Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.01.2020 ж
Тәрбиеші: Испаева Б.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Аңдардың қысқы қызығы»
Тақырыбы: 5 саны мен сан белгісі
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: тәртіпке,реттілікке тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту,
-Оқыту: Балаларды 5 санымен таныстыру. Бірден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау, сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйрету
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету:үлестірмелі матеиралдар,сандар
Билингвалдық компонент:бес пять,сан цифр,қоян заяц,сәбіз морковь
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
II. Негізгі бөлім: Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-2-ші күні,қалай атайды? Сейсенбі.
-Өткен оқу қызметінді қандай санмен таныстық ?
Дұрыс 4 санымен.
-Кәне кім 4- ке дейін санап береді?
1-2 балаға санату.
Есік қағылады.
Осы кезде Сара апай келеді, қолында сыйлығы бар.
Балалар амандасады.
-Сыйлығын табыстайды.
-Балалар рахмет айтады.
Сыйлықты ашпай үстелге қоямын.
-Балаларға 5 санын көрсетіп, қандай сан екенін сұраймын.
Бәріңде балалар 5 санын жақсы біледі екенсіңдер.
Бүгінгі сабақта осы 5 санымен танысамыз.
-Балаларға 5 – ке дейінгі сандарды көрсете отырып жолақшаға қоямын.
-Енді осы санды кім ретімен санап береді?
1, 2, 3, 4, 5. ( 1 -2 балаға санатамын)
-Балалар кім 5 –ке дейін санамақ айтады?
-Бір үйде біз нешеуміз.
-Кел санайық екеуміз.
-Бас бармақ –атам.
-Балалы үйрек –әжем.
-Ортан терек –әкем.
-Шылдыр шүмек –апам.
-Кішкене бөбек –мен.
-Бір үйде біз нешеуміз?
-Бір үйде біз бесеуміз.
-Бір дегенім –бірлік.
Онсыз болмас –тірлік.
-Екі дегенім – еңбек.
Еңбек бәрін – жеңбек.
-Үш дегенім –үлес.
Үлес үшін- күрес.
-4 дегенім – терме.
Тұрған жақсы –ерте.
-5 дегенім – белең.
Сан үйреніп келем.
Өте жақсы балалар, санамақты жақсы біледі екенсіңдер.
-Енді Сара апайдың сыйлығын қарайық, қандай сыйлық әкелді екен.
-Не әкеліпті балалар?
-Қояндар әкеліпті.
-Неше қоян әкеліпті балалар?
-Дұрыс 5 қоян.
-Балалар сендер қоян туралы өлең білесіңдер ме?
-Я (сұр қоян)
-Ендеше балалар осы өлеңді қимылымен айтып денемізді сергітіп алайық.
Ұзын құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен.
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-Балалар тағы да қоянды санайды.
-Балалар қоян қандай тамақ жейді?
-Дұрыс сәбіз?
Ендеше балалар мен Гүлмира апайдан сәбіз әкелейін.
Тәрелкімен сәбіз әкелемін.
-Қоянға сәбізді кім таратады?
-Қоянға сәбіз жеттіме?
-Жоқ.
-Кім айтады неше сәбіз жеткен жоқ?
-Бір сәбіз.
-Тағы бір сәбіз әкелем.
-Қоян нешеу балалар?
5-еу.
-Сәбіз нешеу?
5 –еу.
-Сәбіздің түсі қандай?
-Қандай фигураға ұқсайды?
-Үлкен қоян қайсы, кіші қоян қайсы?
Дид. Ойын; «Қай сан жоқ?, Көршісін ата»
Қорытынды: Балалар қандай санмен таныстық? Дұрыс 5 санымен.
-Қандай ойын ойнадыңдар?
Балаларды мадақтау.
Сабақты бекіту