СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 сынып Кешірімділік - ккөңіл кеңдігі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпта өзін-өзі тану сабағында Кешірімділік-көңіл кеңдігі тақырыбындағы сабақ оқушыларды кешірімділікке тәрбиелейді.

Просмотр содержимого документа
«8 сынып Кешірімділік - ккөңіл кеңдігі.»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №45 ОЖББМ Мерзімі: 20.11.2016ж

Мұғалiм: Хабиева А.Ж. Сынып: 8 «а»

Оқушылар саны 18 Тақырып: Кешірімділік – көңіл кеңдігі. №11

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: шыдамдылық, байсалдылық, өзін-өзі алдамау.


Сабақ мақсаты: Оқушыларға кешіре білу қасиеті туралы әңгімелей отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адамның өмір жолында шыдамдылық, байсалдылық, өзіне-өзі сену қабілеттерінің маңызды екендігін ұғындыру.

- Сараңдықпен, жалқаулықпен күресуге, жаман әдеттерден арылу үшін өздерін-өздері қадағалай білуге үйрету.

- өзгені де, өзін де алдамай әрекет етуге дағдыландыру.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. Жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».

Үй тапсырмасын тексеру. №11 сабақ. 44-45 бет. «Кешірімнің күші».

- Кешіру, кешірімді болу қандай қасиет?

- Кешіру – ең алдымен өзімізге жасалған жақсылық деген сөзбен келісесіз бе?

- Шыдамдылық, байсалдылық, өзін-өзі алдамау қасиеттері қандай құндылыққа әкеледі?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Кешіре білген адам – күшті адам».

А.Йүгінеки

- Кешірім сұраған сәттерің болды ма?

- Күшті адамның қатарына сабырлы, байсалды жандарды қосуға бола ма?

- Ішкі тыныштық қай уақытта орнайды деп ойлайсыңдар?

Ахмед ИүгінекиЮгнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Ахмет жас шағында  араб,  парсы  тілін меңгерген білімді адам болған

Мұғалімнің сыйы:



Сабыр, табыс және байлық (аңыз әңгіме)

Бір күні әлдебір әйел үйінен шыға бергенде есігінің алдынан жүздері жарқыраған үш қарияны көреді. Олардың жүздерінен қатты шаршағандары байқалып-ақ тұрды. Әйел қариялардың қалжырағанынан бұрын, қарындары аш болар деген оймен былай дейді:

- Мен сіздерді танымаймын, алайда сіздер қатты шаршаған сияқтысыздар. Ішке кіріп, біраз тынығыңыздар. Ал мен ыстық тамақ дайындау қамына кірісейін.

- Үйдің отағасы қайда? – деп сұрайды олар.

- Ол әлі жұмыстан келген жоқ, - деді әйел.

- Олай болса, ол әуелі жұмыстан келсін. Біз содан соң кірерміз, – дейді қариялар.

Кешкісін отағасы үйге келгенде, әйелі оған есік алдында отырған үш қария туралы бәрін айтып береді. Бұған қуанған қожайын «Қонақ – үйдің ырысы емес пе? Тез шақыр оларды, ауқаттанып, демалып алсын!» - дейді. Күйеуінен рұқсат алған әйел есік алдына жүгіріп шығады. Қариялар әлі отыр екен.

- Күйеуім келді, сіздерді үйге шақырып жатыр, – дейді қуанып. Сонда қариялардың бірі орнынан тұрып:

- Үшеуіміз бірден кіре алмаймыз. Менің қасымда тұрған құрметті қария – Байлық. Ал мына қарияның есімі – Табыс. Ал менің атым Сабыр. Барып, қайсымызды бұрын шақыратындарынды күйеуіңмен ақылдас, - дейді.

Әйел естігенін күйеуіне айтады.

- Қандай керемет! Ендеше Байлықты шақырайық, үйімізден молшылық кетпесін! – дейді ері. Алайда әйелі оған қарсы болып:

- Неге Табысты шақырмасқа? Біздің ісіміз бірден өрге домалар еді! – дейді.

Осы сәтте әңгімеге ата-анасының сөздерін еріксіз тыңдап тұрған кішкентай қыздары араласады. Ол былай дейді:

- Сабырды шақыруға бола ма? Онда біздің үйімізде тыныштық, достық орнап, бәріміз жақсы өмір сүрер едік!

Әкесі бір сәт ойланып барып:

- Иә, қызым, сен дұрыс айтасың. Ең алдымен Сабыр атты қарияны шақыруымыз керек. Сол адам біздің қонағымыз болсын.

Қыздың анасына да бұл шешім ұнап, үйге Сабыр қарияны шақыруға шығып кетеді. Отбасы шешімін бірден айтуға ыңғайсызданып, әйел жай дауыспен:

- Кешірерсіздер, бірақ біздер ең әуелі Сабыр қарияны қонаққа шақыруды жөн көрдік.

Осы сәтте қарияның үшеуі де орындарынан тұрып, үйге қарай бет алады. Бұны түсінбеген әйел:

- Мен тек Сабырды ғана шақырдым ғой! Сіздер өздеріңіз айтпап па едіңіздер, үйге үшеуіміз қатар кіре алмаймыз деп!

Осы сәтте Сабыр қария жүзі жарқырай күлімсіреп былай дейді:

- Егер сендер Байлықты немесе Табысты шақырғанда, қалған екі қария есік алдында қалар еді. Бірақ сіздер мені бірінші шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, соңымнан Байлық та, Табыс та бірге еріп жүреді.


- Есік алдындағы қариялар кімдер, үйге кіруден неге бас тартты?

- Отбасы кімді бірінші шақырмақшы болды, бұл шешімге қалай келді?

- Үйінде сабыр, байсалдылық бар отбасы қандай болады?

- Бұл қасиеттер отбасы мүшелеріне қалай әсер етеді?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

4 топқа түстер арқылы бөлініп, «Тыныштықта сурет салу»



Үй тапсырмасы. №12 сабақ. 46-бет. «Не деген керемет күн!»



Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов


Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Сабақ соңындағы тыныштық сәтi

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.