Балалар әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Жиналдық ,көктем тойға бәрімізде,
Үлкен кіші ,жасымыз,кәріміз де.
Енді ортаны ашайық,
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу маржан шашайық.
Тақпақтар
Ернар
Ана деген аппақ нұрдай жүздері.
Әр жүректен сайрапжатыр іздері.
Көктем тойы наурызбен,
Құттықтаймыз.асыл ана сіздерді.
Расул
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ,әй мамам.
Сен керексің кашанда.
Жүре берші қасымда.
Әйбат анам,жан анам
Темірлан
Асыл анам ардақтым,
Еркелеткен айымдеп.
Түн ұйқысын төрт бөлер,
Мен ауырсам уайым жеп.
Даниал
Аялаған анамыз
Саялаған панамыз.
Шырағы боп өсеміз
Шырағы боп жанамыз
Жүргізуші: Құрметті әжелер,аналар!Сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен қүттықтаймыз.
Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндеріндей құлпыра беріңіздер!
«Мамаға тілек» әнін сіздерге арнаймыз.
1 Жүргізуші: «Қыз сыны » сайысына хош келдіңіздер. Әділқазылар алқасын сайлайық.
2 Жүргізуші: Ал құрметті халайық,
Мерекені бастайық,
Қыздарымызды біз әуенмен,
Қошеметпен қарсы алайық!
1 Жүргізүші: Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
Бірінші қыз Ақбота білімді,
2 Жүргізуші: Меңгерген бар ілімді.
Екінші қыз Дариға елгезек,
Алады тез тіліңді.
1Жүргізуші: Үшінші қыз Алима толған-ай
Айдай көркем болған-ай.
2 Жүргізуші: Төртінші қыз Жанел үлбіреген,
Қос жанары мөлдіреген.
1Жүргізуші: Бесінші қыз Дария,
Бойға өнер жиған қыз.
2 Жүргізуші: Алтыншы қыз Самира,
Өн бойында бап талап.
1Жүргізуші: Жетінші қыз Милана
Бойында жоқ бір мінің.
2 Жүргізуші: Сегізінші қыз Дина инабатты
Алады тезтілді.
1Жүргізуші: Тоғызыншы қыз Арайлым
Қазақтың сары қызы.
2 Жүргізуші: Оныншы қыз Аружан
Папасының еркесі
1Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейінші,
Аруы деп балабақшаның жүрейінші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.
Қыз сыны сайысы 5 бөлімнен тұрады. Өділқазылар алқасы екі сайыстан кейін бағасын береді.
2 Жүргізуші: 1 сайысымыз өз-өзін таныстыру.
№1 Лалагүл-Ақбота.
Таныстырсам өзімді сізге бүгін
Ақтөбенің 5 жастағы лала гүлін
Тастанбек немересі, Ақботамын
Періштесі найманы орта жүздің
Мен лаламын, лаламын
Кішкентай ғана баламын
1Жүргізуші: №2 Қызғалдақ - Дариға
Қырларда қызғалдақтар дірілдеген
Мереке құтты болсын бірге келген.
Мен өзім қызғалдақпен құлпырамын.
Нұр шашты айналама күлімдеген.
Тілеймін баршаңызға сәтгілікті
Қырдың қызы қызғалдағы Дариға деген.
2 Жүргізуші: №3 Раушангүл-Алима Елдің көркі қыз деген
Қыз дегенің гүлмен тең Раушан гүл теңдес-Алимамын
Мен бүгін сондай әдемімін!
Аналармен әжелер күні бүгін,
Қүттықтаймын мен бүгін мейрамымен.
1Жүргізуші: №4 Түймедақ-Жанел
Ән салсам баурап алады бүлбұл үнім.
Өз ортамда өнерлі, үлгілімен.
Әкем-Қайрат, руы Ожырай деген
Қазақтың Жанел атгы бір гүлімін
2Жүргізуші: №5 Бәйшешек-Дария
Сәлем беріп, бас иемін көрерменге,
Алдыңзға жыр шашу төгемін мен.
Атасы мен папасыныңеркесімін.
Өнерін тамашалайсыздар Дарияның.
Мен өзім 7 рудың табынымын
Гүл сыны сайысына келіп тұрмын
Шүргізүші: №6 Самира Жайнаған қызғалдақтай қыр гүлімін,
Созбалап айта беріп не керекпін,
Халқымның еркін өскен бір қызымын.
¥лтым қазақ,сұрасаңыз Самира мен боламын.
2 Жүргізуші: №7 Милана Келдім міне сыналуға
Сыналап үлкендерден үлгі алуға
Саламын бар өнерді осы ортаға
Сәлем береді сіздерге Милана бала.
ІЖүргізуші: №8 Дина
Салмақтап сөз бастайын,
Өнерден мен аспайын.
Дина атты мен қызымын,
Білім қуған жастайы.
деген руым бар
қазақ деген жұртым бар
Асқар тау әкем Ербол
Мені өсіріп баптаған.
Мейірімін маған сақгаған.
Сәуле атты анам бар,
Соны айтып мақтанам.
Қазағымның дәстүрі жоғалмасын,
Жалғастыру менің ізгі арманым.
Осы отырған көрермен халқым менің,
Иіліп сәлем берем инабатпен.
2 Жүргізуші: №9 Арай Құттыктаймын әжелерді,аналарды,
Менің жасым биыл алтыдан асты.
Дүниеге апта бұрын келдің деп,
Есімімді нәзіктікке балапты.
Ал атымды атам өзі таңдапты,
Әке,шешем үнсіз ғана қолдапты.
Міне солай Арайлым деп аялап,
Ғұмыр тілеп дұғаларын жолдапты.
Арғы тегім
Туған жерім Ақсу өзен жағажай.
¥лтым қазақ, елім Найман орта жүз,
Халқым үшін болсам деймін саядай.
ІЖүргізуші: №10 Аружан Армысыздар аналар,ақ жаулықты апалар!
Бәріңізге жар салайын,
Бүгінгі ертеңгілік төрінде.
Аналар мерекесі күнінде,
Таныстырайын өзімді.
Дархан қызы Аружан
Жылқы жылы туғанмын
Ару болған анамнан,
Ат қорғауды үйренгем.
Сұлушаш,Нағима апайлардан,
Үлгі өнеге алғанмын.
Мен балдырған елімнің,
Көркі болып өсемін.
Ән «Көмекшілер»
Ойын Қоқысты жина
№1 Лалагүл-Ақбота (Бала тілегі)
№2 Қызғалдақ –Дариға
№3 Раушангүл –Алима
№4 Түймедақ-Жанел
№5Бәйшешек –Дария
«Гүлдер биі»
Тақпақтар
1Жүргізуші: II сайысымыз – өз өнерін көрсету.
Ағылшын тілде тақпақтар Нүрымжан Мейрамбек Жанат
ІЖүргізуші: Ер балалардың қыздарға сыйлық сыйлауы.
2Жүргізуші: Ендігі сөзді әділқазыларалқасына берілсін.
ІЖүргізуші: Қолымда менің ине-жіп
Өрнектеп ою тіге алам.
Өнерімді көргенде
Қуанамын мәз болам.
Ill сайысымыз - қол өнерге кезек келді. Ою қиып алу (шеберліктерін көрсетеді)
Тақпақтар Арслан
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын.
Ильяс
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай
Құлпыраөсіп дем алам
Қүшағында қысылмай
Нурали
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
He жетеді көзіңе
Мейірімді күнненде
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Қуттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен!
2Жүргізуші: Тойдың сәнің әзіл-ысқақпен келтірейік.
Көрініс Құрбылар.
Екі әйел кездеседі.
-Оу,Бағила ,амансын ба?Көптен көрінбей кеттін ғой.
Аман болғанда кандаймын.Курортка барып келдім ғой.
-Еее,немене сонша құлпырып кетті десем.Ақшаны шашып келдім десейші..
-Ақшаны қайтесің,зато демалып қайттым ғой.Ақша су сияқты емес пе ,бірде бар,бірде жоқ.
Өзіңде қандай жаңалық бар?
-Қандай жаңалық болушы еді.Шалым жұмыссыз ,балам үйленемін деп,банкке кредитке кіріп келе жатырмын.
Енді тойға дайындаламыз.
-Әй, той демекші ,бүгінгі күн өзі бір той емес пе.Мерекемізді бір әнмен жалғастырайық.
Ән Әрқашан күн сөнбесін
«Ал, қанекей қыздар» биі
ІЖүргізуші: IV сайыс. Ата көрген - оқ жонар,
Ана көрген -тон пішір демекші қыздарымыз өру сайысы .
2Жүргізуші: Әнші, биші балалар
Әріптестердей болыңдар!
Көрсетіп бір өнерді
Таңқалдырып тұрыңдар!
V сайыс. Жеті атаны атап шық.
Ән: Біз бақытты балалар
ІЖүргізуші: Сендер кішкентай цыздар сайыстағы өнерлерін көріп тамашаладыңыздар.
Ендігі сөз әділ қазылар арқасында.
Әділ қазылар қорытындысын шығарады.
2ЖүргІзуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
ІЖүргізуші: Ата-аналарға сыйлықтарын беру
2Жүргізуші: Сіздерге арнап ән жырладық,
Көтерсін деп көңілді.
Сүйікті а на ортамызда
Өткізсін шаттық өмірді!
(Ата-аналарға ертеңгілікті тамашалағандарына алғыс айталады.)