еттіңіз?

  3. Нұрша апай темір жолда жұмыс істеу әйел адамға қиын болмады ма?

  4. Әділжан ата сіздің балаларыныздың ішінде сізді жолыңызды жалғастырған барма?

  5. Қали ата темір жол саласындағы қызықты оқиғанызды айтып берсеңіз?

  6. Орынбай аға алған құрмет туралы қысқаша айтып берсеңіз?

  7. Жетпісбай ата біздің болашақ баларымызға бата берсеңіз?

  8. Серік ата темір жол саласындағы жеткен жетістіктерініз барма?

  9. Нұрболат ата темір жолда жұмыс істеу ұнайма?

Ән: «Тәуелсіз ел» балалардың орындауында

Жүргізуші:

Сіздер егемен  Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  азаматтардың  ұрпағысыздар. Сондықтан да  сіздердің  алдарыңызда,  біз  қол  жеткізбек  болған  болашақты,  өздеріңіз  бен  балаларыңыз  үшін  өз  қолдарыңызбен  орнатудың  шексіз  мүмкіндіктері  ашылып  тұр. Ендеше, Қазақстанның  болашағы  сіздердің  қолдарыңызда. Отанды  сүйдіңіздер, оған  қызмет етіңіздер. Халықтар  достығын  қадірлейік! Себебі біз, тәуелсіз, егеменді, дамыған мемлектте өмір сүріп жатырмыз.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Сөз кезегін Жетпісбай атаға берсек. Балаларға батаңызды берсеңіз.

Би: «Жігіттер»

Жүргізуші

Бүгінгі  қүн  —  нұрлы  күн

Жарық  шашқан  әлемге

Ескеретін  күн  бүгін

Ризашылық қой әр елде- дей келе балалардың орындауында ән

Ән: «Ұлы Отан»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді бүкіл балабақша ұжымы атынан өз туған ауылдарыңызға, соның ішінде теміржол саласына жасаған еңбектеріңіз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге  жеміс, отбасыларыңызға  бақыт  тілейміз.



Бүгінгі мерекелік шарамызды  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен қорытындылайық:

Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар;

Әлемде  Егемен  Қазақстан  бар;

Оның  көп  ұлтты, тату, ынтымақшыл  халқы  бар;

Қуатты  экономикасы, сенімді  саяси  жүйесі  бар;

Ең  бастысы —  бүгіннен  нұрлы, бүгіннен  кемел  болашағы  бар.

Сол  күнге  берік  сенім  бар!

Ән: «Атамекен» Тәрбиешілер

2- жүргізуші: осымен «Ауылымыздан шыққан батырлармен құрметті азаматтарына» арналған мерекелік кешіміз аяқталды.