СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 сыныпты? ?зін-?зі тану п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ашы? саба? 2 сыныпты? ?зін-?зі тану п?нінен "К?ш бірлікте" та?ырыбына ??растырыл?ан. Ашы? саба? ?ыс?а мерзімді саба? т?рінде жоспарлан?ан.

Просмотр содержимого документа
«2 сыныпты? ?зін-?зі тану п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар»

Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сынып: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте

Сабақтың мақсаты:   “Бірлік” ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және “достық” адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-бірлік туралы түсінік беру:

-көпшіл болу іскерліктерін дамыту:

-бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу:

Құрал жабдықтар: карта, кеспе әріптер мен сөздер, алмалар, ноутбук

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже: “Бірлік” “достық” ұғымының адамгершілік құндылығы туралы түсініктері кеңейеді.

Жұмыс кезеңдері


Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру түрі

Бағалау

Қолданылатын модуль

Мотивация


Шаттық шеңбері

2 мин.

-Балалар, мен сендерді дәстүрлі шаттық шеңберін құруға шақырамын. Кәне, күн құсап дөңгелене тұра қаламыз..


-Енді жұп болып тұрамыз, алақан алақанмен амандасады
Иық иықпен
Арқа арқамен
Аяқ аяқпен
Құлақ құлақпен
Мұрын мұрынмен сәлемдеседі.

-Ал, енді көңіл күйіміз көтерілді ме? Орнымызға отырайық.

Сыныптың сабаққа дайындығы.


Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабақты бастаймыз.




жеке



Қызығушылығын ояту

3

мин.


І топ: «Татулық»

ІІ топ: «Бірлік»

-Сабағымыздың тақырыбы «Күш бірлікте». Бұл сабақта біз бірлік күші неде екенін білетін боламыз. Ол үшін көптеген елдерге саяқатқа барамыз.
-«Ынтымақ» еліне
-«Бақыттылар» еліне
-«Сыйластық» еліне
- «Достық» еліне
«Бірлігі күшті ел»

-Бірлік-дегеніміз адамдар бір-біріне көмектесіп,бірлесіп еңбек етуге ұмтылу.Достармен достасу,өзара тіл табысып,тек қана бір-біріне жақсылық ойлап,жақсы сөздер айту.Бір жұмысты бірігіп орындап аяқтау керек. Бір-бірімізге кешіріммен қарау керек.

Видеофильм көру.

Әр оқушының кеудесіне әріп жапсырылады. Сол әріптерді дұрыс қою арқылы жаңа  сабақтың тақырыбын ашады.

жеке


АКТ

Білу

15

мин.

«Ынтымақ» елі

Оқулықпен жұмыс

Жаңа ақпарат.

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

І топ: КӨРІНІС «Ырыс алды – ынтымақ»

ІІ топ: сурет салу.


жеке

стикер арқылы

БжК



2 мин

«Бақыттылар» елі

Сергіту сәті:



АКТ

Түсіну






5 мин

«Сыйластық» елі

Деңгейлік тапсырмалар беру.


Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелді аяқтаңдар.

*Ынтымақ түбі - ... .

*Бірлік, ынтымақ-байлық, ... .

* ... табылмас бақыт.

Керекті сөздер: береке, бақ, татулық.

жұптық

бас бармақ

СТО


Қолдану

5 мин

«Достық» елі

Ойын «Күш бірлікте»


Шарты: Бір балаға бір қорап және қалған балалардың барлығына бір қорап беріледі.Шаблон,ойыншықтар және т.б бір балаға және топ балаға жинату ұсынылады.

жеке, топтық

мадақтау

ЖЕБО,

ОүБ


Талдау

10 мин

«Бірлігі күшті ел»

-Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары шат - шадыман, бір - бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір - біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр. Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл ел қай ел деп ойлайсыңдар?
Бұл - қазақ елі.

«Біздің сынып» тақырыбына эссе жазу.

жеке

бағдаршам

ТжДБЖ


Жинақтау

3 мин

Жүректен жүреккке.

«Дос болайық бәріміз» әні.

жеке

мадақтау

ТжДБЖ


Үйге тапсырма : Үйде барлық отбасымен бірлесіп жасайтын жұмыстар тізімін жасап келу.