Күні:________________
Сыныбы: ____________
Сабақ тақырыбы: §§69.70.Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға проекциялық аппараттар, фотоаппараттар, микроскоп, телескоптың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, көздің құрылысы, аккомодация, алытан көргіштік, жақыннан көргіштік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиешілік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты қорыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптың дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру:
Сфералық линза дегеніміз не?
Дөңес линзаның қандай сипаттамаларын білесіңдер?
Оптикалық оське параллель сәулелер өткенде, олардың жолдары қалай өзгереді? Ойыс линзадан өткенде ше?
Тәжірибеде линза фокусының орнын қалай анықтауға болады?
Линзаның оптикалық күші деген не?
Жинағыш линза беретін кескіндердің өзгеруі неге байланысты?
Линзада кескін алу үшін қандай сәулелерді пайдаланған ыңғайлы?
Линзаның формуласын жазыңдар. Ол қанадй шамаларға байланысты?
Линзаның үлкейтуі деген не? Ол неге тең?
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
3.Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
4. Жаңа сабақ.
Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды.
Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы:

3-ойыс айна
К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүйесі.
Д-диапозитив
О-объектив.
Фотоаппараттың құрылысының оптикалық сұлбасы:

Лупа –бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты линза.

Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді.
Микроскоп –күрделі оптикалық аспап.
Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:


Телескоп алыстағы нәрсенің кескінін үлкейту үшін қолданылады.
Телескоптың оптикалық құрылысының сұлбасы:

Телескоптың түрлері: телескоп-рефрактор, телескоп-рефлектор
Көздің құрылысы:

Торламада кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа, яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты. Бұл бұрышты көру бұрышы деп атайды.

Көз бұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиетін аккомодация деп атайды.
Егер көзге күш түсірмей параллель шоқтарды торламады жататын нүктеде жинаса, онда сау көз деп аталады.

Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп атайды.

Жақыннан көргіштікті түзету үшін ойы, шашыртақыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.

Алыстан көргіштіктің себебі –адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нәрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады.

Алыстан көргіштікті түзету үшін дөңес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.

5. Қорытындылау.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма: §§69.70.Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе.