Просмотр содержимого документа
«7ғ сынып оқушысы Шахдорхонова Айнура «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» эссе»
Эссе.
Тақырыбы: «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін»
Орындаған: 6 «Ғ» сынып оқушысы
Шахдорхонова Айнура
Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Нурымбаева Сандугаш
Қазақ халқының өнерлі, ақиық ақыны, асқан шеберлі драмматург, аудармашысы, қазақтың лирик , мұзбалақ ақыны Мұқағали жайлы сөз қозғасақ, өз өмірін шығармашылық пен поэзияға арнаған тұнып тұрған талант бірден ойға келеді.
Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ( бұрынғы Нарынқол) ауданында Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-ында тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиім 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт өткенде Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл күәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойған аты – Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз бен үш ұл туған.
Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде . «Бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі , қасіреті мен қуанышы туралы поэма» дейді ақын. Өзінің өмірінің басым бөлігін жырға арнаған Мұқағали поэзияға деген құштарлығын том-том кітапқа жай ғана қаламмен, ішіндегі лаулап жатқан отпен баяндап, басым оқырманға лирикалық жолмен жеткізе білді.
Мұқағали ағамыздың өмірге деген сөзінің бәрін, мұңын, қуанышын өз әдеби сөзімен, нағыз шеберлікпен жырлағаны оқырманның жүрегінде поэзияны тілсіз түйсінуге үйретеді. Жырдың әрбір сөзіне өзінің жанының бір бөлшегін салғандай әр эмоциясын оқып отырып-ақ түсінуге болады. Өзінің әрбір қадамында поэзияны іздеген ақын өзін поэзияны егіз санады. Әр күні өзіне жаңа атқан таңнан, көктемгі жаңа жарған бүршіктен, жаздың арайлы таңының балғын шығынан шабыт көруді білді. Кең жүрегіне сыймай жатқан әрбір сөзінің астарына терең ой салып, жырын әсем сөзбен көркейтті. Жанының бір бөлшегінде жатқан рух пен лаулаған жалынан су сепкендей баспай ұзақ та қысқа рухани жырымен баяндап, сыртқа шығуына тікелей жол салды. Өз өмірін поэзияның кірпіштен әсемдеп қалады.
Мұқағали Мақатаев қазақ жыр әлемінде асқан таңқаларлық із салды. Оның рухты жырлары оқырман мен Мұқағалидың арасында рухани жол ашады. Мұқағали өз әнімен эмоциясын біресе сәбише қуанып, біресе қайғысын қара жер ауырсынғанда қылып жазды. Оның әрбір сөзінде көп адам түсіне бермейтін терең ой жатыр. Егер де нағыз поэзияны түсінетін адам оның әрбір буынына терең үңілсе оның не жайлы айтып жатқаны тіл тартпай түсінеді.
Мұқағали - өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең – сөзін жаңа заңғарлаға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.
Мұқағали Мақатаев ешқашанда өзін нағыз ақын деп санамаған. Дегенмен оның сөзшілдік қасиеті мен асқан интиллегенттік шеберлігі бұл ойға тікелей қарсы болғандықтан Мұқағалидің бұл ойымен оның ізеттілігі мен кішіпейілділігі мінез – құлқында басым екенін білуге болады. Бұл ақынның ерекшелігі де осы. Ол ешқашанда ештеңені астамшылдамаған. Өзінің жай ғана жүрегіне сөйлеуге мүмкіншілік бере білді. Нағыз өнер құдіреті деп осыны айтады. Қазақ халқының Мұқағалиінің әні мен жыры ешқашанда ескірмейді, мәні мен мағынасы өз сырын жоғалтпайды.