«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде!»
Тәрбиеші: Алибай М.И
Приозерск қаласы
2019 жыл
1. Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде»
2. Күні: 06.05.2019ж
3. Ән-саз бөлмесі.
4. Қатысатын балалар саны: 15 бала
5. Ата-аналар мен балаларға.
6. Ұйымдастырушы: Алибай М.И
7. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
8. Безендіруге арналған көрнекіліктер: мәңгілік алауы, түрлі-түсті шарлар, слайд.
9. Техникалық жабдықтар:(теледидар, юзби, флешка)
10. №1. Хор: «Жеңіс туы желбіреп»
№2. Би: «Катюша»
№3. Ән: «Вставай страна огромная»
№4. Ойын: «Кім мерген»
№5. Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 74 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Еркетай» шағын орталығы бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Жүргізуші: Бүлдіршіндердің тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Айша:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың бауырың.
Отан-өлкең Астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Артур:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық.
Дияр:
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ
Ол-біздің Қазақстан!
Хор: «Жеңіс туы желбіреп»
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Слайд көрсетіледі.
Асылай:
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды.
Нурия:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
Айару:
Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім?
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржан біздің атамыз.
Айгерім:
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Би: «Орыс биі Катюша»
Жүргізуші:
Жеңіс келді, артта қалды зар, қайғы.
Адам асыл арманды алға жолдайды.
Бейбіт күнін аталардың әкелген,
Бүгін міне, ұрпақтары жолдайды-дей келе, Ерасыл балапанның әніне кезек берсек.
Ән: «Вставай страна огромная»
Ойын: «Кім мерген»
Жүргізуші:
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің құтты болсын,
Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте ұлдардың «Сарбаздар» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді, ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік- дей келе Наргиз қызымыздың әніне кезек берсек.
Жүргізуші:
Сұм соғыс қайтып болмасын,
Бәйшешектер солмасын.
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын.
Бірлікпенен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын.
Жүргізуші: Осымен 9-Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!