Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бəсекелестік қа-білетімен айқындалады делінген. Сондықтан, əрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді игеруі қажет екенін жіктеп көрсетеді. Солардың бірі компьютерлік сауаттылық.
Компьютерлік сауаттылық – адам қызметінің барлық салаларында, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияларды табысты қолданатын тұлғалық сапа.
Білім алушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту – оқыту мен оқу үдерісінде, ғылымның əртүрлі салаларын игеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл əдістемелік құрал 7 сынып «Информатика» пəнін оқытуда мұғалімдерге көмекші əдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылады.
Əдістемелік құралда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін əрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту жəне бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген.
Сонымен қатар, «Информатика» пəнін оқытудың мақсат-міндеттері, əдіс-тəсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың əдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың əрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тəжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тəжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау жəне үй тапсырмалары қарапайымнан, күрделі əрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу əдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын ғаламтордағы интернет ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тəжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Сіздерге ұсынылып отырған оқу-əдістемелік кешен авторлардың жинақталған тəжірибесі негізінде жасалды.
Оқу-əдістемелік құралдың мазмұны мен сапасын жақсартуға арналған ескертпелер мен ұсыныстарды [email protected] электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.