МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
Оқу сабағының жоспары (теория)
Сабақ тақырыбы: 14 (IVА) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері
Модуль /пән атауы Химия
Педагог Халдыбаева А.С. дайындады
20_ жылғы « »
Жалпы мәліметтер
Курс, топ 1 курс
Сабақтың түрі Теория
Мақсаты, міндеттері
Оқыту мақсаттары :11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.
14 (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының табиғатта таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу.
Сабақ мақсаты 14 (IVА) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді
14(IVА) элементтердің табиғатта таралуын олардың алыну әдістерін зерттейді.
14(IVА) топ элементтерінің қолданылу аймағын зерттеп, айырмашылығы туралы түсінік береді
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Бағалау өлшемдері. 1. 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырып жазады.
2. Көміртектің, кремнийдің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды;
Қажетті ресурстар презентация, оқулық
Сабақтың барысы
І. Сабақтың басы(5-7 минут)
1. Сәлемдесу
2. Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру
Тапсырма
1.Реакция теңдеулерін аяқтаңыз:
С + О2 (артық) →
С + О2 (жеткіліксіз) →
С + S →
С + FeO →
С + H2 (артық) →
Si + О2 →
Si + NaOH + H2О →
SiH4 + О2 →
PbO2 →
2. Реакция теңдеулерін құрыңыз:
(a) Қалайы (IV) хлоридінің айырылу реакцияы
(b) Германий (IV) хлордінің сумен реакциясы
(c) Қорғасын (IV) оксидінің айырылу реакциясының теңдеуі
Дескриптор
− реакция теңдеулерін құрастырады.
ІІ. Сабақтың ортасы(30минут)
Көмір — өсімдік текті минерал. Жорамал бойынша миллион жылдар бұрын батпақтарда өсімдіктердің шіру өнімдерінің жиналуынан п.б.
С — таза көміртек емес. Ең қатты көмір — антрацит кұрамында 85—95% көміртек бар. Ең жұмсак қазынды шымтезек (торф) көмір болып саналмайды. Шымтезектің түзілуі — көмір түзілу геологиялық процесінің, ең жас сатыларынын бірі. Шымтезек құрамында әлі де өзгермеген өсімдік қалдықтары бар С- мөлшері 50—60%-тен аспайды.
Көмірді ауа қатысынсыз жоғары температурада қыздырғанда айырылу жүреді: ұшқыш заттар (тас көмір газы жене тас көмір шайыры) айдалып, кокс деп аталатын қатты зат калады. Кокс — бағалы өнеркәсіптік шикізат, оны темір кендерін темірге дейін тотықсыздандыру кезінде жоғары температура алу үшін қолданады.
Физикалық қасиеттері. Аллотропиялық түр өзгерістері алмаз, графит,ж\е фуллерен
катар кара бояу (типография бояуы, тушь) және етік майын алу үшің қолданылады.
Адсорбция деп көмірдің немесе басқа қатты, сұйық заттардың өз бетінде газ, бу немесе еріген заттарды сіңіру қабілеті. Беттерінде адсорбция жүретін заттарды адсорбенттер, ал сіңірілетін заттарды адсорбаттар деп атайды. Егер, мысалы, алдымең сия ерітіндісіне ұсак ұнтақталған көмір қосып шайкап, сосын сүзсек, фильтратта түссіз сұйықтық су болады. Себебі еріген сия молекулаларын көмір сіңіріп алады. Мұнда: көмір — адсорбент, сия — адсорбат.Техникада адсорбент ретінде алгомосиликаттар, синтетикалық шайырлар және т.б. заттар қолданылады.
Химиялық қасиеттері. Жоғары температураларда көміртек сутекпен, оттекпен, азотпен, галогендермен, сумен, кейбір металдармен және қышқылдармен әрекеттеседі.
1. Су буларын қыздырылған көмір немесе кокс аркылы өткізгенде "су газы" деп аталатын сутек пен көміртек (II) оксидінің қоспасын алады:
С + Н2О ↔ СО2 + Н2 ∆Н° = 132 кДж
1000°С-тан төмен болғанда, кеміртек СО2 газына дейін тотығады:
С + 2Н2О = СО2+2Н2
CO+ 2Н 2↔сн3он Осы екі реакция катты күйіндегі отынды газ түріндегі отынға айналдыру үшін және өнеркөсіпте конверсиялық жолмен сутек алу үшін пайдаланылады. Сутекті көміртек оксидтерінен бөліп алып, аммиак синтезіне жұмсауға болады.
2. Жоғары температурада көміртек (кокс) металдармен әрекеттесіп, карбидтер түзеді.
СаС2 + 2НС1→ СаС12+С2Н2↑
А14С3+12Н2О = А1(ОН)3↓ → + СН4↑
Электр пештерінде ауа қатысынсыз әктас пен коксты косып қыздырғанда алынатын кальций карбидінің үлкен практикалық маңызы бар:
2СаО + 6С = 2СаС2 + 2СО
Кальций карбида ацетилен алу CaC +2Н2О→Са(ОН)2+ С2Н2↑
Ацетилен жанғанда өте көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны металдардан жасалған бөлшектерді біріктіруге арналған қондырғыларда пайдаланады реакциялар тән. Көміртек көптеген оксидтерді бос металдарға дейін бұл қасиеті кендерден ме¬талл алу үшін колданылады. Металлургияда көмірмен тотықсыздандыру арқылы темір, мыс, мырыш, корғасын және т.б. металдарды алады. 2ZnO+ С = 2Zn+ СО2
Көміртектің қасиеттерінің бірі — оның атомдарының бір-бірімен байланысып, ұзын тізбектер түзуі.
Көміртектің биохимиялық рөлі. Көміртек тірі организмдер үшін ең басты органоген. Бірақ күйе түріндегі бос көміртек және оның монооксиді СО адам үшін зиянды. Ұзақ уақыт күйемен немесе көмір шаңымен жұмыс істегенде қатерлі тері ісігін тудырады (оны бұрын "құбыр тазалағыштар" ауруы деп атаған). Ұсақ көмір шаңы өкпе құрылымының өзгерісін тудырып, оның қызметін бұзады.Көміртек моноксиді СО өте улы, СО-ның уландырғыш әсері, ол қанның гемоглобинімен жеңіл қосылып, оны оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдауға қабілетсіз етеді. Бұл процесс СО молекуласы оттектің молекуласымен электрондық құрылысы бойынша өте ұқсас және оның О2 ге қарағанда гемоглобиннің сақинасындағы Ғе2+ ионына тотықтырғыштық қасиеті жоғары болғандықтан жүреді. СО-мен уланғанда антидот ретінде карбоген деп аталатын -5%-ті СО2 мен О2-нің қоспасы қолданылады. Бұл қоспадағы О2-нің жоғары қысымы ұлпадан СО-ны ығыстырады, ал СО;-нің қанды қышқылдандыру, сондай ақ СО; жоғары қысымының тепе-теңдікке 2СО + О2→ 2СО2 әсерінің нәтижесінде қаннан СО-ның ығыстырылуы жүреді.
1. Тапсырма
Топ элементтерінің физикалық қасиеттерін сипаттап береді
Дескриптор:
Жалпы - 10 балл
1.Тапсырманы орындайды
2. Тапсырма
1. (a) Кремний кремнеземды тотықсыздандыру арқылы алынады.
Реакция теңдеуін жазыңыз.
(b) Кремний (ІV) оксиді суда ерімиді. Оған сәйкес келетін қышқылды қалай алады?
Реакция теңдеуін жазыңыз.
(c) Қорғасын (ІІ) оксидінен қорғасын (ІV) оксидін алу химиялық реакциясы теңдеуін жазыңыз.
2. (a) Көміртек табиғатта жай зат күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі.
Көміртектің маңызды табиғи қосылыстарына мысал келтіріңіз.
(b) Көміртектің қандай аллотропты модификациялық түрлері бар? Олар қайда қолданылады?
(c) Кремний табиғатта қаншалықты таралғанын сипаттаңыз:
Дескриптор
− реакция теңдеулерін жазады;
− табиғатта таралуы және қолданылуы туралы мәліметтер келтіреді.
ІІІ. Сабақтың соңы (..5-6 минут)
Қорытынды:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Жеке жұмыс:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Үй жұмысы: [2] 1 бөлім §38. 162 бет.