№ | Өтпелі тақырып | Тақырыпша | ҰОҚ тақырыбы | Бөлімше | Мақсаты | Міндеттері | Сағат саны | Күні |
1 | Балабақша | Менің достарым | Топтағы жиһаздар | Өлі табиғат | Жиһаздардын аттарын білу керек және қай бөлмеде орналасатынын білу керек. | Ыдыстар жайлы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ықыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. | 1 | 14.09 |
2 | Менің отбасым | Менің көшем | Күз | Табиғғаты қорғау | Күз мезгілінің неліктен «күз» деп аталатынын түсіндіру. | Күз мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы білімдерін кеңейту: күн суытты, жапырақтар сарғайды, күн қысқарды, құстар жылы жаққа ұшып кетті. Серуенде бақылағандарын сөзбен жеткізе білуді дамыту. Күзгі табиғат құбылыстарын музыка арқылы сезіне білуге тәрбиелеу. | 1 | 12.10 |
3 | Дені саудың жаны сау | Дұрыс тамақтану. Дәрумендер | Жолда жүру ережесі | Тірі табиғат | Бағдаршам оның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. | Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту. Бағдарлай білу дағдыларын дамыту | 1 | 9.11 |
4 | Менің Қазақстаным | Туған өлкем | Мемлекеттік мерекелер | Табиғатты қорғау | Мемлекеттік мерекелер (Қазақстан Республикасы күні, Тәуелсіздік күні, Конституция күні. | Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ой өрістерін дамыту. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. | 1 | 7.12 |
5 | Табиғат әлемі | Жануарлар әлемі | Үй жануарларын күту | Тірі табиғат. | Үй жануарлары мен үй құстары | Үй жануарларынан алынатын сүт, жүн, ет т.б. өнімдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жануарларға қамқорлық жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Қамқорлыққа баулу. | 1 | 11.01 |
6 | Бізді қоршаған әлем | Көліктер | Мамандықтың бәрі жақсы | Табиғатты қорғау | Балаларға адамдардың әртүрлі мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру | Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандықтардың түрлерімен таныстыру ойла қабілеттерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. | 1 | 8.02 |
7 | Салттар мен фольклор | Ертегілер Елінде. Театр әлемі | «Көктемгі еңбек» | Табиғат қорғау | Топтастыру стратегиясын пайдаланып,сөздік қорларын дамыту. | Балаларға көктем мезгіліндегі еңбек түрлерін таныстыру. Балалардың ақыл – ойын, тіл байлығын дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | 15.03 |
8 | Біз еңбекқор баламыз | Ас атасы - нан | Табиғат құбылыстары | Өлі табиғат | Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру.
| Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру. Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту. Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу. | 1 | 12.04 |
9 | Әрқашан күн сөнбесін! | Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері) | «Алақай жаз келді» | Өлі табиғат | Күн сәулесінің адам және өсімдіктер, жәндіктер үшін маңыздылығын көрсету. | Тақпақтар арқылы балалардың тілін дамыту. Жазғы табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. | 1 | 10.05 |