СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 орыс сыныбындағы "Үйшік" тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это мероприятие разработано для воспитанников дошкольных учреждений Казахстана. Тема "теремок" только герои тговорят на казахском языке.

Просмотр содержимого документа
«1 орыс сыныбындағы "Үйшік" тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара»

ҮЙШІК

Мектепалды тобында қазақ тілінен ертеңгіліктің бағдарламасы






Дайындаған: қазақ тілі

пәні мұғалімі

Батабекова Г.Ж.



-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін мектепалды тобы тәрбиеленушілері Сіздердің назарларыңызға қазақ тіліндегі «Үйшік» атты ертеңгілік бағдарламасын ұсынады.

Мектепалды тобында 6 тәрбиеленуші бар. 2011-2012 оқу жылында өздері қазақ тілінде үйренген өлеңдері мен әндерін және де орыс халық ертегі «Үйшіктің» сахналастырылған нұсқасын ұсынамыз.


Жүргізуші:


Тату-тәтті баламыз,

Жетілген біздің санамыз.

Қазақ тілін үйреніп,

Таң қалдыра аламыз.


-Құрметті көрермендер! Біздің жас бүлдіршіндер бүгін өлеңдер жаттап, әндер үйреніп – үлкен дайындықпен келіп отыр. Кезекті мектепалды тобы тәрбиеленушілеріне берейік.


Андрей:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.


Диана:

Қазақстан – елім менің,

Қазақстан – жерім менің.

Саған арнап айтылады

Әнім менің!


Даша:

Біз мектепке барамыз,

Қағаз қалам аламыз.

Достарды көргенде

Қуана қарсы аламыз!


Жүргізуші:

-Мектепалды тобының тәрбиеленушілері Сіздерге «Балақан» әнін ұсынады.


Музыка


Балақан


Бала, бала, балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт

Былай-былай ойнат.


Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан кейін жасайық.

Жаса, жаса жарқын күн!

Жаса, жаса алтын күн!


Жүргізуші:

-Біздің балалар тек өлең-тақпақ, ән ғана емес, санамақтар да біледі.


Санамақ


Диана:

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортаң терек,

Шілдір шүмек,

Кішкентай бөбек.


Илья:

Бір дегенің –білім,

Екі дегенің – елім,

Үш дегенің – үйім,

Төрт дегенің – төрім.


Мұғалім:

-Біз қазақша санауды да білеміз. Қазір бұған өздеріңіз көз жеткізе аласыздар. Мына төрт бұрыштардың артына сандар жасырынған. Мен «бір, екі, үш» дегенімде әр оқушы бірінші төртбұрыштарды оң аударады. Сосын сандарды тәртібімен теріп шығады. Ең соңында сандарды қазақ тілінде санап шығады.


Әр оқушыға әр түрлі текшелер ұсынылады. Артына 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған. Бірінші болып теріп, санап шыққан оқушы жеңімпаз атанады.


Жүргізуші:

Біздің балалар болашақ артистер. Бүгін орыс халық ертегі «Үйшікті» сахналастырып келгенбіз. Көріп, тамашалаңыздар!


ҮЙШІК


Ерте-ерте заманда орманда бір кішкентай үйшік тұрыпты. Бір күні орманды аралап секіріп жүрген құрбақа үйшікке кез келіп қалыпты.

Құрбақа:

-Үйшік, үйшік! Үйшікте кім тұрады екен?


Ешкім жауап бермепті. Сонда тышқан үйшікке кіріп иемденіп алыпты. Орман кезген құрбақа көріп қалыпты үйшікті. Тышқан:

-Үйшік, үйшік! Үйшікте кім тұрады екен?

-Мен құрқылдаған құрбақа! Сен кімсің?

-Мен шиқылдаған тышқан. Кірейінші!

-Кір. Бірге тұрайық!

Құрбақа мен тышқан бірге тұра бастапты.

Орманда секеңдеп жүрген қоян кез келіпті үйшікке.

Қоян:

-Үйшік, үйшік! Үйшікте кім тұрады екен?

-Мен құрқылдаған құрбақа!

-Мен шиқылдаған тышқан. Сен кімсің?

-Мен секеңдеген қоян. Мен кірейінші!

-Кір. Бірге тұрайық!

Қоян мен құрбақа, тышқан үшеуі бірге тұра бастапты.


Орманда серуендеп жүрген қу түлкі кез келіпті үйшікке.

Түлкі:

-Үйшік, үйшік! Үйшікте кім тұрады екен?

-Мен құрқылдаған құрбақа!

- Мен секеңдеген қоян.

- Мен шиқылдаған тышқан. Сен кімсің?

- Мен қу түлкімін. Мен кірейінші!

-Кір. Бірге тұрайық!

Тышқан, құрбақа, қоян, түлкі төртеуі бірге тұра бастапты.


Орманда далбаңдаған аю кез келіпті үйшікке.

Аю:

-Үйшік, үйшік! Үйшікте кім тұрады екен?

-Мен құрқылдаған құрбақа!

- Мен секеңдеген қоян.

- Мен қу түлкімін.

-Мен шиқылдаған тышқан. Сен кімсің?

-Мен қорбаңдаған аю. Кірейінші!

-Кір. Бірге тұрайық!

Бірақ аю үйшікке симапты, үйшікті бұзып қойыпты.


Балалар! Кім де кім өз шамасын білмесе өзіне де, өзгеге де зиян келтіреді. Бұны әрқашан есте сақтаңдар.