Бөлімі: | 1В. Геометриялық фигуралар |
Педагогтің аты-жөні: | Кушукбаева Д.Ж. |
Күні: | 15. 10. 2021 |
Сыныбы: 1 «Б» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Заттар мен фигуралардың қасиеті / Менің айналамдағы заттар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.4.1.2 жиындарды элементтерініңбелгілері (нысандардың түсі, пішіні,өлшемі, материалы, әрекеті)бойынша жіктеу; 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) / кеңістік фигураларды (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру; 1.3.2.3 жазық фигуралардыңмодельдерінен және бөліктеріненкомпозиция құрастыру; 1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оңжақта, сол жақта, жоғарыда, төменде,үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау. |
Сабақтың мақсаты: | Фигуралар мен заттардың қасиетін ажыратасың,салыстырасың. |
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту | Ынталандыру. Мұғалім оқушылардан олардың сыныптан және терезеден көріп тұрған заттарын атауды сұрайды. | | | |
1-7 | Өзектендіру. Оқушыларғажекенемесежұппенжұмысжасауүшінгеометриялықфигураларжиынтығынүлестіреді. Бұл фигуралар қандай фигуралар? «Фигураларға қараңдар, олар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?» –деп сұрайды мұғалім. Ол оқушылардың назарын заттардың кішкентай және үлкен, олардың әртүрлі түсті және әртүрлі пішінді болатынына аударады. | Геометриялық фигуралардың пішінін, түсін, көлемін анықтайды. | | Геометриялық фигуралар жиынтығы. |
| Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Оқулықтағы №1 тапсырмамен жұмыс жасау. Дөңгелек пішінді заттарды ата. Қызыл түсті заттарды ата. Мұғалім белгілі пішінді фигураны көрсетеді – балалар суреттен осындай пішінді затты атайды. – Біз бүгін заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша ажыратуға және салыстыруға үйренеміз.Жазық және кеңістіктік фигураларды тануды және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіруді үйренеміз. Суреттегі жазық фигураларға ұқсас заттарды ата (картина, терезе, кілем т.б.) Кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды ата (доп, қалпақ, қолшам, құрастырушы текшелер т.б.) Фигуралардың суретімен карточкалар ұсынады: жазық және кеңістіктік. Оларды екі топқа бөлуді ұсынады | Мәселелік жағдаятты түсінеді. Жазық фигураларға ұқсас заттарды атайды. Кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды атайды. | | Оқулық, дәптер. Геометриялық фигуралармен карточкалар. |
Мағынаны тану 26 минут | Өзіндік жұмыс. Оқулықтан2-тапсырманы орындауды ұсынады. Геометриялық фигуралар қиып алып, олардан аппликация құрастыр. Балалар қандай аппликация құрды? (зымыран) Аппликация қандай фигуралардан тұрады? Шаршы, үшбұрыш) Мұғалім оқушыларға әртүрлі аппликациялар жасауға практикалық тапсырма ұсынады. | Геометриялық фигураларды қиып алып, олардан аппликация құрастырады. | Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады. | Оқулық, дәптер. Геометриялық фигуралар. |
| Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. (Қосымша тапсырмалар орындау.) – Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай? (Қателіктерді түзету.) – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. Қателікті түзету үшін оқулықтағы №3 тапсырманы жұппен орындауға болады. Бір затты таңда. Оның орналасқан орнын мына сөздермен сипатта: алдында – артында, оң жақта – сол жақта, жоғарыда – төменде, арасында, жанында, үстінде, астында, ішінде, сыртында, ортасында. Досыңнан ол затты тауып, атауын айтуды сұра. Суреттегі жазық фигураларға ұқсас заттарды ата Кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды ата | Қатемен жұмыс жасайды. Досына бір затты жасырады. Егер төсекті жасырса, онда үстінде картина, жанында қолшам орналасқан деп сипаттауға болады. Суреттегі жазық және кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды ата | Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың», Төртбұрыш – Жақсы, Үшбұрыш – Талпын. | Оқулық, дәптер. |
| Дәптермен жұмыс Дәптердегі №1 тапсырманы ұсынуға болады. Фигуралардысанап, кестенітолтыр. Дәптердегі №2 тапсырманы ұсынуға болады. Не өзгерді? Басқатүспен боя. | Оқушыларфигуралардысанап, кестенітолтырады. | Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды. | Баспа негіздегі жұмыс дәптері |
7 минут | Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтан зерттеушілік тұрғыдағы 4-тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды: -Бірінші суретте не өзгерді? (көлемі) - Екінші суретте не өзгерді? (пішіні, түсі) - Үшінші суретте не өзгерді? (көлемі) - Төртінші суретте не өзгерді? (көлемі, түсі) | Оқушылар сұраққа жауап іздейді. Доптың көлемі өзгерді (үлкейді). Кітаптың көлемі өзгерді (кішірейді). Текшенің пішіні, түсі өзгерді (дөңгелек, сары түсті қызыл жолақпен). Сөмкенің көлемі және түсі өзгерді. | | Оқулық, дәптер. |
Рефлексия | Жеміс – сабақ пайдалы, жемісті болды; Гүл – сабақ жақсы өтті; Жасыл жапырақ – сабаққа көңілі толмады; Сары жапырақ – сабақ ұнамады, зеріктірерлік болды. | Сабақ аяқталған соң балалар ағашқа жапырақ, гүл, жемістерді жабыстырады. | | Ағаштың суреті, жапырақтар, гүлдер, жемістер |