СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсы

Нажмите, чтобы узнать подробности

/2-сынып оқушыларына арналған вариативтік курс/

"Қызықты грамматика"

ISBN -

 

                           

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«2 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсы»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ








(2-сынып оқушыларына арналған вариативтік курс)






Авторы: Орынбаева Гаухар Тортаевна

Койшыбаева Элия Жакуповна









Қостанай-2014 жыл

Мазмұны




Түсінік хат


Оқу – тақырыптық жоспар


Бағдарлама мазмұны


Сабақ жоспарларының жинағы


2-сыныптар арналған диктанттар топтамасы


Қолданылған әдебиеттер тізімі

































Түсінік хат

«Қызықты грамматика» - таңдау курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан,есеп үйретуден,табиғатты танытудан гөрі күнделікті өмірде өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту әлдеқайда қиын. Себебі тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді.Олардың көлемі,балаға берілетін білім мөлшері оқушының жас ерекшелігіне,материалды қабылдай алу мүмкіндігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, жаңа бағдарламаға лайықтап жазылған оқулық бойынша оқушыларға тиянақты білім беруді іске асыру үшін, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдіс – тәсілдерін табу қажет.

Бастауыш сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,сөйлеу мәдениетін игере бастайды.Сөздерді дұрыс айтып,дұрыс жаза білу- тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі болғандықтан бұл пәнге арналып жасалған жұмыс аптасына 1сағаттан жылына 34 сағатты құрайды. Бағдарлама мазмұнында әрбір тақырыпқа қысқаша түсінік беріліп, сабақтар жинағында түрлендірілген, қызықты, дәстүрлі, шығармашылық сабақ түрлері берілсе, жұмыс дәптерінде оқушының өздігінен жұмыс жасап, суреттер топтамасы арқылы оқушының ой-өрісін, сөйлеу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар арқылы одан әрі алған білімдерін бекіте, молайта түседі.


Өзектілігі:

  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

  • Сынып ұжымында оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.



Курстың мақсат-міндеттері:

  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіру;

  • тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;

  • Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру;

  • Оқушылардың алдағы уақытта орта буында оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасау;

  • Оқушыны жүйелі, көркем сөйлеу білуіне дағдыландыру;

  • Қазақ тілі грамматикасы мен емлесі туралы оқушыларға түсінік беру;

  • Оқушылардың жазба сауаттылығын арттыру жолдарын қарастыру.





Күтілетін нәтиже:

-  Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-  Ақыл-ойын дамытады;

-  Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-  Тіл байлығы жетіледі;

-  Жан-жақты ізденушілігі артады;

-Шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы өз бетінше ізденеді,талаптанады,ынталанады,көп оқиды.Нәтижесінде ол өз ана тілінде еркін,дұрыс сөйлей білуге дағдыланады.

Пәнаралық байланыс:

Қызықты грамматика сабағын ана тілі, қазақ тілі,дүниетану пәндерімен және халық ауыз әдебиет үлгілерін байланыстыра отырып, өткізуге болады. Бұл пәндер арқылы оқушылар өз елінің тарихымен, әдет – ғұрыпымен, салт-дәстүрімен,халық әндерімен, ұлттық ойындарымен танысады.Бұл жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оның өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болуына өз септігін тигізеді. Әр сабақты түрлендіре отырып өткізсе, бұл нұр үстіне нұр болар еді.


Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау «Қызықты грамматика» оқулығына енген материалдарды оқыту жөнінде мұғалімдерге бағыт беру ғана деп түсіну қажет.Себебі әрбір материалды оқытуда, тіпті сабақты жоспарлаудың өзі әр мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне,дағдысы мен шеберлігіне,ой елегінен өткізіп,творчестволықпен әрекет етуіне байланысты.





















Оқу тақырыптық жоспар

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Дыбыс

1


2

Дыбыс түрлері

1


3

Дыбыс үндестігі

1


4

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


5

Жасырылған мақалды табыңыз

1


6

Сөзжұмбақ шешу

1


7

Жеті киелі сан

1


8

Екпін

1


9

Нақыл сөзді табыңыз

1


10

Буын түрлері

1


11

Практикалық сабақ /б.б.д тексеру/

1


12

Асыл сөздерді жаттайық

1


13

Көркем жазу жарысы

1


14

Комплексті талдау

1


15

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


16

Метаграмманы шеш

1


17

Жазу жазамыз жарысып

1


18

Шарадалар

1


19

Буын үндестігі

1


20

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


21

Өз орныңды тап

1


22

Ойлаңыздар

1


23

Модуль сөздер

1


24

Білгенге маржан

1


25

Ойлан, тап

1


26

Жаңылмай жазу жарысы

1


27

Мақал-мәтелдердің сыңарын тап

1


28

Абайдың қара сөздері

1


29

Екі жақтылы мағыналы сөз

1


30

Сөз баспалдағы

1


31

Адасқан сөздер әлемі

1


32

Тұрақты сөз тіркестері

1


33

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


34

Қорытынды, қайталау

1



Барлығы

34 сағат









Бағдарлама мазмұны

1. Дыбыс- дыбыс түрлерін ажырату, қазақ әліпбиіндегі әрбір әріпке сөздер айтқызып, сөз тіркестерін құрату.

2.Дыбыстүрлері-дауысты,дауыссыздыбыстарды

ажырату,дауыссыз үнді,қатаң,ұяң дыбыстар жайлы мағлұмат беру


3.Дыбыс үндестігі –дыбыс үндестігі жайлы ойларын кеңейту

4.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын тексеру


5.Жасырылған мақалды табыңыз - халқымыздың рухани қазынасы болып табылатын мақал-мәтелдермен оқушыларды таныстыра отырып, олардың бөліктерін тапқызу

6.Сөзжұмбақ шешу - суреттер топтамасымен жұмыс жасай отырып, оқушыларға олардың атына құрылған сөзжұмбақты шешкізу.


7.Жеті киелі сан - қасиетті жеті санының ұлттық құндылықтарын түсіндіру. Жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті ғалам, жеті жоқ, жеті жетекші т.б. ұғымдарме таныстыру.

8.Екпін– бұл тақырыпта екпін туралы білім қалыптастыру


9.Нақыл сөзді табыңыз – берілген сөздердің ішінен нақыл сөздерді

тауып, олардың мағынасын ашу

10.Буын түрлері- буын түрлері туралы ұғым қалыптастыру, олардың

шартты белгілерімен таныстыру


11.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын тексеру

12.Асыл сөздерді жаттайық - қазақ ұлыларының, би-шешендерінің сөздерінен үзінділермен таныстырып, жаттатқызу.


13.Көркем жазу жарысы – алдын-ала дайындалған 4-5 сөйлемнен тұратын мәтіндерді жұппен жұмыс арқылы жазғызып, тексерту

14.Комплексті талдау- оқушыларға комплексті талдау түрін үйрету


15.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша

білім,білік,дағдыларын тексеру

16.Метаграмманы шеш- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту


17.Жазу жазамыз жарысып – оқушыларды хат жазу үлгілерімен

таныстырып алыстагы туыстарына хат жазу жолдарын үйрету.

18.Шарадалар- қызықты шарадалар арқылы үй жануарлары, үй құстарының, аңдардың аттарын дұрыс айтып, дұрыс жазуын бақылау.


19. Буын үндестігі-буын үндестігі жайлы ойларын кеңейту

20. Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша

білім,білік,дағдыларын тексеру


21.Өз орныңды тап – жаңылтпаш, жұмбақ, анаграммалар арқылы ойындар

жүргізу, сөздік қорларын молайту.

22.Ойлаңыздар- қазақ тілінің әлемдегі орны туралы оқушыларға қызықты деректер беру. Олардың ойларын ауызша сұрау.


23. Модуль сөздер-сөздерді жазғызып, оқушыларды сөйлем құрауда оларды орынды қолдана білудің тиімді жолдарын үйрету.

24. Білгенге маржан – оқушыларға қазақ тілі туралы қызықты

деректер ұсына отырып, жыл бойы оқып білгендерімен бір-бірімен

бөлісу жұмыстарын жүргізу.


25.Ойлан, тап- сөзжұмбақтар шешу, суреттер топтамасымен жұмыс арқылы сөздік қорларын молайту, сөздердің дұрыс жазылу емлелерімен таныстыру

26.Жаңылмай жазу жарысы – диктант түрлерін жазғызу арқылы жаңа

сөздермен оқушыларды таныстыру,сөздердің мағыналарын ашу


27.Мақал-мәтелдің сыңарын тап- берілген мақалдың сыңарын

тауып,мағынасын ашу

28. Абайдың қара сөздері- қара сөздерді жаттау,сол сөздердің

мазмұнын ашу


29.Екі жақтылы мағыналы сөз- сөздер ойлап жазу,сол сөздерден

сөйлем құрап, сөз таптарына талдату

30. Сөз баспалдағы - 2-ден-10 әріпке дейін сөздер жазу


31. Адасқан сөздер әлемі- орны ауысқан әріптерден сөздер құрастыру, сол сөздерге комплексті талдау жасау

32.Тұрақты сөз тіркестері- тұрақты сөз тіркесі туралы білімдерін толықтыру, сөз мағыналарын қарапайым тілмен түсіндіру


33. Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша

білім,білік,дағдыларын тексеру

34. Қорытынды, қайталау - жыл бойы өткенді қайталау, бекіту.












Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қызықты грамматика»- Рахмет.З. Тайтуғанова Г.

  2. «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау - Балақаев М. Уәйсова Г.

  3. «Жеті қазына» – Кенжеахметұлы С.

  4. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы»
    Алматы «Мектеп» 1987ж.

  5. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 2-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.

Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова
























РЕЦЕНЗИЯ

Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 2-сынып оқушыларына арнап құрастырылған. Бұл бағдарлама «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау - авторлары Балақаев М. Уәйсова Г. мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі», «дүниетану» , «ана тілі »пәндерімен тығыз байланыста жасалған.Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың ой қорыту қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Дүниетану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың дүниетанымын , Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.Бағдарламаны құрастыру барысында оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын үнемі бақылап отыру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін жетілдірумен қатар, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.


Бағдарлама авторлары:

бастауыш сынып мұғалімдері

Орынбаева Г.Т. ; Койшыбаева Э.Ж.