Бағдарлама авторы.
Ақбергенова Салтанат Асылбайқызы . Факультативтік курс .
8 сынып .
Қызылжар ауылы.
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Түсінік хат
Мақсаты
Міндеттері
Өзектілігі
Формалары
Кәсіпке бағдарлау
Күтілетін нәтиже
Қолданылатын әдіс - тәсілі
Түсінік хат
«Дүниеде туған еліңнен артық ел де,
туған жеріңнен артық жер де жоқ»
Мүсірепов.Ғ
Сыр өнірі халқымыздың қашан нан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Оны әрдайым халқымыз қасиет тұтып келеді. Бұл жер еліміздің басына қиын қыстау күн туғанда,
халықтар әр жақтан қоныс теуіп паналаған аймақ болған. Шалқып жатқан дарияның жағасын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді. Сырдың өн бойы тұнған тарих.Сондықтан да облысымыздың өткені мен бүгінгі тарихына тоқталып өтуді жөн көрдім.Өйткені тарихы мол«Сыр өңірінің» даңқын кейінгі ұрпақ білуі тиіс. Авторлық бағдарлама орта мектептің 9-сынып оқушыларына арналған .О қушыларды сыр елінің тарихи деректерімен таныстырып,туған жерге деген сүйіспеншілігін,өз жерінің табиғатын, шаруашылық және экологиялық жағдайын бағалау, білігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтауға тиімді жағдай жасау.
.
М а қ с а т ы
1.Оқушыларға өз елінің,өз облысының аса маңызды кезеңдері туралы және тәжірибелік тереңірек білім алуына жағдай жасау.
2.Күн санап өсіп келе жатқан ақпараттарды өз бетінше игеруіне ықпал ететін әмбебап әдістер қызметі мен жүйесін қалыптастыру. 3.Шығармашылық қабілетін дамыту, мәселелерді оңтайлы шешуге, оқушының жеке күш жігерін салу .
4.Оқушының басты назарын «нені оқу қажет» деген түсініктен «қалай оқу керек» деген көзқарасқа бағыттап оқыту.
5. Курс бойынша дәрісті өткізуде оқушының еңбегі нәтижелі болу үшін интерактивті әдістерді қолдану.
6.Оқушыға деректі оқып білу үшін оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.
7.Оқушылардың ойлау, танымдық қабілетін дамытуына, материалдың тәрбиелік мүмкіндігін тиімді пайдалануына көмек көрсету .
М і н д е т т е р і
1.Өзін-өзі дамытушы және қазіргі тез өзгеріп жатқан кезеңде дұрыс шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру.
2.Әр баланы жеке ерекшелігі, қызығушылығы мен
қабілетіне қарай бейімдеп оқыту.
3.Ақыл-ой қабілеті ұшталған, “мен “ жүйесі қалыптасқан,
өзін-өзі басқара, бағалай алатын, қоршаған ортаға қамқор
көзқарас туғыза алатын жеке тұлға қалыптастыру
4.Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.
5.Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу .
Ө з е к т і л і г і
1.Өз елінің тарихын білу, тану - бүгінгі күннің
өзекті мәселесі.
2. Дәстүрлі өз елі мен жері туралы байқаудың бір шарасы,
“ Туған жер” туралы ізденіс жұмысын қорғау, сол үшін туған
жер тарихын тану және ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындалу қажетілігі туындап отыр.
3.Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың басты
факторларының бірі -оқушының ізденушілік қырын ашу .
Ф о р м а л а р ы
- Лекция . - Ұжымдық.
– Семинар . - Топтық.
- Конференция . - Жұптық.
- Сарамандық жұмыстар - Жеке
Күтілетін нәтиже
- Туған жер тарихын білу.
- Тарихи өрнегін талдай алу.
-Мазмұндық, тақырыптық идеясын тани алу,сыр өңірінің
сырын,экологиялық жағдайын ортаға салар ұранын ұғу.
Ғылыми мәнжазбалар,шығармашылық зерттеулер және
жобалар жазу.
- “ Туған жер тарихы“,”Туған жер экологиясы” байқауына
оқушы дайындау.
Кәсіпке бағдарлау
Археолог,тарихшы,әдебиетші,туризм,география,экономика,
мұғалім,аграном,мұраб т.б кәсіптеріне бейімдеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілі
- Оқу,мазмұнын түсіну
- Саралау, талдау
- Іздену, зерттеу
- Тест шешу, тест құрастыру
- Ой - толғау, эссе жазу
- Ғылыми мәнжазба, жоба жазу
Түсіндірме жазба
Авторлық бағдарлама орта мектептің 9-сынып оқушыларына арналған.Себебі, оқушылардың өз облысымыздың тарихымен танысу деңгейі бір межеге жетеді. 9-сынып “Сыр өңірінің сыры” туралы мол сағат бөлінеді және барынша кең көлемде мәлімет беріледі.Сонымен қатар,туған жерді тани білуе тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге олардың жас ерекшелктері де сәйкес келеді. 14-15 жаста баланың өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, қадірін ұғынуы жақсы жетіледі. Сонымен бірге, бұл бағдарлама дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде көмекші құрал бола алады. География пәніне қосымша сағат ретінде қолданса да болады, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шәкірттерді болашақта журналистикамен немесе ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдейді.
Бағдарлама 34 сағатқа негізделген. Оның кей сағаты теория жүзінде жүзеге асырылса,кейбір сағаты сарамандық жүзінде жүргізіледі. Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады.
1-бөлім “Жер атауларына үңілсек” деп аталады. 6 сағат.Өз облысымыздың аудандарымен толық танысып,ақпар алады. Бұл бөлімде білім теория жүзінде өтеді оқушылар қатысты деректер мен мәліметтерден мол хабар алады.
2-бөлім “Сыр елі тұнған шежіре” деп аталады.7 сағат. Тарихи ескерткіштер ерекшелігін тануға арналады. Сабақта теория мен практика қатар жүреді.
3- бөлім “Сырдың даңқын асқақтатқандар.” деп аталады. 7 сағат.Еңбек ардагерлерімен, ақын-жазушылардың еңбектерін,өмір тарихын зерттейді.
4-бөлім “Табиғат кереметтері” деп аталады.7 сағат..Мұнда өзендер, көлдер, құмды алқаптар, түбектер, шығанақтар, таулар, қыраттар туралы зерттейді.
5-бөлім “Қоршаған ортаны аялай білейік” 5 сағат.Экология жайлы аитылады.
6- бөлім “Білгенге маржан” 2 сағат осы курс барысында алған білімдерін саралауға, талдауға бекітуге бағытталған. Оқушылар тест арқылы өз білімдерін бекіте отырып, шығармашылық тұрғысынан ой-түйін жасайды.
Курс барысында шығармалар, мәнжазбалар,жобалар жазу, тест құрастыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.
1- бөлім 6 сағаттан тұрады .
“ Жер атауларына үңілсек”
Дария жағасындағы қала,
облыс територриясындағы
аудандар.
Ә.Тәжібаев
Ә.Нұрпейісов
Қорқыт ата
Жанқожа батыр
“ Сыр даңқын асқақтатқандар .”
“ Сыр елі тұнған шежіре”
бөлімінде тарихи
мазарлар, кесенелер
туралы айтылады
Сыр өңірінен шыққан
ақын-жазушылар,еңбек
ерлері туралы айтылады.
Сунақ ата
Р.Бағланова
Р.Бағланова
3-бөлім 7 сағаттан тұрады
2-бөлім 7 сағаттан тұрады
А.Алматов
Ы.Жақаев
Оқшы ата мазары
Арал теңізі
4-бөлім 7 сағаттан тұрады .
Сырдария
Жаңадария каналы
Жаңадария
Қаракөл көлі
“ Табиғат кереметтері”
Жер бедері өзен,
көл,тау,түбек,қырат, шығанақтар,құмды алқаптар
туралы мәліметтер
Арал кеше және бүін
“ Білгенге маржан”
Тест арқылы өз білімдерін
бекіте отырып, шығармашылық
тұрғысынан ой-түйін жасайды.
Курс барысында шығармалар,
мән жазбалар,жобалар жазу,
тест құрастыру,албомдар
Жасақтау жұмыстар жүргізіледі.
№ 81 мектебі
“ Қоршаған ортаны
аялай білейік”
Экологиялық толғантып
отырған мәселелерді
айтып түсінік беру
Тест тапсырмалары
Сыр өңірінің сыры
2012-2013
Байқоңыр ғарыш айлағы
5-бөлім 5 сағаттан тұрады
6-бөлім 2 сағаттан тұрады
№ 81 мектеп
Мән жазба
Байқоңыр
ғарыш айлағы
№ 81 мектеп
Жоба
Туған жер
экологиясы
Жағада қалған
кеме
паром
,құлан
25 – сабақ
Шығанақтар мен түбектер
Кім біледі?
1.Арал теңізінің шығысындағы бұрынғы аралды ата?
2.Жерінің ауданы 8 км Ұзындығы 10 км ені 13 км бұл қай арал?
3. Олар бірімен –бірі тірек солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай созылып
жатқан құмқайрақтан тұрады.
Сен білесің бе?
Жыңғыл төбе және Қосарал аралығында. Теңіз суы тартылғанға дейін
ал теңіз жағасынан батысқа қарай 19 км жерде, ауданы 3 км2 ұзындығы 7 км,
ені 0,8км, теңіз деңгейінен 3-6 м көтеріңкі болған.
Қалай аталады?
Олар бірімен – бірі тірек солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан
құмқайрақтан тұрады. Солтүстігіндегі бөлігінің ұзындығы 13,0 км, екіншісінің
ұзындығы 4,0 км Теңіз суы тартылып жағалаулық құмды өңірге айналды.
Қайда орналасқан ?
Арал теңізінің шығысында, жағылаудан 12 км қашықтықта,
солт-батыстан оңт – шығысқа қарай созылып жатқан бұрынғы арал.
Жердің аданы 8 км2 ұзындығы 10 км –ге жуық ені 1,3 км
Сабақтың тақырыбы: Түбектер мен шығанақтар
Сабақтың мақсаты: Өз облысымыздың түбектері мен шығанақтарына географиялық сипаттамалар,мәліметтер беру.Кескін картадан бейнелеу, орналасқан жерін көрсете білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Өз олысымыздың табиғатына,географиялық жағдайына баға беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың практикалық жұмысты орындауда салыстырмалы сипаттама беру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз олысымыздыңтабиғатының даму барысында пайда болған түрлі жағдайларына жөнінде түсінік беру.
Көрнекіліктер: Қызылорда облысының атлас картасы, кескір карта,кеспе қағаздар.
Сабақтың типі: Жаңа білімді өзекті ету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
І V . Жаңа сабақты бекіту
V . Үйге тапсырма
V І. Бағалау
Шығанақтар мен түбектер
Тұщыбас шығанағы – Арал теңізінің солтүстігінде.
Құрлыққа 30км – дей сұғына еніп жатыр, енді жері 11км.
Ең терең жері 19м Батыс жағалауы Құланды түбегінің аласа
құнды жағасына, шығысы Қара түп түбегіне жалғасады.
Қашқансу – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі шығанақ.
Сырдария атырауының оңтүстік жағында. Арал ауданындағы жерінде.
Кезінде (1980жылдарға дейін) құрыққа 20км сұғына кіріп жатқан.
Теңізге шығаберісіндегі ені 7кмауданы 160км2. Шығыс Сырдарияның
ескі атырауы тілімдеген. Кейінен Арал теңізінің суының тартылуына
байланысты Қашқансу өңірі шөл далаға айналған.
Бутаков шығанағы – Арал теңізінің қиыр солтүстігінде, Шұбартаудың және
Көктырнақ түбектері аралығында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейін
шығанақтың суы батыстан шығысқа қарай 40км шамасында созылып,
енінің жалпақ жері 20км болған.
Бөріойнақ – (Бөрімойнақ) – қырат. Арал теңізінің шығысында Арал Қарақұмының оңт –де Жалағаш ауданындағы орналасқан. Бөріойнақ аталу себебі аты айтып тұрғандай бөрі (қасқыр) көптігіне байланысты қойылса керек.
Жыңғылтүбек – Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек. Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21,0км жерде орналасқан.
Аумағы 17854 га. Түбек тұсында теңіздің жағасы екі 3-4 км образиялық жиынды жазық сәл ылдилап теңізге түседі.
Қаратүп – Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан түбек.
Ол Арал қаласы мен Бөген елді мекенінің арасында жатыр. Аумағы 15,1мың-ға.
Барсакелмес – Арал теңізі солтүстік бөлігіндегі түбек Қызылорда облысы арал ауданында орналасқан.
Қаракемпір – Қаракемер – Дариялық тақыр жазығының салтегі қырат Сырдария ауданы жерлерінен түзелген Саралаң (Сарыалң) қаратты өңірі және Телкөл көлі аралығында жазық далаға ұласады. Дала Қызылорда 65 км жерде жатыр.
Құланды - Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек. Кезінде (1980 жылға дейін ) теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Абсолюттік биіктігі 108 м. Ақтөбе облысы жеріндегі Құмсуатта құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым бар.
1. Жыңғылтүбекке сипаттама бер.
2. Қаратүп туралы не білесің.
3. Бөріойнақ қайда орналасқан?
4. Арал теңізі солтүстік бөлігіндегі түбек .
5. Абсолюттік биіктігі 108 м. Ақтөбе облысы
жеріндегі Құмсуатты құдық,
6.Қаракемер туралы не білесің ?
Шығанақтар мен түбектерді кескін картадан
бейнелеп, рефарат дайындау
Күнтізбелік жоспар
№
Сабақтың тақырыбы.
сағат
І – тарау.”Жер атауларына үңілсек”
1.
2.
күні
Дария жағасындағы қала
6 сағат
1.
Жаңақорған,Шиелі
3.
Сырдария,Жалағаш
4.
1.
1.
Қармақшы,Байқоңыр
5.
1.
6
Қазалы,Арал
1.
Сарамандық жұмыс, тест
1.
7.
ІІ – тарау. “Сыр елі тұнған шежіре”
7 сағат
Қорқыт ата кешені,ақсаққыз мазары
8.
9.
Келін төбе,Жөлек,Күйікқала,Шірік Рабат,Алтынсары, Жусандала,Томпақсар т б көне қамал орындары
1.
Бұланды ата,Жанқожа батыр,Жалаңтөс баһадүр,Құл батыр ата
Сунақ ата,Оқшы ата,Қабыл ата,Жүніс әулие мазарлары
10.
1.
1.
Қазіргі қалалар мен кенттер
11.
1.
Қосқорған,Қышқорған,Сазантөбе т.б. бекніс ретінде салынған жерлер
1.
12.
13.
Ордакент,Аққыр,Сауран,Сығанақ,Сунақ,Қызылқала,Құмқала,Сырлытам,Қызқала,Бестам,Ортағасырлық қала орындары
Сарамандық жұмыс,тест
1.
ІІІ – тарау . “Сыр даңқын асқақтатқандар”
13.
1.
Ы.Жақаев және жақаевшылар командасы
14.
7 сағат.
1.
Облысымыздың “Еңбек ардагерлері”
15.
Күміс көмей әншілеріміз.
16.
1.
Облысымыздың ақындары.
17.
1.
18.
Сыр өңірінің жазушылары
1.
19.
Қыл қаламның шеберлері.
1.
Қазіргі “Сыр даңқын асқақтатқандар”
1.
ІҮ –тарау.”Табиғат кереметтері”
1.
20.
7 сағат
Өзендері
21.
Көлдері
22.
1.
23.
Құмды алқаптар,жазықтар
1.
Қыраттар,кеуіп қалған арналар
24.
1.
Аралдар тобы
25.
1.
Түбектер,шығанақтар
1.
26.
1.
Сарамандық жұмыс,тест
1.
Ү – тарау . “Қоршаған ортаны аялай білейік”
27.
Арал теңізі
28.
5 сағат.
Байқоңыр ғарыш айлағы
1.
29.
30.
Таза су тапшылығы
1.
Уран экологиясы
31.
1.
Атмосфераның ластануы
32.
1.
Сарамандық жұмыс, тест
1.
ҮІ –тарау.”Білгенге маржан”
1.
33.
2 сағат
Жобаларды қорғау
34.
Альбомдар жасақтау,Конференция
35.
1.
Барлығы
1.
34 сағат
Пайдаланған әдебиеттер
Оқушылар үшін :
1. Дереккөздер : Дисциплина: Қазақстан тарихы
2.Тұрлыбек Деменов. «Келменбет батыр»
Тарихи танымды жинақ Алматы , 1998 жыл.
3.«Сыр елінің мәдени мұралары» бірінші жинақ
Қызылорда 2005. Ж.А Жонтаева Ш.Ш. Әбдібаева.
4.Қызылорда облысы, энциклопедиясы. 2005 жыл.
5. Жанұзақ Телғожа «Қазақ ономастикасы.
Казакская ономастика. 1-том» Астана.
Мұғалімдер үшін:
1.Остроумов Н.В. География Туркестанского края с
краткими сведениями о ханствах Бухарском, Хивинском и Закаспийской областях, Самарқанд
1891. Ә Кузембаев.
2.А.Әбдірахманов 1975 жылы «Топонимика және
этимология»
3.Е.Қойшыбаев «Краткий толковый словарь
топонимий Казакстана» (1974 г)
4.Е.Керімбаевтың «Атаулар сыры» (1984), осы
жылдары «Тюркская ономастика»,
5. «Қазақ антропонимикасының мәселелері», «Қазақ
есімдері», (1988),
6 Ә.Абдрахманов «Қазақстанның жер – су аттары» Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы. 1959 ж.
Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
“ Ойдағыдай тәрбиелеудің
сыры оқушыға деген
құрмет сезімінде жатыр.”
Р.Эмерсон