Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқыту әдістері | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту | Мұғалім оқушылармен амандасады, Психологиялық ахуал қалыптастырады. сергіту сәтін жасайды Жер шары - ұлы әлем Қоршалған біздермен Ауадан тыныс ап, Өседі ырыс –бақ. Сабақтың тақырыбына байланысты метерологиялық құралдардың суреттері бойынша топтарға бөледі | 1.Оқушылар амандасады. 1-топ-«Барометр» 2-топ-« Термометр» 3-топ-«Флюгер» | СТО технологиясы жеке жұптық, топтық жұмыс (шығармашылық ), талдау, зерттеу, сұрақ- жауап , кері байланыс, диалог. | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалау парақтары таратылады | АКТ,оқулық, үлестірме қағаздар (топшамалар), А3. |
Еске түсіру | Сөздікпен жұмыс Климат, ауа-райы, жауын-шашын, салыстырмалы ылғалдылық, абсолюттік ылғалдылық , атмосфералық қысым, жаңбыр, ауа массалары, бұлт | Ойын түрінде бір оқушы карточканы алып тақтада шартты белгімен кескіндейді, ал балалар шешуін табады (Оқушылар ауызша жауап береді). | Топтық жұмыс | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | кеспе қағаздар |
Мағынаны тану | 1.Өз өлкеміздің климаты Климат қалыптастыратын себептер: *географиялық ендік *географиялық орны *жер бедері *ауа массаларының әсері | 1.Қазақстанның климатын мысалға ала отырып,климат қалыптастырушы себептерді талдау Қорытынды: еліміздің климаты шұғыл континентті | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар |
Өз өлкеміздің климаты | Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы: *климат *ауа температурасы *орташа жылдық жауын-шашын *жыл ішінде соғатын желдер бағыттары *климаттың шаруаш маңызы | | Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту | 1- тапсырма бойынша оқушылар жеке орындап, топта бір –бірін тексереді. | |
Сарамандық жұмыс-дәптерде орындалады | 1.Мұғалім оқушыларды сарамандық жұмыстың жоспарымен таныстырады. Жоспармен танысып болған соң топтық жұмыс: 1.Өлке климатына есептер шығару 1- тапсырма бойынша орындалатын жұмыстар: 1-топқа тапсырма 1-есеп: жергілікті жердің тәуліктік температурасын ала отырып, орташа тәуліктік температураны және ауытқу амплитуданы есептеу. Түн- -2*С; Таң- -3*С Күндіз- -3*С Кеш- -1*С Шешуі: қосындысы: -9:4=-2,2 2-есеп . Тау етегінде температура +22*С, ал тау шыңында температура – 18*С.Тау биіктігі қанша? Шешуі: +22-(-18)=40*6=2400м 3.Жел өрнегін тұрғызу. Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен3күн,шығыстан 5күн, солтүстік- батыстан 3күн соқты. 2-топқа жұптық тапсырма 1-есеп: жергілікті жердің айлық температурасын ала отырып, орташа айлық температураны және ауытқу амплитуданы есептеу Шешуі: 2- есеп. Ұшақ қанатында температура -30*С көрсетсе,жер бетінде температура +24*С болса,ұшақ қандай биіктікке көтерілген. Шешуі:24-(-30)=60*6=3600м 3.Жел өрнегін тұрғызу. Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен 3күн,шығыстан 5күн, солтүстік- батыстан 3күн соқты. 3- топқа тапсырма 1-есеп:жергілікті жердің жылдық температурасын ала отырып, орташа жылдық температураны және ауытқу амплитуданы есептеу. 2-есеп Жер бетіндегі температура +20*С болса,3 км биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ бортының температурасын анықта Шешуі: Т -1(жер бет.) 20С h- 3 км 1) 3*6=18 2) 20-18=2* 3.Жел өрнегін тұрғызу. Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен3күн,шығыстан 5күн, солтүстік- батыстан 3күн соқты. | Әр топ тапсырмаларды жұппен орындайды да тексереді | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | Оқушылар 1-тапсырманы топпен орындап, кейін әр топ бір –бірін тексереді Табыс критерийі: *Есеп толық шығарылған 5 ұпай *Есеп жартылай шығарылған 3 ұпай *Шығарған бірақ қатесі бар 1 ұпай | Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар |
2-тапсырма сәйкестендіру тест | 1.Жел А.Тәулік ішінде бағытын 2 рет өзгертетін жел 2.Желбағар Ә.Ауаның қысымын өлшейтін құрал 3.Бриз Б.Тәулік ішінде бағытын 2 рет өзгертетін жел 4.Муссон В.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал 5.Гигрометр Г.Желдің бағытын өлшейтін құрал 6.Барометр Д.Ауаның горизонталь бағыттағы орын ауыстыруы | Сәйкестендіру тестсін әр топ жеке орындап,бір – бірін топта сағат тілінің бағытымен тексереді. | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | Бағалау критерий 6 сұрақ - 5 ұпай 5 сұрақ -4 ұпай 3-сұрақ - 3 ұпай | Кеспе қағаздар |
Сергіту сәті | | Жел соқты гу-гу Жаңбыр жауды тырс-тырс Жаңбыр басталды Күн ашылды. Жел улейді у-у Құйын келіп билейді зу-зу Қатты, қатты жел соқты гу-гу Жапырақтар қол соқты ду-ду | | | |
3-тапсырма «Қатені тап!» | 1. Ауа райының элементтері топырақ, су, теңіз,мұхит,өсімдік болып табылады. 2. Барлық атмосфералық құбылыстар стратосфера қабатында болады. 3. Ауа райына тән қасиет - тұрақтылық. 4. Ауа райы тек 1 жылда ғана өзгереді. 5. Ауа райы болжамы телефон арқылы көпшілікке хабарланады. 6. Ауа массаларының қасиеті ең алдымен белдеулік орнына байланысты. | | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | | |
4-тапсырма тест | 1.Атмосфера дегеніміз- А)Жердің сыртқы ауа қабаты В)Жердің су қабаты С)Жердің тас қабаты Д)Жердің тіршілік қабаты 2.Ауанық құрамындағы оттегінің мөлшері- А)21 В)39 С)57 Д)78 3.Атмосфера құрамындағы тіршілікке ең қажеттісі: А)Азот В)Көмір қышқыл газы С)Оттегі Д)Аргон 4.Биіктігі 50-55 км-ге дейінгі атмосфера қабаты: А)Стратосфера В)Тропосфера С)Тропопауза Д)Атмосфераның жоғарғы қабаты 5.Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температуралардың арасындағы айырмашылық: А)Өзгеріс В)Тәуліктік ауытқу С)Ауа температурасының жылдық ауытқу Д)Жылу 6.Жер бетінен 100 м-ге көтерілген ауа температурасы: А) -60*С төмендейді В) +60*С -ге көтеріледі С) 100*С төмендейді Д)0,6*С-ге төмендейді 7.Алғаш барометрді ойлап тапқан: А)А.Гумбольдт В)М.Поло С)Торричели Д)А.Никитин 8. «Жеңіл жел» деген мағынаны беретін француз сөзі: А)Барометр В)Бриз С)Градус Д)Процент 9. Шарбы бұлттар пайда болады: А)4 км-дегі биікте В)5 км-де С) 6 км-ден аса биікте Д)10 км-де 10.Жауын-шашынның қатты түрі: А)Жаңбыр В)шық С)қар Д)тұман | Слайдтағы дұрыс жауаппен салыстырып,бағалайды тест жұмысын жеке орындап бір – бірін топта сағат тілінің бағытымен тексереді. | Оқушылар бірін-бірі бағалайды. | Бағалау критерийі 10-9 сұрақ «5» 8-7- сұрақ «4» 6-4-сұрақ «3» | |
Шығармашылық жұмыс | Ауа райын алдын ала болжау адамзатқа не үшін қажет?(барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.) | 1-топқа:алдағы күннің ашық болатынына болжам жасайды 2-топқа:ауа райы бұзылар алдында қандай белгілердің байқалатынына болжамдар келтіреді 3-топқа:жыл мезгілдеріне | Көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | | |
Бағалау | Бағалау парағындағы ұпайларды санау топ басшыларына тапсырылады | | ОүБ және оқуды бағалау | | |
Рефлексия | Сабаққа қатысушы мұғалімдерге де 2 жұлдыз бір тілек жазу стикер таратылады. | оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады. | | | |
Үйге тапсырма | §38 1.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды аяқтап келу. 2.Алдағы екі күндік ауа райын біліп,салыстырмалы түрде айту. | | | | |
Сабақтың соңы: | Қол ұстасып тұрайық, Жарты шеңбер құрайық. Көріскенше күн жарық, Сау - саламат, болайық! | | | | |