Дидактикалық материал
Оқушыға ұсынылатын қосымша материалдар үлгісі
Капанова М.Е.
Астана қаласындағы №14МГ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5-сынып.
Модуль. Жаз
1-сабақ

1-тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазыңдар.
Көкшетау маңы. ... тұнық, сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала ... , судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі ... сияқты. Қара жерге … жібек кілем төсегендей. Дала да, бұта-өсімдіктер де ...
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жасыл, жап-жасыл, айнадай, өрнек, қамыс.
3-тапсырма. Синоним сөздерді теріп жазыңдар.
Ас, аспан, кент, мейрам, тамақ, гүл, шаһар, тағам, мол, жылан, ескі, ай, жаңа, мереке, көк, алма, бай, қалам, қала, сызғыш, көп.
4-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.
Алыс – Кәрі -
Үлкен – Ерте -
Оңай – Қас -
Кір – Жұқа -
Қараңғы - Ащы –
Модуль. Жаз
2-сабақ
Сөздік.
шайдай ашық - яркий, светлый; чистое небо
тау етегі – у подножья гор
1-жаттығу. Сәйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
1. Станция ауылдан жиырма шақырым жерде. 2. Оқушылар демалысты қызықты өткізді. 3. Әселге алтын сағат сыйладық. 4. Асқар ауланы тазалады. 5. Жер бетіндегі ең терең көл – Байкал. Оның тереңдігі 1637 метрден асады. 6. Биыл қыс суық болды. 7. Қазақстанда теректің 18 түрі өседі.
2-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырыңдар.
Көкпеңбек, тау етегі, жап-жасыл, бұта-өсімдіктер, төсегендей, белестер, дала, жасыл кілем, алыстан, маңы, көрінеді.
Модуль. Жаз
3-сабақ
Сөздік.
інген - верблюдица
шуда – верблюжая шерсть, выросшая на горбе, затылке и нижней стороне шеи у верблюда)
ұлпа жүн- пушистая шерсть, пушок
қызықтырады (здесь)- привлекает
жақындағым келді – хотел подоити ближе
батылым жетпеді (здесь) – не хватило смелости
Бота
Каникулда мен ауылға бардым. Боталы інгенді көрдім. Қасында кішкене ботасы бар. Шудалары аппақ. Ұлпа жүндері мақтадай. Көздері мойылдай қап-қара. Үлкен көздері еріксіз қызықтырады. Жақындағым келді. Батылым жетпеді. Ақ бота мойнын созды. Мен қатты қуандым.
1-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркесін құраңдар.
Адам, шұбат, жүн, пайдалы, жасайды, түлік, көлік, түйе.
2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей
1. Үй жануарларын атап бер.
2. Берілген сөздермен екі-үш сөйлем құрастырыңдар. Мысалы, Абдан – арыстанның баласы.
Жануар, бұзау, сүйкімді, қорықтым, төлі, қонжық, көзі.
ІІ деңгей
Берілген сөздердің аудармасын табыңдар. Қасында, мақта, мойыл, мойын, батыл, созды.
Антонимдер сөздігін қолданып, мына сөздердің қарсы мәнін табыңдар.
Ақ, аппақ, бар, кішкене, ерікті.
І деңгей
«Менің сүйікті үй жануарым» тақырыбына мәтін құрастырыңдар немесе бір төлді сипаттаңдар.
Тапсырмалардың бағалануы:
Cөздік –3 ұпай; тапсырма – 2 ұпай; жаттығу – 5 ұпай; Іскерлік әңгіме-5 ұпай, мәтін: 5 –7 ұпай. Ресімделу талаптарына сәйкестігі - 2 ұпай.
Сурет – 5 ұпай.
Бағалау:
51-60 ұпай – «5».
46-50 ұпай – «4».
40 -45ұпай – «3».
Ескерту: Қосымша сағаттарға арналған дидактикалық материалдардың сыныбы, модулі көрсетілу керек. Микротоптық жұмыс қабылданады. Микротоп 3 адамнан аспағаны жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қараев Ж.А., т.б. Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын диджактикалық талаптар. Алматы:. 1998.
Артықова Т.М., т.б. Қазақ тілі. Учебник для 5 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. Алматы: «Атамұра», 2005.
Бейсенбаев З., т.б. Диктанттар жинағы. Алматы: «Рауан», 1998.