СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сынып"Алғашқы адамдардың өмірі"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің алғашқы адамдарды туралы түсінік алды

Просмотр содержимого документа
«5 сынып"Алғашқы адамдардың өмірі"»

Пән: Қазақстан тарихы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектебі:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Қатысқандар

Сабақ тақырыбы:


Алғашқы адамдардың өмірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.1 Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау


Сабақтың мақсаты:

Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау

Бағалау критерийі

Антропологиялық қалыптасудың негізгі сатыларын біледі

Тілдік мақсаттар

питекантроп, антропология, кроманьон берілген терминдердің мағыналарын түсінеді, сипаттайды

Құндылықтарға баулу

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Биология: онда балалар алғашқы адамдардың шығу тегін суреттер арқылы салыстырады, сипаттайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Ежелгі адамдардың қалыптасуын біледі, ежелгі Қазақстанның территориясында тұрған ежелгі адамдардың құндылықтарын түсінеді

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


0-5 мин

М: Көтеріңкі көңіл, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Пазл» әдісін қолданып ежелгі адамдардың бейнесін құрастыру арқылы үш топқа бөл:питекантроп, антропология, кроманьон


Сабақтың ортасы


6-35мин


Т: Тақтадағы және алдарындағы ежелгі адамдардың суреттеріне қарап бүгінгі өтетін тақырып пен сабақтың мақсатын мұғалімнің көмегі арқылы анықтайды.

Жаңа сабақ: М: Тақтадағы суретке назарларын аударып ежелгі адамдар мен бүгінгі адамдардың түр тұлғаларын салыстырып сипаттау.


Т: Тапсырма:Суреттерді салыстырыңдар

Т : Питекантроп, антропология, кромань он сөздерінің мағыналарын « Жүгірме диктанты »әдісі арқылы әрбір сөздің анықтамасын толық жазады

М:Бейнеролик арқылы ежегі адамдардың антропологиялық даму түр тұлғасы көрсетіледі.

5.Т:Уақыт сызығына сүйене отырып әр адам типінің дамуы қанша уақытқа созылғанын есептейді


1 млн жыл бұрын питекантроп

100-35 мың жыл бұрын неандерталь

40-35мың жыл бұрын кроманьон


Сергіту сәтті:«Би қара жорға» Шаршағандарын басып ойларын жинақтап, тың ойлар айтуға бағыттау

6.Кесте толтырады:

Дескриптор: 1. Әрбір жұп кем дегенде 3 ұқсастығы мен айырмашылығын жазу керек.

Жұптық талқылау, талдау, тақырып бойынша шешім шығару.

Баспармақ әдісі арқылы мұғалім оқушылардың дайындық деңгейін бағалайды, кері байланыс жасайды


Даму кезеңі

Антропологиялық сипаты








Сабақтың соңы

36-45 мин




Тапсырма: Мына сөздерді пайдаланып «еңбек», «ойлау», «сөйлеу», «өмір сүрудің нақтылығы» сұраққа толық жауап беріңдер

Адамның эвалюциясы қалай қалыптасты?


Дескриптор: - адам қалыптасуэвалюциясын дұрыс анықтайды

-адамның антропологиялық даму кезеңдерін ашады

-адам болып қалыптасу факторларын түсіндіреді

Тапсырманы орындап болғанан кейін сабағымыздың мақсатына оралып сұрақтарға нақты жауап береді:

Мақсатымыз қандай еді?

Адам дамуының қай кезеңдерімен таныстыңыздар?

Бір-біріне қалай ерекшеленді?

Рефлекция: «жүректен жүрекке» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі сонымен қатар тақырыпты қаншалықты түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жапсырады

5 сынып Қ. Тарихы жоба кітабы

Дифференциалды оқыту





Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау



Жүгіртпе диктант тапсырмасы саралап оқытуда оқушыларды есте сақтау қабілеттеріне қарай жоғары деңгейдегі оқушылар мен орта деңгейдегі оқушылар қаншалықты жылдам және нақты анықтамасын толық беретіні анықталады.

Бекітуге берілген сұрақта жоғары деңгейдегі оқушылар нақты және дәлел арқылы жауап береді.








Кері байланыс жасау арқылы мұғалім оқушыларды ынталандырып ары қарай жұмыс жасауға деген зейінін шоғырландырады.

Бас бармақ әдісі бойынша жұптық жұмыстарын бағалау.

Рефлексияда тақырыпты қаншалықты түсінгендері анықталады сонымен қатар сабақтағы көңіл-күйлерімен бөліседі

Сергіту сәтті арқылы оқушылар шаршағандар басады