Сабақ мақсаты Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу.
Міндеттері: - қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту;
- шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамытыу;
- жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, дәптер,оқулық,ертегі,
слайд
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ана қиялы» атты аңызды айтып беру.
-Ана өз армандарын балаларына қалай жеткізеді?
-Қалай ойлайсыңдар, ананың арманын қалай жүзеге асыруға болады?
-Ал өз армандарыңды қалай жүзеге асыра аласыңдар?
Армандарды жүзеге асыру үшін не істеу керек?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3.Әңгiмелеу (сұхбат)
Балаларға сый «Үш жалқау»ертегісі
Ертеде үш жалқау болыпты. Үшеуі бірінен –бірі өткен жалқау екен. Бірде үшеуі алма ағашының астында саялап жатып, армандап, біріншісі:
-Ой, шіркін алма ағашындағы алма қашан тезірек піссе екен- дейді.
Ал екіншісі:
-Ауызға келіп түссе екен дейді.
Үшіншісі:
-Ой соны да армандап,айтуға да шаршамайсыңдар ма ?дейді.
|
Әңгімені талдау, ой өрбіту, өмірлік сабақ алу.
|
4. Дәйек сөз.
«Армансыз адам болмайды» деген халық даналығының мағанасын түсіндіру.
|
Дәйек сөздің мағынасын ашу, дәлелдеу, дұрыс қадам жасауға әрекет ету.
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1.Жаттығу – ойнау
Оқушылар үш топқа бөлінеді . Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ парақтарға өз ойларын жазады.Және жария етеді.
1-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.
2-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.
3-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.
2.“Менің арманым”
каллаж құрастыру
|
Топпен жұмыс кеңесіп, келісіп жұмыстану.
|
Топпен ән айту
Бала тілегі
Сөзін жазған :С.Молдасанұлы
Әнін жазған:Ф.Жолдасова
Бал-балалық ,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған .
Кел достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын-бесік-ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтасын көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көгерсін,
Ұлы Отаным,тілегімсол елімде
|
Топпен ән айту құндылықтарды білу, тыныштық, махаббат, қуаныш сезімдерін сезіну.
|
7.Үй тапсырмасы.«Ата өсиеті» мәтінін оқу
8. Дәптермен жұмыс.
Ата-анаңның,жақындарының жас кезіндегі және қазіргі кездегі армандары туралы сұхбат жүргізіңдер.
”Менің жарқын болашағым” тақырыбында сурет салу
|
Шығармашылықпен өз беттерінше жұмыстану.
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. Нұрға бөлен
Бір, екі, үш көзімізді жұмамыз. Әуен ырғағымен сабақта тыңдалған аңыз-әңгіменің мазмұнын көз алдымызға елестете отырып, бүгінгі сабақ әрқайсымыз үшін дұрыс әрекет жасауға, ақиқатқа көз жеткізе білуге, қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен тыныштыққа бөленуге салынған сара жол екенін ұғынайық.
|
Сананы рухани құндылықтармен жетілдіру.
|