СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сынып "Отбасы жарастығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сынып арналған сабақ "Отбасы жарастығы" Отбасы қарым - қатынастарын түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу.

Просмотр содержимого документа
«5 сынып "Отбасы жарастығы"»



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №45 ОЖББМ Мерзiм: 21.11.2016ж

Мұғалiм: Хабиева А.Ж. Сынып: 5 «а»

Оқушылар саны: 24 Тақырып: Отбасы жарастығы №11

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: татулық, мейірімділік, жанашырлық


Сабақ мақсаты:Оқушыларға отбасындағы жарасым қарым - қатынас туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды отбасына шынайы жанашырлық жасауға үйрету;

- оқушылардың бойындағы татулық қасиеттін дамыту.

- оқушыларды риясыз сүйіспеншілік жасауға, мейірімділікке, тәрбиелеу;


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш


Тыныштықсәтi: «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру №11 сабақ. «Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме

- Қария патшаға адам бойындағы қандай қасиеттерді аққағазға жазып берді?


  • Отбасының сыйластығы мен татулығы қандай құндылықтарға жеткізеді?


- Адамдардың татулығы, өзара сыйластығы, бір-біріне деген шынайы риясыз көңілдері, кешірімшіл болуы қандай құндылықты көздейді?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз. Кімде- кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз.
                                                                                                                                                 Мағжан Жұмабаев

-Ізгі адамдар қандай болады?

- Қайтарымы жоқ жақсылық жасайтын адамдарда қандай қасиеттер болады?

- Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?


Мағжан 

Жұмабай Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі



Мұғалімнің сыйы:

Аңыз:Сүйіспеншілік пен Өмір


Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар: Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік екен. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

– Менің кемем де ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

Сүйіспеншілік енді тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

– Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

Енді сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

– Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін» – деді. Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: Ол «уақыт» – деді.

– Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - онда маған уақыт неге көмектесті?–деді.

Білім күліп, ақылмен жауап берді: Тек «уақыт» қана Сүйіспеншіліктің өмірге аса қажет екенін біледі,– деді.

-Неліктен байлық, тәкаппар, мұң,Бақыт Сүйіспеншілікке көмектеспеді?

Қайсысы риясыз жанашырлық көрсетті?

Неге бұл өмірде Сүйіспеншілік аса қажет??



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды төрт түрлі түсті жүрекшелер арқылы топқа бөлемін

Топта отырған әр оқушы шын жүректен жасаған сыйлығын қасында отырған оқушыға риясыз сүйіспеншілікпен тілек айтып сыйлайды. (оқушыладың алдына түрлі -түсті қағаз, клей, қайшы және т.б құралдар қоямын)

Барлық оқушылар шығып бір-біріне Сүйіспеншілік энергиясын жібереді.



Топпен ән айту.

Топпен ән айту. «Құндылықтар әлемінде»

Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. Ақиқаттың әнін,

Айтамынмын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2 Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Әндер жинағы