СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

6, Компьютердің қосымша құрылғылары.docx

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

6, Компьютердің қосымша құрылғылары.docx/6, Компьютердің қосымша құрылғылары.docx

Просмотр содержимого документа
«6, Компьютердің қосымша құрылғылары.docx»

Сабақ – 6 күні ________

Сабақтың тақырыбы : Компьютердің қосымша құрылғылары

Сабақтың мақсаты :

  • Компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру

  • Оқушыларға алғашқы және қазіргі заманауи ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру

  • Ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету

оқушылар білуі тиіс :

  • Көп тараған қосымша құрылғылардың қызметін және олардың сипаттамаларын

  • Ақпарат тасығыштардың түрлерін

  • «Ақпарат сыйымдылығы» түсінігін

оқушы үйренуі тиіс :

  • Құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын

Программалық дидактикалық қамтылуы : оқулық, жұмыс парағы, компьютер кешені, презентация «Дербес компьютер және оның құрылғылары»

Сабақтың түрі : практикум элементтері бар көрнекілікті - түсіндірмелі

Сабақтың мазмұны :

Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.

  • Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы

  • Наушник/ құлаққап – дыбыстық ақпаратты компьютерге енгізуші құрылығы

  • Принтер компьютердегі ақпаратты қағаз бетіне басып шығарушы құрылғы. Принтер лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.

  • Сканер қағаз бетіндегі ақпаратты компьютерге енгізуші құрылғы

  • Модем – компьютерді телефон желісіне қосу, интернетке қосылу құрылғысы

  • Ақпарат тасығыштар : қатты диск / винчестер /, жұмсақ диск, лазерлік дискілер / СD, DVD/, флеш – жады.Тасығыш сыйымдылығы – тасығышта сақталатын ақпарат мөлшері.

Балалар, ойланайықшы, компьютер пайда болғанға дейін де ақпараттық процестердің бәрін адамдар атқарған. Олай болса, компьютердің адамға ұқсастығы болуы мүмкін бе ?

Талдап көрейік

Ақпаратты енгізу

Ақпаратты

өңдеу және сақтау

Ақпаратты шығару

Компьютерде :


Пернетақта, тышқан

Компьютерде:


Жүйелік блок / процессор, жады/

Компьютерде :


Монитор, принтер

Адамда :


Сезім мүшелері /көз, құлақ, мұрын, тері, тіл/

Адамда :


ми

Адамда :


Сөйлеу мүшелері / тіл, дауыс шығару тамырлары/, қимыл мүшелері


  • Балалар, қорыта келе, компьютер қаншама әмбебап құрылғы болғанмен, адам санасынан асып кете алмайды ! себебі неде ? / өйткені оны ойлап тапқан адам



Практикалық жұмыстар :

Тапсырма – 1

Төмендегі кестеге компьютердің ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын жазып көрсет:

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

Тышқан

Принтер

Джойстик

Дисплей

Сканер

Плоттер

Пернетақта

График салғыштар


Тапсырма - 2 Кестені толтыр


Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты




Қатқыл диск




Компьютердің қосу/өшіру батырмасы




Аналық тақша




Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер




Бейнетақша




Дискжетек




Процессор




Электрмен қоректендіргіш




CD-ROM




Модем мен сканерге арналған порттар




Қоректендіру блогы




Дыбыс тақшасы




Компьютерді қайта жүктеу батырмасы




Принтер порты




Маус пен пернетақта порттары




Жедел жады




Желілік тақша порттары.






Тапсырма – 3 Пернетақтаның негізгі блоктарының аты мен міндетін жазып көрсетіңдер















Тапсырма – 4 Пернелер қызметін жазып көрсет


Перне аты

Пернелер қызметі

Enter

Енгізу

Backspace

Куросордың алдындағы символды өшіру

Бос орын / пробел

Символдарды ажырату

Shift

Бас әріпті жазу

Caps lock

Бас әріпті режимді іске қосу

Delete

Курсордың артында тұрған символды өшіру

Alt

Арнайы әрекеттер үшін

Ctrl

Арнайы әрекеттер үшін

Num Lock

Сандық пернетақтаны іске қосу

Esc

Болдырмау


Үйге тапсырма : § 5- 7 /31 – 58бет/ Компьютер және оның құрылғыларын қайталау, тестке дайындық


Тапсырма – 5 Қатені табу

Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.

3 қате бар:

1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын