Сыныбы: 10 ((ж.б.)
Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс.
«Дененің ұшу қашықтығының лактыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зертханалық жұмыстардың мазмұнын түсініп, өзбетімен жұмысты жүргізіп, оны практикада ескере білуге бейімдеу.
Дамытушылық: Жұмыстың қорытындысын шығарып, оның практикада қолданылуын жете түсінуде жетістікке жету.
Тәрбиелік: Оқушылырдың зертханалық жұмысты орындауда жауапкершілігін түсініп, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану шараларын ұйымдастыру.
Сабақ түрі: Зертханалық жұмыс
Әдіс-тәсілдер: Өзбетінше жұмыс: өлшеу, есептеу, қорытыңды жасау.
Құрал-жабдықтар: Баллистикалак пистолет, сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз (копирка), жапсырма лента.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
14 бет. 1.4-тың артындағы сұрақтарға жауап беру.
1 жаттығудағы 4-7 есептердің шығарылу жолдарын тұсіндіру.
194-195 жаттығулар. Бақынов Д. Тапсырылған есептердің шығарылу жолдарын тусіндіру.
ІІІ. Зертханалық жұмыстың орындалу барысындағы қауіпсіздік ережесімен оқушыларды таныстыру.
а) оқушылырды керекті кұрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
ә) жұмыстың тақырып бойынша теориясын еске түсіріп қайталау;
б) жұмыстың өту жолымен өз бетінше дайындалып, мазмұнын түсінуге бағт беру;
в) жұмысқа нүсқаумен танысып, керекті құралдардың жұмыс принципімен таныстыру;
г) жұмыстың қорытындысын тексеру, бақылау.
IV. Теориялықтүсінік:
Горизанталь беттен көкжиекке қарай әр түрлі бұрыш жасай оқ атқандағы оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:
. (1)
Бұл формуладан оқтың 90°-тан 0°-қа дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы алдымен нөлден белгілі бір максималь мәнге дейін артады, кейін тағы да нөлге дейін кемитіндігі көрінеді.
мен
туындылары үлкен және ұшу бұрышы 450 болғанда құлау қашықтығы максималь болады.

Сурет 1
Бұл жұмыста осы тәуелділікті 1 суретте кескінделген баллистикалық пистолеттің көмегімен жасалынатын тәжірибе арқылы тексеруге болады.
Пистолет бұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма шегеге бекітілген өстің бойында шыбығы (стержень) бар ширатылған (спираль) серіппеден 1 тұрады. Пистолет орнатылғаннан және серіппе сығылғаннан кейін өзекше шарик түсіріледі. Егер сақинаны қозғасақ шарик босатылып, серіппенің әсерінен өзекшенің ішінен лақтырылынады.
Әр түрлі бұрышпен лақтырылған шариктің ұшып шығу жылдамдығының модулін
барлық тәжірибелер үшін бірдей етіп алу керек.
Үстелдегі шариктің түсер жеріне жапсырғыш лентаның екі тілімімен қағаз жолағын бекіту керек, ал үстіне көшірме қағазының бетін қойамыз. Шарик құлаған кезде қағаз бетінде жақсы көрінетін із қалады
Жұмыстың орындалу реті
1 тапсырма
1. Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін жазу үшін кесте дайындаңыз.
Кесте 1
Шариктің ұшу бұрышы  | 20 | 30 | 40 | 45 | 50 | 60 | 70 |
Шариктің ұшу ұзақтығы l, см | l1 l’ l’’ | | | | | | |
Орт |  | | | | | | |
1. Баллистикалық пистолеттің құрылысымен және жұмыс принціпімен танысыңыздар.
2. Үстелдің шетіне баллистикалық пистолетті қысып қоятын бұраманы орнатып, бұрыш өлшегіштің көмегімен пистолетті 45° бұрышпен бекітіңіздер. Қағазды жапсырмай, түсер орнынының мөлшерін білу үшін атып көріңіздер де, шамамен шариктің түскен орнын белгілеңіздер. 45° бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза қағазды үстелге бекітіңіздер. Кейін үстіне көшірме қағазды салыңыздар.
3. Пистолетті 200, 300, 400, 45° бұрыштармен орнатып, әрбір бұрыш үшін 3-4 рет атыңыздар. Шариктің ізін қарындашпен белгілеп, жанына лақтырылу бұрыштарын белгілеп қойыңыздар.
4. Пистолетті бұрып, 500, 600, 70° бұрыштармен бекітіп, әрбір бұрыш үшін тағы да 3-4 рет атыңыздар және шариктің құлаған кездегі әрбір ізіне тағы да лақтырылу бұрыштарының мәндерін жазып қойыңыздар.
5. Әрбір бұрыш үшін орташа құлау ұзақтығын өлшеңіздер. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңыздар.
V. Сабақты қорытындылау:
Әр оқушының зертханалық жұмысты орындау және қорытындысын тәртіпке келтіруін қадағалау. Ертерек орындаған оқушыларға тапсырма беру.
Бақылау сұрақтары
Теория және тәжірибе бойынша қандай бұрышпен ұшып шыққанда шариктің ұшу ұзақтығы көбірек болады?
Ұшып шығудың қандай бұрыштарында ұшу ұзақтығы шамамен бірдей болады және осы бұрыштардың қосындысы неге тең? Бұл ұшу ұзақтығын анықтайтын формуламен қалай байланысады?
(1) формуланы теориялық шығарыңыздар?
Серіппелі баллистикалық пистолет бар. Оқ тәжірибеден табылған
жылдамдықпен ұшып шығады. Оқтың ұшу ұзақтығы 1 м-ге тең болу үшін ол қандай бұрышпен ұшып шығу керек?
Қарудан белгілі бір бұрышпен көкжиекке ұшып шыққан оқ, 12 с ұшты. Оқтың жеткен ең үлкен биіктігі қандай Жауабы: 180 м
Көкжиекке 600 бұрышпен лақтырылған дене, қозғалыс басталғаннан кейін 4 с уақыт өткенде жылдамдықтың вертикаль құрастырушысы 9,8 м/с-қа ие болды. Лақтыру орны мен түсу орны арасындағы арақашықты анықтаңыздар. Жауабы: 73,5 м/с
Ойыншы допты жерден 1,2 м биіктіктен, лақтыру бұрышы 450 -қа тең болатындай етіп лақтырады. Лақтыру орнынан 47 м қашықтықта биіктігі 7,3 м тор орналасқан. Тордың үстінен өту үшін ең аз жылдамдық қандай болуы керек? Жауабы: 23 м/с
VI. Үйге тапсырма беру:
№1 Зертханалык жұмыс 331 бет. Есептер жинағы 1.20-1.25,1.80-1.82
1. Қай бұрышпен шариктің ұшу кашықтығы ең үлкен мәнге ие болады?
2. Қай бұрьшшен атқанда ұшу қашыктықтығын шамамен бірдей және осы бұрыштардың қосындысы неге тең? Бұл ұшу қашықтығын анықтайтын формуламен сәйкес келе ме?
VІІ. Бағалау