СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1940-1950 жж. саяси қуғын-сүргін

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

1940-1950 жж. саяси қуғын-  сүргін сабақ жоспары. Қазақстан тарихы 

Просмотр содержимого документа
«1940-1950 жж. саяси қуғын-сүргін»

Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 11 «А» Пән мұғалімі: Байлина Э.Б.

Күні: 16.02.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: 1940- 1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын- сүргін.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1940-50 жж. ұлт зиялыларының саяси қудалануы.Оларға тағылған айыптар жайлы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: 1940-1950-ші жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып пайдалану дағдысын дамыту; ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоғамдық өмірге бейімделенген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы,еліміздің ғылыми дәрежін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО, топтық, жеке, ұжымдық жұмыстар, сұрақ-жауап, іздену, бағдаршам,еркін микрофон.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекілік: презентация, бейнеролик, қосымша кітаптар, стикерлер, постер, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, тренинг(оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй мен сәттілік тілейді).

ІІ. А.Қызығушылықты ояту.

  • Менің қолымда қандай түсті қағаздар тұр?

  • Өмірдің ағы мен қарасы деген ұғым бар. Осы ұғымды балалар сендер қалай түсінесіңдер?

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық, тарихи тізбектеу, оқиғаның болған уақытын тарихи жылдармен байланыстырамыз.

19

37-38

31-32



18-20

41-45


16



Б.Бейнеролик көрсету. (Қазақ зиялыларының қуғын- сүргінге ұшырауы)

ІІІ. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырма береу әр топ өз тапсырмалары бойынша оқулықтан өздігінен оқып түсіну,постер қорғау.

IV.Мағынаны ажырат. «Тұлғаны таны» (слайдтан суреттер көрсету).

Мына суреттегі тұлғалар туралы кім не біледі?

V.Ойтолғаныс кезеңі.

А.Венндиаграммасы. 1920-30 жылдардағы қуғын-сүргін

1940-50 жылдардағы қуғын-сүргін

Ұқсастығы

1940-1950 жылдар

1920-1930 жылдар






Ерекшелігі, ұқсастығы.

Б. Кім көп біледі? Тест тапсырмалары.

1. Лаңкестік құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы.

А) Қ.И.Сәтпаев

Ә) Ғ.Мүсірепов

Б) С.Садуақасов

В) А.Байтұрсынов

Г) С.Асфендияров

 2.101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:

A) 27 мыңнан астамы.

B) 37 мыңнан астамы.

C) 47 мыңнан астамы.

D) 57 мыңнан астамы.

E) 67 мыңнан астамы.

3.25 жылға бас еркіндігінен айырылып, 1954 жылы ақталып шықты:

A) Е.Бекмаханов.

B) Ә.Марғұлан

C) Қ.Сәтбаев

D) А.Жұбанов

E) М.Әуезов

4.1959 жылы шығармасы әдебиет пен өнер саласында Лениндік сыйлыққа ұсынылған қазақ жазушысы:

A) Ә.Марғұлан

B) М.Әуезов

C) М.Айтхожин

D) С.Мұқанов

Е) Ә.Әбішев

5.КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:

A) Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

B) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

C) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

D) Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов

Е) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин





VІ.Қорытынды.

Кері байланыс: Бағдаршам әдісі. (Стикерге жазып ілу)

-Балалар, бүгінгі сабақта «Өте жақсы түсіндім,

Жақсы түсіндім,бірақ әлі де білгім келеді,

Дұрыс түсінбедім»

«Өз тарихын сыйламаған халық,өзінде сыйламайды». Н.Ә.Назарбаев.

VІІ.Бағалау: Әр топ бірін-бірі бағалау, бағалау парағындағы алған ұпайлары бойынша оқушыларға баға қою.

VІІІ.Үйге тапсырма:&41 оқу, тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер

жинап келу.













































Мұғалімнің өткізген сабағының өздік талдауы.

Пәні:Қазақстан тарихы Сынып:11 «А» Пән мұғалімі:Байлина Э.Б.

Күні:16.02.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: 1940- 1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы

қуғын- сүргін.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1940-50 жж. ұлт зиялыларының саяси қудалануы.Оларға тағылған айыптар жайлы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: 1940-1950-ші жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып пайдалану дағдысын дамыту; ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоғамдық өмірге бейімделенген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы,еліміздің ғылыми дәрежін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау.

Сабақ түрі жағынан сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы негізінде құрылған.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО, топтық, жеке, ұжымдық жұмыстар, сұрақ-жауап, іздену, бағдаршам,еркін микрофон.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекілік: презентация, бейнеролик, қосымша кітаптар, стикерлер,

постер, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, тренинг(оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй мен сәттілік тілейді).

ІІ. А.Қызығушылықты ояту. Бұл кезеңде оқушылардың қызыңушылығын ояту мақсатында төмендегідей сұрақтар қойдым:

  • Менің қолымда қандай түсті қағаздар тұр?

  • Өмірдің ағы мен қарасы деген ұғым бар. Осы ұғымды балалар сендер қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтып,пікірлерін айтты.

Оқушылардың жауаптарымен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырдым.

ІІІ кезеңде

А.тарихи тізбектеу, оқиғаның болған уақытын тақтадан көрсету арқылы тарихи жылдармен байланыстыру, оқушылар ауызша жауап беріп,тақтаға жазып шықты.

Б.Бейнеролик көрсету. « Қазақ зиялыларының қуғын- сүргінге ұшырауы» атты бейнеролик көрсетіп өттім. Сұрақ: біз бұл бейне ролик қай кезеңді айтып тұр, дәлелдеңдер?оқушылар өз ойларын айтты.

IV.Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырып бойынша әр топ өз тапсырмалары бойынша оқулықтан өздігінен түсініп,постер қорғады.

V.Мағынаны ажырат. «Тұлғаны таны» (слайдтан суреттер көрсету).

Сұрақ: мына суреттегі тұлғалар туралы кім не біледі? Оқушылар ауызша жауап беріп,өздері білетін тұлғалар жайлы білетіндерін айтып берді.Сонымен қатар оқушылардың өздігінен ізденіп, зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында топтарға қосымша интернет матералдарын,әдеби кітаптарды пайдаланып, қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлер,әдебиет өкілдері мен ғалымдар жайлы деректер жинақтау үшін тапсырмалар берілді.Оқушылар оқып,тапқан мәліметтермен бөлісті және еркін микрафон әдісін пайдаланып бір-біріне сұрақтар қойды.

VІ.Ойтолғаныс кезеңі. Бұл кезеңде 1920-30 жылдар және 1940-50 жылдардағы қуғын-сүргінді салыстыру үшін венн диограммасын толтыру берілді, топтар өз жұмыстарын салыстыра отырып,ауызша жауап берді.

Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін тест сұрақтары берілді.

Сабақты қорытындылау үшін Кері байланыс: Бағдаршам әдісі бойынша жасалып,оқушылар өз ойларын стикерге жазып ілді.

VI.Түйін сөз : «Өз тарихын сыйламаған халық,өзінде сыйламайды». Н.Ә.Назарбаев. сөзін айта отырып,сабақты қорытындыладым.

Үйге тапсырмаға:&41 оқу, тақырыпқа байланысты қосымша мәліметте жинап келуге бердім.. Сабақ соңында оқушыларды бағалау парағындағы жинаған ұпайлары бойынша бағаладым және «Бағдаршам» әдісімен әр оқушы түйін сөздерін айып стикерге жазып бағдаршамға ілді. Сабақта тапсырмалар мен жұмыс түрлері көп болды және оқушыларға қызықты өтті деп ойлаймын.

Мен алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.