СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 сынып оқушысы Маден серіктің "Тәуелсіздік шыңдары" атты тақырыпта жазған эссесі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып оқушысы Маден Серіктің "Тәуелсіздік шыңдары" тақырыбында жазған эссесі

Просмотр содержимого документа
«7 сынып оқушысы Маден серіктің "Тәуелсіздік шыңдары" атты тақырыпта жазған эссесі»

Астана қаласы

№14 мектеп-гимназиясының

7 «ғ» сынып оқушысы

Маден Серік

Эссе

Тәуелсіздік шыңдары

Тәуелсіздік – адамзаттың бір – біріне қарап, мән бермеуі, өзгермеуі. Тәуелсіз адамдар да, заттар да болады. Олар өз бетімен өмір сүріп тіршілігін көреді, ешнәрсеге қарамай, тәуелсіз жүреді. Ал тәуелді адамдар тәуелсіз адамдарға қарағанда, өз еркімен өмір сүре алмайды. Олар өзін қоршаған ортаға қарап өзгереді.

Тәуелсіз ел де болады. Ол – біздің Қазақстан. Біз өз елімізбен мақтанамыз, себебі біз – тәуелсіз елміз. Біз Қазақстанда тұрамыз, біздің міндетіміз – патриот болу, біздің тәуелсіз елге деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды көрсету, өз елімізді қорғау. Қазақстан елінің болашағы бар, ол - «Мәңгілік ел», себебі тәуелсіз елдің болашағы, алды жарқын болмақ.

Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұратына қол жеткізеді. Ұрпақтан – ұрпаққа біз өзіміздің салт – дәстүрімізді, дінімізді, патриоттық сезімімізді таратып, жеткізіп келеміз. Ал ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Біздің Президентіміз, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен: «Мәңгілік ел» қазақ идеясы – Қазақстан елінің ұлттық идеясы.

1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекеті – ең танымал және сыйлы, әрі құрметті ел деп ойламын. Демек, Қазақстан – бақытты, тәуелсіз Республика. Ал осындай елдің болашағы жарқын деп түсінемін. Біз өте жас мемлекетпіз. Осы жастығымызға қарамай, біз көп улкен белестерге қол жеткіздік. Алысқа көз жүгіртпей – ақ кеше болған

«Экспо 2017 көрмесі» арқылы жер шарының түкпір түкпірінен келген 118 ел бізді таныды. Орал мен Алатау тауларына дейін созылып жатқан ұлан байтақ елді таныды.

Демек, мен еліміздің жарқын тәуелсіздігіне арнап, мына бір өлең жолдарымен эссемді аяқтағым келеді:

Тәуелсіздік!

Қайрат сынды ағалар,

Аңсап өткен, арман еткен бабалар.

Бүгін сенің қадіріңді ұғынып,

Жас өркенің жүрегімен бағалар!