Пәннің аты: қазақ тілі | Уақыты: 22.02.16 | Сынып: 6б |
Сабақтың тақырыбы 4 сабақ | Табиғат-тіршілік көзі. |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Тақырыптың маңыздылығымен танысады, өз ойларын еркін ,ауызекі тілде жеткізе білуге үйренеді. Тапсырмалар бойынша ойын тиянақтай білуге дағдыланады. |
Модульдің қолданылуы | АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау». |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, шығармашылық, көрсету-жасыру, сиқырлы сандықша. |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, оқулық. |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. | Мұғаліммен сәлемдеседі.сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. Топқа түрлі-түсті жапырақтар арқылы бөлінеді. |
Психологиялық дайындық | Интерактивті тақта арқылы оқушыларға жұмбақтар жасыру. | Оқушылар жұмбақтарды көрсету-жасыру әдісі бойынша табады.  |
Білу Интеактивті тақтаға «Оқу айнасы» сұрақ беріледі. | Интерактивті тақтаға мәтінді аудио записьпен жазып, тыңдатып, сұрақ қою. | Оқушылар мәтінді, тыңдап, берілген сұраққа жауап береді.  |
Түсіну «Табиғат-тіршілік көзі» шығармашылық жұмыс Өсиет сөздерді талқылау | Оқушыларға кітаппен жұмыс жасату. Берілген өсиет сөздерді жалғастырып, дәлелдеу. | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Шығармашылық жұмыс арқылы бар білімдерін ортаға салып, бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды. |
Қолдану, пайдалану | Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды, сөздерді өз ұяшықтарына апарады, мұғалім шымылдық арқылы дұрыс, бұрыстығын тексереді. | Оқушылар берілген тапсырманы орындап, тексеріп, қателіктерін түзейді.  |
Сергіту сәті 1мин52 сек | «Ақ бұлақ» |  |
Табу, жазу кестесі | Мұғалім «Сиқырлы сандықша» арқылы жалғаулардың дұрыс, бұрыстығын жазып қояды, бірақ көрсетілмейді. | Оқушылар тақтаға шығып жалғауларды жазады, содан соң тексеріледі.  |
Бағалау | Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек. | Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды. ![]() ![]()    |
Рефлексия | Видеоролик көрсету «Табиғатты сақтайық» ББҮ кестесін толтыру. | Оқушылар видеороликті көріп, өздеріне жақсы қасиеттерді сіңіреді.  |
Үйге тапсырма | «Табиғатты қорғайық» тақырыбына эссе жазып келу. | |