СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

20-ғасыр әдебиетіне шолу

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы әдебиетіне шолу жасау

Просмотр содержимого документа
«20-ғасыр әдебиетіне шолу»


Сынып: 9 «ә» сынып Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 «Ә» Күні: 9 ақпан 


Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму арналарымен таныстыру, жаңа мәліметтер бере отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: танымдық белсенділігін арттыру, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін салыстыра отырып өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру есте сақтау қабілетін дамыту

3. Тәрбиелік: өз ойын ашық айта білуге үйрету, мейірімділік, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы ұғымдарын тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Пәнаралық байланыс: тарих 
Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастырушылық кезеңі 1.Оқушыларды түгендеу2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырма: Абайдың қара сөздері

ІІ. Жаңа сабақ. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

Кез-келген ұлттың әдебиеті тарих сахнасында қандай оқиғалар орын алуда, сол оқиғаларды көркем тілмен жеткізіп беріп отырады. Тарих пәнінен өткен оқиғаларды еске түсірейік. ХХ ғасыр басында қандай тарихи оқиғалар орын алып еді?

ХХ ғасыр Ресей отары болған ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда кертартпа саясат өрістеген, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюімен басталды. Патша үкіметі Қазақстанның байлығын талан-таражға салып, тегін пайдалануды, шұрайлы жерлерді тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруды, халықтан алынатын алым-салықтарды көбейту, зорлықтың күшеюі ел ішіндегі патшаның отаршылдық саясатына деген қарсылықты одан әрі күшейтті. Ресей үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі (1917 ж. дейін) қазақ жерін отарлау шаралары қазақ даласына үлкен нәубет әкелген болатын. Осы мезгілде 45 млн гектар егіншілікке жарамды құнарлы жер казак әскерінің, орыс қоныс аударушылардың, сондай-ақ мемлекеттің пайдасына өтті. Бұл барлық қазақ жерінің 16%-ға жуығы. 1896—1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 млн-нан астам келімсектер, яғни империяның азиялық бөлігіне қоныс аударушылардың үштен бірі келіп орналасты. Өкінішке орай ішкі Ресейден,  қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы, белгілі дәрежеде, отарлау саясатының құрбанына айналды, «жайлы мекен, жұмак жер» үшін өзі сияқты басқа жұрт бұқарасын құнарлы жерінен, ата қонысынан айыруға атсалысты. Егіншілікке жарамды қазақ жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының ііайда болуы дөстүрлі казак шаруашылығын күйзеліске ұшыратты.  «Қазіргі уақтта, өкінішке орай, — деп жазды Жетісу қазақтары облыс губернаторы атына жолдаған хатында, — қазақтардың басым көпшіліғінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп-конуға қуаты жок, сондықтан да олар жерге біржола шөкті, ал мұндайларды қазақтар  «жатақтар» деп атайды». Мұндай құбылыс барлық қазақ облыстарына тән болатын. 


ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғалар 
Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстандырылуы 1,4 млн 
Алым-салықтардың көбеюі 
1905 жылғы алғашқы буржуазиялық революция 
Бұл кезеңнің тек қана жағымсыз жақтары ғана емес, жақсы жақтарының да болғаны айтылады. Олар орыс тілінде оқытатын мектептердің ашылуы мен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісінің өрістеуі.Мерзімді басылым тарихын, әсіресе ұлттық баспасөз тарихын қарау-бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық. Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың, оның ішінде, ғасыр басында дүниеге келіп, бірі қысқа, бірі ұзақ өмір кешкен басылымдардың тарихына да байланысты. ХХ ғасырдың бас кезінде қысқа мерзімді болса да «Серке», «Қазақ газеті», Троицкіде «Айқап» журналы шығып тұрды. «Серке» газеті - 1907 жылы  татардың «Улфат» (қазақша мағынасы - бірлесу, келісім) атты газетіне қосымша ретінде шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Сірә, ол «Улфаттың» 1907 жылғы 28-наурыздағы №84 санының қосымшасы болса керек. Аталмыш газет патша цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылып калған.«Серкені» алғаш ұлттық газет ретінде таныған М. Дулатов болатын. «Серкенің» не жазып, не айтпақ болғаны, бағыт-бағдары мен мақсаты, неліктен «Серке» атанғандығы туралы М. Дулатов газеттің бірінші санында жариялаған «Жастарға» деген өлеңі мен екінші санына даярлаған «Біздің мақсатымыз» атты бас мақаладан көруге болады.ХХ ғасырдың алғашқы он жеті жылы ішінде қазақ тілінде 200-ден астам кітап шықты. Бұл кітаптардың көпшілігі ауыз әдебиетінің үлгілері еді. Сонымен бірге Абай, Ыбырай, Міржақып Дулатов, Спандияр Көбеев т.б. ақын-жазушылардың кітаптары жарық көре бастады.Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі даму тарихына зер сала қараған адам жалғасын үзбей келе жатқан ұлттық идеяны байқайды. Бұл идея-халық бірлігі, тәуелсіздік, дербес ел болу. Ахмет Байтұрсынұлы «Маса» атты өлеңдер жинағында өз ойын ашық айтып, «масадай ызыңдап» ұйқыдағы қазақты оята бастады. 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы Ахметті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиеттанытқыш» деген зерттеу еңбегінде әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдеби жанрларға тұңғыш рет ғылыми атау беріп, тұжырымдар жасайды, кейіптеу, әсірелеу, өлең, тармақ, шумақ, бунақ, алмастыру, шендестіру сияқты ұғымдарға анықтама береді.

Тұңғыш рет роман жарық көрді. Ол-М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» деген роман. 
 Сабақты қорыту 

Үйге тапсырма: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Мазмұндау. Қосымша мәліметтер қарастыру. 
Бағалау