СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"7 санамен цифры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"7 санамен цифры"»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 26.02.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы / Тема: «7санымен цифры»



Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Сыйластыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: 7 санының пайда болуы, 7цифрымен таныстыру.

3. Оқыту – обучающая : 7 санының құрамын анықтау

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, цифрлар, слайд т

Көптілділік : жеті-семь- seven ,лақ-лак- varnish

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайыпсәт)
Есік қағылады. Топқа лақтардың анасы келеді. 7лақғын қасқыр алып кеткенің айтып балалардан көмек сұрап келеді.Балалар көмектесуге келіседі.

2.Негізгі бөлім

Балалар 7 - санын айтқанда ойларыңа 7 - санымен байланысты қандай ұғымдар, сөздер келеді.
7 - саны қазақ халқында киелі сан деп аталады.
- Олай болса 7 - санына «ой топтау» жүргізейік.
7

7 нан, 7 күн, 7 ата, 7 қазына

7 - ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
7 - күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
7 - қазына: ер жігіт, сұлу әйел, білім - ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
- Бүгінгі сабағымызда біз қандай санмен танысамыз деп ойлайсыңдар?
- 7 - санымен.
Бүгінгі сабағымызды біз «Жеті лақ» ертегісі бойынша өтеміз. «Жеті лақ» ертегісін баяндау.
Проблемалық ситуация.
1 - лақтың тапсырмасы.
- 7 санын бізге таныс сандарды пайдалана отырып, қалай шығарып алуға болады?

Суретпен жұмыс.
- Міне, балалар біз 1 - лақтың тапсырмасын орындап, оны қасқырдан құтқарып алдық.
Оқулықпен жұмыс. 2 - лақтың тапсырмасы.
Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндіру.

Кесіндінің ұзындығын өлше.
Біз қасқырдан 2 – лақты да құтқарып алдық.
Көптілділік: жеті-семь- seven ,лақ-лак- varnish

Сергіту сәті.
Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналам 
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алдым біреуін 
Алдым сонда нешеуін?

Енді 3 - лақтың тапсырмасын орындайық.

Табақта 4 - алма
Қолымда 2 - алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?

Көлден ұшты 5 - қаз
Қайтып қонды 2 - қаз. 
Қонбады оның нешеуі.

4 - лақтың тапсырмасы дәптермен жұмыс.
Олай болса барлығымыз дәптерімізді ашып тапсырмаларды орындайық.
- Суретпен жұмыс.
- 7 - санын жазу.
- Өрнектің мәнін табу.
5 - лақтың тапсырмасы. Сәйкестендіру тесті.
Қайсысы аптаның қай күндері туған? Берілген есептерді шығара отырып балаларды әр апта
күніне апарып орналастыру.
4 - 2=2
7 - 2=5

6 - лақтың тапсырмасы. Сандар құрамын анықтау.
Ойын: «Орнын тап». Әр кейіпкерді өз өрнегіне апар.
2+3= 6 - 4= 1+5=
5 - 2= 2 - 1= 6 - 2=
- Енді балалар біз соңғы жетінші лақтың тапсырмасын орындайық.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосу мен азайту өзара кері амалдар.
- Сонымен балалар барлығымыз тапсырмаларды жақсы орындап, лақтарды қасқырдан құтқарып, енелеріне қостық.

Жеті лақ мамасы мен бірге балалармен қошатасады.

Жеке жұмыс:

Сейіткерей Сезім біз кімге көметестік?

Ерасыл кімнен құтқардық лақтарды?

3.Қорытынды бөлім:

Біз бүгінгі сабағымызда қандай санмен таныстық?
- 7 саны және цифры.
- 7 санын қалай шығарып алдық?
- 6 - ға 1 ді қосу арқылы.