1-сыныпқа арналған «Көркем жазу» пәні бойынша
тақырыптық- күнтізбелік жоспар
2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық,қоғамдық тәрбиелік мәні зор. Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза,әдемі,дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу таңдау курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.
Мақсаты:
Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік,сөйлем, шағын мәтін т.б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
Міндеттері:
- бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;
- әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;
- сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
- эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
Қүтілетін нәтижелері:
- әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
- әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
- грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
- шығармашылық тапсырмаларды орныдай алады