Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:
Тақырып: Біз осындай баламыз 2-сабақ
Құндылық:Тыныштық
Қасиеттер:әдептілік,тыныштық сәтінде дұрыс отыру, шыдамдылық, тәртіп.
Мұғалiм:
Сынып: 2 «Б»
Оқушылар саны: 29
Сабақ мақсаты: Балалардың әдептілік. адамгершілік құндылықтарын үйрете отырып,тынштың мәнін ашу.
Міндеттері:
- Балаларға әдептілік қасиеттерін бойына сіңіру;
-өзіне деген сенімділігін арттыру;
-балаларды жағымсыз қылықтардан аулақ болып, әдепті болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)ертегі,
үнтаспа,«Өзін-өзі тану елінің» суреті, сюжет суреттер.маркер.постор.стикер.фламастер
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.5Т. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
2.Үй тапсырмасын тексеру №2 Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін оқу
-Жақсы болу өзіңнен дегенді қалай түсінесіңдер?
-«Әдептілік»дегеніміз не?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3.Дәйек сөз.
А.Пивеннің «Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» нақыл сөзі
-Өзіңді сүю арқылы басқа адамды қалай бағалайсың?
-Өз бойындағы жақсы қасиеттерің арқылы өзге адамдарға ықпал жасауға болады ма?
-Бойыңыздағы үйлесімді әрекетті атаңыз?
|
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: Балаларға сый
«Құмырысқа мен көгершін» (Үнді ертегісі)
Бір күні құмырысқа шөлдеп өзенге барған екен,суды ағынның қаты жерінен іше бергем дегенде,толқын оны жағадан ағызып алып кетеді.Сол маңдағы ағашта отырған бір көгершін мұны көріп,жаны ашиды да,бір жапырақты тұмсығымен жалма-жан бұтақтан жұлып алып,суға тастайды.Құмырысқа сол жапыраққа жармасп жағаға шығады.Арада бірнеше күн өткеннен кейін көгершін баяғы ағашқа келіп тағы қонады.Сол мезетте құс торушы келіп,оған торын тастауға ыңғайланған екен.Көгершін бұл қауіпті сезбей бұтақта бейқам отыра беріпті.Ал құмырысқа сол маңда жұр екен.Көгершінге қауіп төнгенін сезіп,жорғалап барып,құс торушының аяғын шағып алады.Оның қатты шаққаны соншалық тіпті оның аяғы емес,қолы да қалтырап кетеді.Сол кезде көгершін оны көріп қалып, ұша жөнеледі.
-Құмырысқа мен көгершін бір –біріне қандай жақсылық жасады?
-Сендерде ішкі сүйіспеншілік арқылы қандай жақсылық жасар едіңіздер?
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген жақсы әдеттерімен қылықтарын жазғы демалыста қалай көрсете алғандарын білу мақсатында төмендегідей тапсырмалар беріледі.
1.Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылынады.
2.Суреттерге қарап және берілген сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына постырға сурет салады.
3.Қамқолыққа сөздер құрастыру.
4.Екі жұлдыз.бір ұсыныс айту
|
|
- Топпен ән айту.
«Біз осылай өсеміз»
Сөзі:М.Әлімбаев
Әні: И.Нүсіпбаев
Суда жүзіп өсеміз, Таулар көріп өсеміз
Қырды сүзіп өсеміз. Баулар егіп өсеміз
Күнде қызып өсеміз, Жеміс теріп өсеміз,
Құмда шыжып өсеміз. Жеңіскер боп өсеміз.
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз.
|
|
- Үй тапсырмасы. «Балапан» әңгімесісін оқып келу.
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Бір, екі, үш көзімізді жұмамыз. Әуен ырғағымен сабақта тыңдалған ертегі мазмұнын көз алдымызға елестете отырып, бүгінгі сабақ әрқайсымыз үшін дұрыс әрекет жасауға, ақиқатқа көз жеткізе білуге,
қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен тыныштыққа бөленуге салынған сара жол екенін ұғынайық.
|
|
Просмотр содержимого документа
«2-сынып 2-сабақ Біз осындай баламыз»