Тақырып: Топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақ эрозиясы |
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ |
Уақыты: 04.02.2021. 9:30 – 10:20 | Мұғалім: Касымов Темирхан Жуматович Студент-практикант: Марганбаева Сабохат Аскаровна |
Сыныбы: 7 «d» | Қатысқан оқушылар саны: 24 | Қатыспағандар: |
Оқыту мақсаты; | 7.3.4.2 топырақ түрлерін, құрамын және таралуын анықтайды, құрылымын графикалық түрде көрсетеді |
Сабақтың мақсаты | Топырақ эрозиясының себептері мен салдары анықтап, қорғау шараларын ұсыну. |
Сілтеме | Оқу мақсаты | Дағды | Бағалау критерийі |
Биосфера | 7.3.4.2 топырақ түрлерін, құрамын және таралуын анықтайды, құрылымын графикалық түрде көрсетеді | Білу және түсіну Қолдану | Топырақ эрозиясының себептері мен салдары анықтап, қорғау шараларын ұсынады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Топырақтың құнарлығын ауызша сипаттайды Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология: топырақ, топырақтану, топырақтың құрамы, топырақтың қарашірік қабаты, топырақ құнарлығы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Топырақтың құнарлығы ................................... дегеніміз Топырақ эрозиясының себептері мен салдарына .............................. жатады. Топырақты эрозиядан сақтау үшін ...........................................қажет. |
Қалыптастыратын құндылықтар | Өзіне және басқаға құрмет | Сабақ барысында, мұғалім және оқушы бір-бірін тыңдайды және сыйлайды. |
Академиялық шыншылдық | Сабақ барысында өзара бағалау кезінде әділ бағалауды үйренеді. |
Өмір бойы оқу | Оқушы практикалық тапсырманы орындау барысында өз бетінше ізденіп оқиды. |
Ынтымақтастық | Топтық жұмысты орындау барысында өзара байланысқа түсе отырып, берілген сұрақтардың жауабын табады. |
Алдыңғы білім | Географиялық далалық зерттеу тәсілдерін білуі керек. |
Жоспар |
Уақытты жоспарлау | Жоспарланатын шаралар | Ресурстар |
0-3 | Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийлерін бірлесе отырып талдайды. | Презентация |
3-10 | Оқушыларға мәтін беріліп, оқуға тапсырма беріледі. Оқып болған соң келесі сұрақтар бойынша сыныптық талқылау жүреді: Топырақ құнарлығы неге байланысты? Қарашіріндінің мөлшері неліктен кемиді? Топырақ эрозиясы дегеніміз не? Эрозия көбінде қайда кездеседі, ал қай жерлерде аз байқалады? | 1-тапсырма |
10-15 | «Миға шабуыл» Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін қалай арттыруға болады? Оқушы жауаптарынан соң, мұғалім «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру факторлары» сызбасын пайдаланып, әр факторларды түсіндіреді. | |
15-20 | Мұғалім топырақты эрозиядан қорғаудың іс-шараларын түсіндіреді. «Топырақтың құнарлығы» тақырыбында бейнефильм көрсетіледі | https://youtu.be/-m3qUYzyoHg |
20-27 | Топырақ эрозиясын болдырмау (алдын алу) шараларына (кемінде екеуін) ұсыну тапсырмасы беріледі. Оқушылар дәптерге су және жел эрозиясынан қорғау шараларының сипаттамасын жазады. | |
27-38 | Суреттерде берілген эрозиядан қорғау шараларын атап жазады, оларды сипаттайды. | |
38-40 | Мұғалім сабақты қорытындылайды, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Оқушылар сабақ бойынша чатқа кері байланыс жазады. Бүгін сабақта мен үшін: Қызықты болды ............................................ Құнды болды .................................................. Қиын болды .................................................... | https://padlet.com/marganbayeva_s/ez8is3771xsf73lk |
Қосымша ақпарат |
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?. | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтар |
Барлық оқушылар орындай алады: топырақ кұнарлығын, эрозиясын біледі; Көпшілік оқушылар: Топырақ эрозиясының себептері мен салдарын сипаттайды; Жекелеген оқушылар: Топырақты эрозиядан сақтау шарларын сипаттауы | Топырақтың құнарлығы түсінігін білуі Топырақ эрозиясының себептері мен салдарын атауы Топырақты эрозиядан сақтау шарларын сипаттауы | АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген карталармен жұмыс істей алады. |
Ой толғау Сабақ мақсаттары: Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жиынтық бағалау Сабақтың қандай екі сәті сәтті өтті (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)? 1: 2: Сабақтың тиімділігін қандай екі жағдай жақстар еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)? 1: 2: |
Сабақты жүргізгенімде сынып туралы және сол сыныптың оқушылары туралы қандай ақпарат алдым, бұл ақпараттың келесі сабақты жоспарлауымда қандай көмегі тиеді? |