СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
мммммммммм мммммммммммммммммммммммммммм мммммммммммммм мммммммммммммммм мммммммммммммм ммммммм
Тексерілді:
Күні: 02.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы туралы түсінік беру, Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстыру. Абай туралы білімдерін толықтыру;
2. Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи көзқарастарынмен таныстырып, тірек сызбамен жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: Абай бейнесін таныту арқылы оның бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі ету, оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Жаңа сабақ.
Кіріспе. Адамзаттың Абайы
Абайтану курсы туралы түсінік.
Түсінік хат
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайтану негізінен Абайдың туғанынан бастап, азамат болу кезеңдерін зерттейді. Абай және оның өскен ортасы, ақын болып қалыптасу кезеңі
негізінен сол дәуірдің қоғамдық сипаты мен халықтың әлеуметтік тұрмысына байланысты өзіндік жалғасын тауып отырады.
Жалпы, курстың мақсаты – Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі
өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктейді:
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;
- Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп,
ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
- Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу;
- Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;
- Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау.
«Абайтану» курсында Абай мұрасын жан – жақты әрі терең танытуға
мүмкіндіктер жасай отырып, оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруды басты нысана етіп алып отыру.
Абайтану өзінің даму жолында аса күрделі қиын жолдардан өтті. Абай мұрасының жайын білу, бағалау саласында саяси – әлеуметтік жағдайларға байланысты қоғамдық ой – санада қым – қиғаш талас – тартыстар өріс алғаны белгілі. Сондықтан тәуелсіз заманның уақыт талабына орай жаңа таным мен соңғы көзқарастың ғылыми тұрғыдан тың байламдарын бүгінгі заман жастарының санасына сіңіру міндеті алға қойылып отыр.
Бұл курста әр оқушы өзі таңдаған тақырыбы бойынша ізденіп, түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жасауына болады.
Адамзаттың Абайы
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші, өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып біліп, өлеңде, қара сөзде өрнектеген ақын. Ұлы Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым, мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», - деп толғаған бұл байлам, әрбір қазақ баласының көкейінде жүрер, қасиетті ұғымға айналуы тиіс. Дегендей-ақ, бүгінде Абайды білмейтін, оның өлеңін, шығармаларын оқымайтын, Абайдың философиясын, таным-дүние түйсігін сезіп, білмейтін алаш кемде-кем шығар. Ендеше, бір сөзбен айтар болсақ ұлт мұратын, ұлттың тілін, діңін, халық аманатын әлемге паш етер болсақ, Абайға бас июіміз қажет. Сонда ғана ұлт армандарының, мұрат қағидаларының орындалғаны деп білеміз. Қазақтың бас ақыны Абай. Онан асқан, бұрын-соңғы заманда қазақ баласында болмаған. Сондықтан да бас ақын деп айтарымыз сөзсіз. Ендеше Абайдың поэзиялық, прозалық мұрасымен қоса әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазынасы, қара сөздері бар. Қазақтың жазба әдебиетін анық биік белге өрлетіп шығарған Абай. Өлді деуге сірә де сыймайтын, кейінгіге өлмес сөз қалдырған һәкім Абайдың қазақтың төбесінде биік болары осыдан. Қара сөз деген ұлы мұрасы қасиет теңдеген ұлының ғұмырын, шығармаларын әр толғанысын баяндау болса, бүгінге дейін асыл қара сөз мұрасы қазақтың жарқын болашағының тәрбие құралы. Демек, қазақтың қуанғанын да, мұңайғанын да, жылағанын да, қиналғанын да, күсінгенін де Абай мұраларында тебірене жырға қосты. Сөз өрнегі, інжу маржан мен өрнектелген мұрасының басты тақырыбы да адм болу, надандық жамандық әрекеттен аман болу. Ендеше, Абайдың даралығын, оның мұрасын бір ғана өлең шумағына сыйдырған айтыскер ақын Қойлыбай Асанның мына бір жыр шумақтары соны дәлелдегендей:
Қазаққа ең жаманға надан болу,
Надан болып, басқаға бодан болу.
Ақын болу әркімге арман шығар,
Абай болу, алдымен адам болу.
Пах, шіркін-ай, десеңші! Осындай бір жолға Абайды толығымен сыйғызу қазақтай дархан көңілді пәктігімізден шығар. Қорыта айтар болсақ, қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлпар. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір - ақ рет туады. Абай - таудай тұлға. Абай - сахарадай шежіре. Абай - сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер - сансыз ұрпақтың үлесі. Абай әр қазақтың сөзі әрдайым аузындағы жыры, сансындағы ар-ұжданы, көкірегіңдегі иманы болып қала бермек. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында!
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де халқының жадында бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат қой.
ІІI Сабақты бекіту: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
Абайтану курсының мақсаты не?
Бұл курс қандай міндеттерді жүктейді?
Абай кім?
Абайдың «Адамзаттың Абайы» деп аталуы неліктен деп ойлайсыңдар?
IV Сабақты қорытындылау:
Абай – атаның баласы емес, халық баласы. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Балалар, сендер осы күнге дейін Абайды ақын ретінде танып біліп келсеңдер, ал енді «Абайтану» курсы арқылы оның жан-жақты қырын және тарихи тұлға екенін білетін боласыіңдар.
Н. Ә. Назарбаев «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды» деген. Абайды оқып, таныған сайын оның жаңа сырларына қанық боласыңдар. Бірақ Абайдың шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс. Ал ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VI Үйге тапсырма:
Абайтану курсы туралы түсінік.
Оқып келу.
Тексерілді:
Күні: 09.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақын өмір сүрген заман
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абай өмір сүрген заман, сол дәуірдегі саяси көзқарас, ақынның өмір сүрген ортасы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абайтану курсы туралы түсінік.
Оқып келу.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абайтану курсының мақсаты не?
Бұл курс қандай міндеттерді жүктейді?
Абай кім?
Абайдың «Адамзаттың Абайы» деп аталуы неліктен деп ойлайсыңдар?
ІІІ Жаңа сабақ:
Ақын өмір сүрген заман
Абайдың өз сөзімен айтсақ, «соқтыкпалы, соқпақсыз» жерде, Сарыарканың шөлінде үдере көшкен қайшылық дәуірде» өмір сүрген Абайдың заманы — XIX ғасырдың екінші жартысы — қазақ халқының тарихында өткен дәуірлермен салыстырғанда ерекше орын алған кезең болды. Бұл кезде Қазақстан жерінің түгелімен Ресейге қосылу кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде және қазақ қоғамы дамуының объективті заңдылықтарына сай көптеген өзгеріс-жаңалықтар пайда болғаны мәлім. Ол өзгерістер қоғам құрылымында да, елдің экономикалық тұрмысында да, ел билеу жүйесінде де және мәдени-рухани өмірінде де орын алды. Кейбір әлеуметтік топтар тарих төрінен кетіп, жаңалары пайда болды. Қанаушы мен каналушылардың жаңа түрлері дүниеге келді. Казақ қауымының экономикасының тұрмысында егіншілік, сауда, ішінара өндіріс кәсібі тәрізді кұбылыстар жанданып, күшейді. Казақ қоғамының орыс халқымен қарым-қатысы да жаңа сипатқа ие болды: Казақстан жерінде қалалардың орнап, ұлғаюлары, орыс шаруаларының келіп қоныс тебулері екі халықтың еңбекші бұқарасының жүзбе-жүз көрісіп, араларында қарым-қатынас орнауына мүмкіндік берді. XIX ғасырдың II жартысыңда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси өзгерістер мен оқиғалар мұндағы адамдардың мәдени-рухани өмірін баяғы калпында қалдыра алмады. Кең далаға қазақ тілі тарихында із қалдырған рухани, мәдениет факторлары келе бастады.
Мұның ішінде ең алдымен оқу-білімнің едәуір таралуын атауға тура келеді. Бұл оқу-білім екі сипатта болды: бірі — діни, яғни мектептер мен медреселерде және ауыл молдаларында мұсылманша оқу, екіншісі — үкімет тарапынан ашылған школдар мен училищелерде және орыс мектептерінде азаматтық білім беру. Бұлардың қай-қайсының да саны аз болды және оларда оқығандар да көп болмады, дегенмен жыл сайын ұлғая түсіп отырды. Мысалы, Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1898 жылы 573 бала оқыпты. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында едәуір жақсы жүргізілді. Мұнда тұңғыш ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен қызметі айрыкша болды. Үкімет школдарының көпшілігінің жанында интернат болды (Интернатта окып жүр Талай қазақ баласы — Абай). Бір кластық және екі кластық деп бөлінетін бұл школдар 5-6 жылдық программамен қазақша-орысша азаматтық жалпы білім беруді көздеген. Бұлар мұғалімдерді, хат жүргізушілерді, тілмаштарды және әкімшілік аппаратының кіші чиновниктерін даярлап шығаратын болған. Бұл мектептер де сан жағынан көп емес. Бүкіл Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында небары 100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған. Кейбір отаршылдық мақсат көздегенімен, бұл школдардың маңызы зор еді. Алғашқы қазақ ағартушылары мен интеллигенциясы осылардан тәрбиеленгендер және казақ халқын орыс мәдениетімен, әдебиетімен, тілімен жақын таныстырған осы мектептер болды.
Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-санада негізгі екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі — реакцияшыл-кертартпа, екіншісі — ағартушы-демократтық. Реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдады. Сондықтан қазақ даласына келген күллі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарга қарсы шықты, бұл әрекеттері орыс мәдениетін жатырқау тенденциясын туғызды. Идеологиялық күрестері де ислам дініне иек артты. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге ат салысты. Бұл бағыттың өкілдері, негізінен, әдебиет қайраткерлері — ақындар болды. Олардың бастылары Шортанбай Қанайұлы (1818 — 1881), Дулат Бабатайұлы (1802 — 1874), Мұрат Мөңкеұлы (1843 — 1906).
Үстем феодал табы идеологтарының келесі бір тобы жоғарғылардан біраз ерекше тұрды, Олардың кейбіреулері (Әубәкір т.б.) қазақ феодалдарының мүддесін көздей тұрса да, заман ағымын бағдарлап, Қазақстанның Ресей қол астына кіру ісіндей жағымды сәттерді теріске шығармады, орысша білім-ғылым үйренуге де қарсы болмады. Сөйте тұра олар мұсылман дінін қазақ арасына жайып, нағыз уағыздаушылар болды. Олар халықты оқу-білімге шақырғанда, ең алдымен, дін оқуды еске тұтты. Бұл топтың ішінде айтарлықтай талантты ақындар да (Әубәкір Кердері) және бір алуан ақынсымақ молдалар да болды. Сөз етіп отырған кезенде сахна төріне шығып айқын көрінген демократиялық идеологияны жақтаушылар болды. Олар қазақ еңбекшілерінің мүддесін көздеп, азаматтық білім беруді, шаруашылықтың прогрессивтік түрлерін қолдануды (егіншілік пен отырықшылықты) қолдады. Орыс мәдениетіне иек артты. Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шықты. Бұл топтың ішінде Абай сияқты ірі ақын да, Шоқан Уәлиханов тәрізді ғалым да, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушы-педагог та және қазақ интеллигенциясының өзге де өкілдері болды. Осы екі бағыт бұл кездегі тіл мәдениетіне тікелей ықпалын тигізді: тіл практикасында да аралары ажыраған екі тенденция пайда болды. Демократтық-прогрессивтік идеологияны жақтаушылар қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен әдеби тілін (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет тілін) негіз етіп алды да, соны пайдаланды, әрі қарай дамытты. Феодалдық-патриархалдық бағыттағылардың да бірқатары (Дулат, Шортанбай, Мұрат т.б.) қазақ әдеби тілін қолданды, ал қалғандары ислам дініндегі күллі түркі халықтарына ортақ тіл деп тапқан «түркі тілін, қазақ филологиясында кітаби тіл» деп атанған тілді негіз етіп, оның таралуына, орнығуына әрекет жасады.
IV Сабақты бекіту: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
Абайдың өмір сүрген заман қандай кезең болды?
Осы кезеңде оқу-білім қандай сипатта болды?
Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның қай аудандарында едәуір жақсы жүргізілді?
Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалысқан, реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдаған қандай ақындар?
Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шыққан ақындар тобы.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VI Үйге тапсырма:
Абай өмір сүрген заман туралы түсінік.
Реферат жазу.
Тексерілді:
Күні: 15.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу
кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын оқушыларға таныту.
2. Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай өмір сүрген заман туралы түсінік.
Реферат жазу.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абайдың өмір сүрген заман қандай кезең болды?
Осы кезеңде оқу-білім қандай сипатта болды?
Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның қай аудандарында едәуір жақсы жүргізілді?
Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалысқан, реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдаған қандай ақындар?
Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шыққан ақындар тобы.
ІІІ Жаңа сабақ.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».
М.Әуезов
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны».
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ».
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» .
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет.
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады.
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» — деп бағалаған.
Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.
Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;
«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер, сілесі әбден қатып
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.
ІV Шығармашылық тапсырма
Абай-ақын
Абай-сазгер
Абай-шешен
Абай-ағартушы-ойшыл
Абайдың тарихи көзқарастары
Абай-күйші, сазгер.
Абай-аудармашы
Абай саясаткер
Абай төбе би- шешен
V Сабақты қорытындылау.
Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен.
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор.
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер).
• Аударма өнерінің үздік шебері.
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын.
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VIІ Үйге тапсырма:
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
«Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.
Тексерілді:
Күні: 22.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
«Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.
ІІІ Жаңа сабақ.
Сыныпты екі топқа бөлу.
1топ. Талап, еңбек, терең ой…
2 топ. Жасымда ғылым бар деп ескермедім…
Кіріспе.
Мұғалім: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін заманның өзі дәлелдеп отыр» деген болатын.
Ойы сергек, қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы — азаматтық тағылым» атты мақаласында былай деп едi:
«…Абай тағылымын тұту дегенiмiз – Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм-тәрбие көру. Абай айтқан: жаныңа жара салар жамандықтардан, яғни кеселдi кесапат мiнездерден бойыңды да, ойыңды да көш бойы аулақ ұстау, оларға жол бермеу, жол бергенге «сенiкi жөн» дегендi айтпау деп бiлемiз… Абай тағылымынан үйрену деген сөз – өмiрiңе және өзгелерге де Абайдың көзiмен әдiл баға берудi үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшiлiктерге кеңшiлiк бермеу дегендi баса айтқымыз келедi. Абайдың бiзге беретiнi сол, бiздiң одан тек батпандап ала бiлуiмiз ғана.
Абайсыз өмiр сүру – рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретiнен арыла алмау деген сөз. Барлық гәп осында жатыр… Бiр сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – өте ауыр тағылым. Сондықтан да оны ерiксiз мойындауға тура келедi, өйткенi ол бәрiбiр мойындатпай қоймайды».
Тахауи Ақтанов Абайдың ақындығы жайында әңгiмелесе қалғанда: «Мен Абайды ендi-ендi түсiнiп жүрмiн. Өлеңдерiн оқыған сайын бiр жаңалық ашқандай боламын» деген екен.
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. «Ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.
ІV Топтық жұмыс.
1-топ. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз — Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы — сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазақ ағартушылары сияқты — байлықтың, молшылықтың көзі — деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.
«Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман — деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.
Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған
Би болған, болыс болған өнер емес
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,
Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді.
«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе,
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың.
Абай қырық төртінші сөзінде: “Адам баласының ең жаманы — талапсызы”, дейді. Не нәрсеге болса да, талап ету міндет, мақсат адал ниет пен талапта.
Талаптың өз шарттары бар:
1. Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.
2. Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп, ғылымға қол созба.
3. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сақ бол. Білгендеріңді іске асыруың керек. Ол үшін еңбек етуің керек.
4. Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің беріктігі керек, ол үшін қайрат керек.
Талаптың ішіндегі ең зоры – бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. Абай «талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалының текке айтылмағаны туралы ой қозғайды.
2-топ. Абай өзі жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Осы өзінің өкінгендігінен балаларын орыс мектебіне оқуға береді. Ол баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін…
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- дейді. Алдына мақсат қойған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз, — дейді. Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады.
Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз
Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге,
Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге, - дейді.
Абай ел билеу ісіне ерте араласып, халықтың мұң-мұқтажын көре білді. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, ар-ынсабының әділ таразысы бола білді. Абайдың:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла…» Деген өлеңін түсіну үшін Абайды терең оқып, білу қажет.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз…
Надандарға бой бермей,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
«Жол көрмек, жоба білмек, жиhан кезбек» өлеңінде:
Ниетің түзу болса, сенің аппақ,
Екі елі азыңа қойсаң қақпақ
Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ, — дейді.
1-топ: Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Ол он же¬тінші сөзінде: “Адамның адам¬гершілігі неден құралады де¬генде – қайрат, ақыл, жүрек” – үшеуін айтып, ғылымға жү¬гін¬діреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүрек¬тің сезгіштігі. Мұның өзі көре¬гендік екендігін түсіну қиын емес.
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? — дейді ақын »Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (»ақыл-мизан, өлшеу қыл») дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің, ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек».
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. »Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек» дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай »суық ақыл» мен »ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Абай:
“Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз”, деп жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:
“Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой”, деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы — еріншектік. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Еріншектік – дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Осыларды қорытындылай келе, Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Абай осы үшеуін жоюдың емі- ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өз шығармаларында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті. Ақын адамдар арасындағы береке – бірлік, достық, ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.
2-топ. Досыңа достық қарыз іс
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым, — деп, нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану» пәні мен Селевконың «Өзіңді-өзің жетілдір» бағдарламасы оқушыларға ой тастап, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпалын тигізеді.
Абайдың он тоғызыншы “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін еске-ріп жүрген кісі өзі де есті бо¬лады”, деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілген¬нен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымын дамытып, мектеп қабырғасында-ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқара¬сын жеткізе білуі қажет.
Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырады:
«Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос.» талдау
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса жарайды, қылса, сұхбат.
Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз
Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын былай деп сынайды.
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату
Тілегі, жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да,
Аямай жанын дос берер,
Жолдастықты ақтаса, — деп, адал достыққа шақырады.
Осындай ойларын «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлеңінде де білдіреді. Ақын 1 сөз үшін жау болып, 1 сөз үшін дос болып, 40 құбылып жүретін адамдарды өткір тілмен әшкерелейді.
V Сабақты бекіту.
Толық Адам қандай?
Абай афоризмдерінен оқушылардың өздеріне айтқызып, мағынасын ашу.
• Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.
• Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.
• Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.
• Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.
• Ақылсыз, шынға сенбей — жоққа сенбек.
• Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
• Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл…
• Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
• Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
• Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
• Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
VІ Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.
Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары.
Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды. Міржақып Дулатовтың сөзімен айтсақ, “Абай атамыз бізден қанша алыстаса да, оның мұрасы бізге сонша жақындай түспек”.
Абай сөзі — адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық.
Абайдың өсиетін түсінгендер,
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.
Сенбе, жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VІІI Үйге тапсырма:
Ақынның халық даналығын тануы туралы түсінік.
Реферат жазу.
Тексерілді:
Күні: 29.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар, ақынның шығыс ақындарымен шығармашылық байланысы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Ақынның халық даналығын тануы туралы түсінік.
Реферат жазу.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТЫҚ САРЫНДАР
Қазақ әдебиетінің классигі – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының рухани нәр алған үш қайнар көзінің бірі – Шығыс мәдениеті, Шығыс әдебиеті екендігі зерттеушілердің еңбектерінен белгілі.
Абай Шығыс ақындарының шығармаларын өзінің ақындық ой-көрігінен өткізіп, ағартушылық ой-пікірлерімен ұштастырды. Сондықтан олар бастапқы түпнұсқасын өзгертіп, қазақы бір реңк алып кеткен. Абай ақындық кемеліне келіп, таланты әбден толысқан кезде Шығыстың классикалық араб, парсы поэзиясы үлгісінде бірнеше өлеңдері мен «Ескендір» поэмасын, «Мың бір түн» желісі негізінде «Әзім әңгімесі» мен «Масғұтты» жазды.
Шын мәнісінде, Абай Шығыстың үлгілі ақындарынан тікелей аударма жасамаған. Ал, парсы ақындарына келгенде оларға тура еліктемей, өзіндік ақындық бет-бейнесін сақтап, өзінше жырлаған. Абайда еліктеу жоқтың қасы, тек ақын мұрасынан парсы ақындары шығармаларымен үндестік сарыны менмұндалап тұрғаны анық.
Абай Шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен Ахмет Риза медресесінде танысады. 13-14 жасар бала ақын Шығыс шайырларының рухына табынып, өзі құрмет еткен ақындардың есімін санамалап өтіп, солардан медет тілейді. Абай аты аталған ирандық ақындардың еңбектерімен түпнұсқа арқылы да таныс болуы әбден мүмкін. Абайдың парсы тілін бір кісідей жақсы білгеніне өзінің шығармаларында көптеп кездесетін парсы сөздері, парсы тілдес ақындар шығармаларымен ой үндестігі, тақырып, идея ұқсастықтары айғақ бола алады. Оның үстіне шет тілін меңгеру зерек те алғыр Абай үшін көп қиындық тудырмаса керек-ті. Мәселен «Әлифби» өлеңіндегі қолданылған кірме сөздер қазіргі парсы тілінде өз мәнін жоймаған. Парсы тілінен бұл сөздер төмендегідей аударылады: «ғибрат», ебрат – үлгі; «дард» – дерт, ауру, сырқат; «несбат» – қатысты, қатынас, «абиат» – бейт сөзінің көпше түрі; «бейт» – екі мысрадан тұратын өлең өлшемі; «сана» – мадақ; «хормат» – құрмет, абырой; «ентезар» – күту, тосу; «дариға» – қап, әттең-ай, өкінішті; «лаб» – ерін; «йар» – дос, жар, тілектес; «руз» – күн т.б. Ал осы сөздердің кейбіреуінің парсы тіліне араб тілінен енгенін ескермеске тағы болмайды.
Абай Шығыс ақындары есімдерін санамалап өтетін өлеңінде парсы поэзиясының негізін қалаушы Рудакидің есімін атамаса да екі ақынның табиғат тақырыбын жырлаудағы өлеңдерінің сарындас, мазмұндас екенін байқаймыз.
Рудаки «Түрлі түсті, жұпар иісті, жасыл көктем келіп жетті», «Қатпар-қатпар жапырақты, аппақ мирта, жасыл бақ», «Мулиан арығының исі бұрқырап», «Желтоқсанның түніне бір бейне сәуір құлағандай айналып» сынды өлеңдерінде табиғаттың әртүрлі құбылыстары мен көріністерін поэтикалық тұтастықпен тамаша сипаттап жырлағанындай, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай шығармаларынан да табиғаттың қайталанбас сәттерін, оның бір күйден екінші күйге ауысатын мезгілдерін сипаттаған өлеңдеріне қарап, тақырып ұқсастығын, Рудаки мен Абайдың эстетикалық танымдарының жақындығын байқаймыз.
Қазақтың байтақ жері мен өзінің туған жері Шыңғыс тауы баурайының тамаша көрінісі сыршыл жүректі Абайдың төрт мезгілді сипаттаған «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс», сонымен қатар «Желсіз түнде жарық ай», «Көк ала бұлт сөгіліп» сияқты өлеңдерінен көрініс тапқан. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңін де Абайдың жыл мезгілдері топтамасына қосқан жөн. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі де, тақырыбы жағынан өзгешелеу болғанына қарамастан, ақынның табиғат лирикасына жазылған өлеңдер санатына кіреді.
Абай көктемнің қарттарға да әсер ететінін қалыс қалдырмай, олардың алты ай қыс бойы бір-бірін көрмей, арқа-басты кеңітетін осы бір әдемі кезеңде күн шуақтап тысқа шығып, шүйіркелесіп, құрдастардың қуаныштан арқа-жарқа болысып қалатынын, олардың сыртқы жүдеу кейіптерін сәл мысқыл аралас жеткізеді:
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен [6, 160].
Рудаки де қариялардың көктемде бір сәт болсын көңілдерінің жасарып қалатынын өзіндік өрнекпен бейнелеген:
Қария да мүмкін жасарып қалар бұл кезде,
Өзгеріс болып, құлпырғанда бұл дүние [8, 68].
Жаз көркінің жыл құсымен енетіні белгілі. Табиғат – Ананың перзенттерін құшағына алып, бар мейірімін төгетін, «күннің көзінің ата-анадай елжірер» осынау бір ғажап кезі – көктемде жыл құстарының туған өлкеге оралып, ұя жасап, жұмыртқа салып, жер дүниені азан-қазан күйге ендіріп, ал әнші құстардың құлақтың құрышын қандырып сайрайтынын Абай жанды, қимыл-қозғалыста суреттейді:
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек... [6, 160].
Парсы ақыны Рудаки де әнші құстардың көктемде әсем дауыстарымен әнге басатынын тамаша сипаттайды:
Бұтағынан сәмбінің бұлбұл әнін шырқайды,
Қара торғай кипарис ағашынан үнін қосады.
Ескі әуенмен көкек қайта сайраса,
Гүл бұтағынан бұлбұл бөтен әуенге басады [8, 69].
Қорыта айтқанда, Абай мен Рудакидің табиғат лирикасындағы өлеңдерінің пейзаждық бейнелеулер мен адам болмысын егіздей, өзара сабақтастыра жырлаудағы лирикалық-психологиялық, романтикалық-философиялық сипаты ақындардың әлемдік деңгейдегі биіктігін көрсетеді. Лирикалық өлеңдерінде табиғат құбылыстарынан, көріністерінен адам болмысына тән сабақтастық түйіндеулерін, поэтикалық мегзеулерін жасауы – Абайдың өзінің даралығын да, парсы ақыны Рудакимен үндестігін де дәлелдейді.
Абайдың балаң кезінде пір тұтып, медет сұраған ақындарының ішінде шираздық Мошрафед-дин Мослеһ ибн Абдоллаһ Сағди (1210-1292) есімі де құрметпен аталады. Сағди алғаш рет парсы поэзиясында «адамгершілік», «адамшылық» ұғымын қалыптастырып былайша жеткізген:
Басқалардың қайғысын бөліспеген сенің,
Атыңды адам деп айтуға болмайды [12, 27].
Абайдың да адамгершілік тақырыбына жазылған өлеңдері арқылы әлемдік адамгершілік, адамтану іліміне қомақты үлес қосқаны анық. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде ақын: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөздер арқылы Адам баласын ұлтына, түр-түсіне, тегіне, жүзіне бөле-жармай, барлығына бірдей сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарау керек екендігін, олардың барлығының тең екендігін адамгершілік тұрғыдан байыптайды. Енді бірде Абай «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың» деп, тағы да адамгершіліктің ақ байрағын жоғары көтереді.
Абай сол дәуірдегі қазақ қоғамында белең алған келеңсіз құбылыстарды «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки» т.б өлеңдерінде асқан шыншылдықпен жырға қосып, жағымсыз құбылыстарды бірде сынай, енді бірде мысқылдай отырып, оқырманға өз ойын, өз сөзін жеткізеді.
Қорыта айтқанда, Абай мен Сағдидің әдеби мұрасынан көрініс беретін ұқсастықтардың төмендегі белгілерден байқалатынын анықтадық: біріншіден, екі ақынның шығармашылығынан дүние жүзілік классик ақын-жазушылардың шығармаларына тән әлемдік көзқарастың көрініс тебуі; екіншіден, олардың әдеби мұраларының өміршеңдігі, тіпті мәңгіліктілігі, олардың қай ғасырда болмасын әр ұрпаққа түсінікті болуы; үшіншіден, шығармаларының өн бойының насихат пен өнеге-нақылға толы болуы; төртіншіден, екі ақынның шығармаларының да адамгершілік рухта жазылуы, сол себепті екеуінің де әдебиет әлемінде ақылман Ұстаз ретінде танымал болуы.
Рудаки, Фердоуси ақылды дәріптесе, Низами, Хафиз, Руми, Жәми сынды ақындар жүректі шешуші орынға қойып, оның қадір-қасиетін асқақтатып, мәртебесін жоғары көтеріп, өз жырларында жеріне жеткізе жырлаған. Қазақтың біртуар ақыны Абай да өз шығармашылығында жүрекке екпін түсіріп, оны әр қырынан сипаттап, өрнектеген.
Абай шығармашылығын зерделеу барысында ақынның жүрек тақырыбын адамгершілік, махаббат сияқты адам баласына Жаратушы тарапынан сыйға берілген биік сезімдер тұрғысынан жырлағандығын байқаймыз.
Абай балаң кезінде Шығыс ақындарына еліктеп, сұлу қыздың жамалын «Иүзі – рәушан, көзі – гауһар» өлеңінде суреттеп бастап, «Әлиф дек ай иүзіңе ғибрат еттім» өлеңінде араб әліппесінің әріптік ретімен жалғастырып, кейін есейген кезінде ғашықтық, іңкәрлік тақырыбын «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің?», «Айттым сәлем, қалам қас» өлеңдерімен қорытындылайды. Ақын «Иүзі – рәушан, көзі – гауһар» өлеңінде араб-парсы өлең үлгісі – арузды пайдаланып, жас сұлудың ай жүзін араб-парсы сөздерін қосып, парсы әдебиетінде жиі кездесетін «маһ сурат», «роушан рохсар», «чешман-е гауһар» сияқты теңеулерге ұқсас сипаттайды. Сонымен қатар осы өлеңде Абайдың парсы әдебиетімен жақсы таныс болғандығын растайтын Сүлеймен, Жәмшид, Ескендір сияқты әдеби кейіпкерлер есімдері де кездеседі.
Академик С.Қасқабасов: «...Зерттелуге тиісті нәрсенің бірі – Абайдың Ескендір бейнесін Шығыс классиктерінен басқаша бейнелеуі» деген пікір білдіреді. Абай поэмасының кейіпкері Ескендір бейнесін парсы ақындарының кейіпкерлерімен салыстыра зерттеу абайтану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып, оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық арасында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы «Қос мүйізді Зұлқарнайын» деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай тарихи шындыққа сай Ескендірдің Филипп патшаның перзенті екенін, оның Македонияны мекен еткенін, қызғаншақ адам болғанын жазады.
Шығыс ақындарының ішінде Ескендір тақырыбына алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ақын – хакім Әбілқасым Фердоуси (936-1027). Ол араб халифатының езгісіне душар болған иран халқының ұлттық намысын ту етіп көтерген «Шаһнаме» (شاهنامه) еңбегінде Ескендірдің бет-бейнесін сомдауға үлкен бір тарау арнаған. Ескендір жайлы үлгі боларлық дәрежеде жыр жазған, кейін ол жырлаған шығарма басқа ақындардың еліктеу үрдісіне айналған Низамидің «Ескендір-намесі» (اسکندرنامه) – «Хамсеге» енген соңғы бесінші поэма. А.Македонский жайлы парсы тілінде шығарма жазған үнді-иран ақындарының бірі – Амир Хосроу Деһлеви (1253-1320). Амир Хосроу Деһлевидің «Хамсесіне» енген төртінші поэмасы «Ескендірдің айнасы» (آینه اسکندری) деп аталады. Парсы әдебиеті тарихын зерттеушілердің әрқилы пікірлеріне қарамастан, қалыптасқан үрдіс бойынша, «парсы әдебиетінің классикалық кезеңінің аяқтаушысы» деген құрметті атаққа Әбдіррахман Жәми ие болған. «Һафт ауранг» деген жеті шығармадан тұратын мәснауилерінің соңғысы «Хераднаме-йе Ескандари» – «Ескендірдің даналық кітабы» деп аталады.
Абай поэмасында Ескендірдің мөлдір бұлаққа кез болу сюжеті парсы ақындары шығармаларының бас кейіпкерлерінің мәңгілік түнек аймағы – Зұлматқа барып, хаят суын іздеу сюжеттерімен үндеседі. Абай поэмасындағы Ескендір патшаның кепкен балықты дәмі тіл үйіретін суға салып, қайтып алып шыққанында дәмі, исі өзгеріп шыға келетін тұсы Низамидің Ескендірнамесіндегі Қызыр мен Ілияс пайғамбардың қолындағы кепкен балықтың бұлаққа түскеннен кейін тіріліп кететінімен ұқсас.
Абайдың «Ескендір» поэмасы біршама тарихи, әдеби деректер негізінде жазылған, бірақ тектес шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын, олардың барлығынан өзгеше, дара туынды.
Қорыта айтқанда, шығыстық фольклор үлгілері туындыларына қанық болған Абай бұл дастанына әр түрлі сюжеттер мен өзі өмір сүрген қоғамның ахуалын қатыстырып, насихаттық мақсатта жазып шыққан. Нәтижесінде, үлгі-ғибраттық рухтағы шығарма дүниеге келген.
IV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының рухани нәр алған үш қайнар көзінің бірі.
Абай қандай поэмаларын шығыстың классикалық араб, парсы поэзиясы үлгісінде жазды?
Абай Шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен қай жерде танысады?
Абай шығармалары Шығыстың қандай ақындарының шығармаларымен ұқсас келеді?
Абай мен Рудакидің шығармашылығында қандай байланыс,ұқсастық бар?
Абайдың «Ескендір» поэмасының парсы ақындары шығармаларының арасында қандай үндестік бар?
V Үйге тапсырма:
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 06.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абай және орыс әдебиеті, ақынның орыс жазушыларымен шығармашылық байланысы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар туралы түсінік.
Реферат жазу.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының рухани нәр алған үш қайнар көзінің бірі.
Абай қандай поэмаларын шығыстың классикалық араб, парсы поэзиясы үлгісінде жазды?
Абай Шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен қай жерде танысады?
Абай шығармалары Шығыстың қандай ақындарының шығармаларымен ұқсас келеді?
Абай мен Рудакидің шығармашылығында қандай байланыс,ұқсастық бар?
Абайдың «Ескендір» поэмасының парсы ақындары шығармаларының арасында қандай үндестік бар?
ІІІ Жаңа сабақ:
Абай және орыс әдебиеті
Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды. Сол мектептен үлгі алған Абай қазақ әдебиетінде үлгілі мектеп болды.
Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.
Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды.
Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.
ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны, «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» – деп Абай айтқандай, әдебиет әлемінде әркімнің өз орны бар. Ақын жазушының бәрі бірдей әдебиеттен қолма-қол өз орнын дәлме-дәл таба қоюы сирек нәрсе.
Абайдың аударма өндірісіндегі ерекше зор тарихи еңбегін атап айта келіп, М.Әуезов: «Бұл жөніндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор, кең мағыналы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді»- дейді.
Ақын аудармалары – өмір шындығының айнасы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі адамгершілік, халықтық, демократиялық идеяның үлгісі. Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде мәңгі маңызын жоймайтын әдеби мұра.
IV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі.
Абайдың аударма саласындағы шеберлігі және жетістігі қандай?
Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге оқуының себебі неде?
Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясына қандай өзгеріс алып келді?
ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі.
V Үйге тапсырма:
Абай және орыс әдебиеті туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 13.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың Пушкиннен аудармалары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақынның шығармашылық байланысы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай және орыс әдебиеті туралы түсінік.
Реферат жазу
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі.
Абайдың аударма саласындағы шеберлігі және жетістігі қандай?
Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге оқуының себебі неде?
Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясына қандай өзгеріс алып келді?
ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі.
ІІІ Жаңа сабақ:
Абайдың Пушкиннен аудармалары
Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.
Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын.
Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты.
Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі.
Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады.
А.С.Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі– шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны – романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу – чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнұсқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.
IV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Абай аудармаларының ерекшелігі неде?
Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының қандай маңызы бар?
Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне қай жылдан бастап аударады?
Абай Пушкиннің қандай туындысын аса жоғары бағалады?
Абайдың Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударудағы шеберлігі.
V Сабақты қорытындылау:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай аудармалары арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
VІ Үйге тапсырма:
Абайдың аудармаларын оқу, бір ұнаған үзіндісін жаттау.
«Абай аудармаларын оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе
«Абай атаға хат» тақырыбында эссе жазу.
VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 20.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: "Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақынның шығармашылық байланысы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайтану оқулығы, көркем әдебиеттер, Пушкиннің портреті, Абай аудармалары, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абайдың аудармаларын оқу, бір ұнаған үзіндісін жаттау.
«Абай аудармаларын оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе
«Абай атаға хат» тақырыбында эссе жазу.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абай аудармаларының ерекшелігі неде?
Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының қандай маңызы бар?
Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне қай жылдан бастап аударады?
Абай Пушкиннің қандай туындысын аса жоғары бағалады?
Абайдың Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударудағы шеберлігі.
ІІІ Жаңа сабақ:
"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі
Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын.
Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты.
Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі.
Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады.
"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі.
Жарым жақсы киім киіп,
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңілім,
Басылмай бір құшып, сүйіп.
Бойым тұр дал болып иіп,
Көңілім жүр құс болып шүйіп.
Есіркеп сүйгізіп еді,
Кетіппін жүз есе күйіп.
Қылдың арам ойыңды,
Бір бұрмадың мойныңды.
Сен ақылмен көңліңді
Тыйып, жеңдің бойыңды.
Мен бұзылып түзеле алман,
Қайтсін дедің сорлыңды...
Атам, анам – қара жер,
Сен аша бер қойныңды.
Сенен басқа еш жерден
Таба алмадым орнымды.
IV Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
V Талдау. Өлеңді құрылысына қарай талдайды.
Жа-рым жақ-сы // ки-ім ки-іп, 8 а
Кел-ді жан-ға // жы-лы ти-іп. 8 а
Ди-уа-на бол-ды // бұл кө-ңі-лім, 9 б
Ба-сыл-май бір // құ-шып, сү-йіп. 8 а
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
VІ Шығармашылық тапсырма. Онегин мен Татьянаның махаббатын Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатымен салыстырыңдар.
Онегин мен Татьяна | Ортақ ұқсастықтары | Қозы Көрпеш пен Баян сұлу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VІІ Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Онегин мен Татьянаның махаббатын Абай өз сөзімен қалай жеткізген?
Аударманың бірнеше шумағын жаттаңдар, түсінігін өз сөздеріңмен жеткізіңдер.
Аудармада кездесетін кірме сөздерді тауып, этимологиялық талдау жасаңдар.
VІІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ІХ Үйге тапсырма:
"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі туралы түсінік.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Тексерілді:
Күні: 27.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайтану оқулығы, көркем әдебиеттер, Абай аудармалары, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі туралы түсінік.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Онегин мен Татьянаның махаббатын Абай өз сөзімен қалай жеткізген?
Аударманың бірнеше шумағын жаттаңдар, түсінігін өз сөздеріңмен жеткізіңдер.
Аудармада кездесетін кірме сөздерді тауып, этимологиялық талдау жасаңдар.
ІІІ Жаңа сабақ:
Абай және батыс әдебиеті
Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым – батыс, батысым – шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.
Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай – дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс европа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Абай мен батыс европа әдебиетін сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі – Европада толып жатқан халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі грек, рим мұраларының жекелеген нұсқалары, ағылшын, француз, неміс, поляк ақын-жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. Батыс Европа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір европалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Европа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше.
Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, жоқ па - ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, Семей кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің (1902-1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс Европа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасында Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, Чарлз Дарвин, У. Шекспир, И. В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма т. б. авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры – осы. Бұл хақында Әуезов:
«Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Европаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Европа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі», - деп жазды. (М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 253 б.).
ІV Сабақты бекіту:
Тапсырмалар:
Абай шығармашылығына батыстың ықпалы.
Аударма тіліне талдау жасаңдар.
Абай өз халқының ғасырлар бойы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарғандығын дәлелдеңдер.
Іздендіру тапсырмасы.
Абайдың батыс әдебиетімен байланысы туралы мәліметтер жинақтаңдар.
Абай аудармаларының түпнұсқасын тауып салыстырыңдар.
V Үйге тапсырма:
Абай және батыс әдебиеті туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 10.11.2015
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дж.Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайтану оқулығы, көркем әдебиеттер, Абай аудармалары, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай және батыс әдебиеті туралы түсінік.
Реферат жазу.
Тапсырмалар:
Абай шығармашылығына батыстың ықпалы.
Аударма тіліне талдау жасаңдар.
Абай өз халқының ғасырлар бойы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарғандығын дәлелдеңдер.
ІІІ Жаңа сабақ.
Дж.Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері
Батыс классиктері Шиллер, Гете, Байрон, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдерін Абай Құнанбаевтың алғаш рет қазақ тіліне аударуы халқымыздың рухани тарихында маңызды құбылыс болды. Неміс халқының тағы бір үлкен ақыны әрі ойшылы Иоганн Вольфганг Гете шығармашылығы Ресейде ХVІІІ ғасырдан бастап-ақ зерттеліп, жоғары бағаға ие болған-ды. Гете өлеңдерін орыс тіліне аударуға В.А.Жуковский, Пушкин айналасының ақындары және Ф.И.Тютчев, Н.П.Огарев, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет т.б. қатысты, Гете қазынасына қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың да қызығуына Лермонтовтың әсері мол болды. Гете шығармаларының орыс тіліңдегі ең тәуір аудармалары, мысалы, Жуковский аударуындағы «Орман патшасы», А. Н. Толстой аударуындағы «Коринф қалыңдығы» қатарынан саналатын Лермонтов аударған «Тау шыңдары» лирикалық туындысын Абай қазақшаға еркін тәржімелеген «Горные вершины, Спят во тьме ночной. Тихие долины, Полны свежей мглой; Не пылит дорога, Не дрожат листы... Подожди немного – Отдохнешь и ты...» деп келетін тамаша пейзаждық көріністі Абай дәлме-дәл дерлік, шебер аударған.
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жолдағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ».
Көптеген поэтикалық шығармаларына ақынның өзі шығарған әуендер, әндер қатарында Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі де бар, бұл ән қазақ халқының сүйікті әндерінің бірі. Абайдың Гете өлеңіне ән шығаруы – оның сол кездің езінде немістің ұлы гуманист ақынының лирикасындағы тамаша белгілер мен ғажап әуендеріне терең бойлап, жан қозғалысының үндестігін таба алғандығының айғағы. Гете шығармашылығын зерттеушілердің айтуынша Гете өз өмірінде 1600-ге тарта өлең жазған. Солардың көбі халық өлеңдеріне айналған; дүние жүзінің ең тәуір композиторлары олар үшін музыка шығарған. Осы әлемге ән боп тарап кеткен Гете өлеңдерінің бірін Абай да аударып, өзі ән шығарып, қазақ сахарасына жайып жіберген. Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. Абай бұл өлеңге тегін назарын аудармаған. «Еврей сазынан» Абай ұлттық езушіліктің зардабын тартқан жазықсыз адамдардың қайғы-шерін, азап-азасын естіді. Бұл өлеңнің өзегі болған езілген халыққа деген ықылас - ілтифат, гуманизм идеялары, қиындық кезде сол езілген халықпен бірге ауыр жүк көтерісер сөз бен саздың күші мен құдіретін сүюшілік қазақ ақынына да қатты әсер етпей қалмады. Өз халқының да отарлық әрі ұлттық езушілік зардабын тартқан мүшкіл халіне қанық қазақ ақыны Байронның «Көңілім менің қараңғы» өлеңін аударғанда түпнұсқаның негізгі мазмұны мен бағытын дәл сақтап, қазақ өлең өлшемдеріне, ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, еркін сілтеген. Түпнұсқадағы кейбір сөз, мысалы, «алтын арфа» қазақ оқушылары мен тыңдаушыларына түсінікті «алтын домбыра» деген сезбен ауыстырылған. Алтын домбыраны шертіп тартушы ақын Абай аудармасында өмірінде көп азап шеккен, бірақ, көңілі жарқын үмітке, бойы қайратқа толы, ұмтылыс-серпіліске, батыл қимылға, күреске бейім жан болып бейнеленеді. «Қатып қалған кезімде бір тамшы жас» - адам азабының, сорының ауырлығын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адам бойындағы сарқылмас күш, мұқалмас жігер, айбарлы ашу айбатының да елесі іспетті. Өзінің көрген азабын езілген халық тек ақынына ғана сеніп айта алған, ақыны ғана оның жоқшысы, өкілі бола білген. Байрон өлеңіндегі бұл өмір шындығы алыстағы сахара елінің өмір жайына да жақын, танысты. Сондықтан да Байронның «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын» елеңі Абай аудармасында қазақтың ез тел өлеңіндей түсінікті болып, ел арасына кең тарады. Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінің ұлы классик жазушылары Шиллер, Гете, Байрон, Пушкин есімдерімен қатар турады. Жалынды патриот, демократ, революционер ақын, халықтар ынтымағы мен достығының жаршысы болған Мицкевичтің әдеби мұрасын прогресшіл бүкіл адамзат қадір тұтады. Мицкевич туындыларының гуманистік, халық сүюшілік рухы Абай Құнанбаев арқылы қазақ даласына 19 ғ-да-ақ жеткені мақтанышпен айтарлық. Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич өлеңін аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деп жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше елеңін аударғанға ұқсайды. Абайдың тел шығармаларының өзі бізге толық жетпегені сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден ықтимал. Бізге Мицкевичтен бір ғана аударма елеңі жеткен. Поляк ақынын Абайдың білуі, өлеңін аударуы түсінікті жай. Мицкевич езінің кезі тірісінде-ақ кептің ықылас- ілтипатына, даңққа бөленген ақын. Оның Пушкинмен айырылмас достығы екеуінің де шығармашылық қызметіне із қалдырғаны белгілі. Пушкин поляк досына арнап «Ол біздің арамызда...», «Фонтандар салқын самалында...» атты өлеңдерін жазып, бірнеше шығармасында оның атын құрметпен атайды. Ұлы орыс ақыны Мицкевичтің әйгілі «Конрад Валленрод» романтик. дастанын, «Ұлы Будрыс» және «Барлаушы» балладаларын орыс тіліне аударған. Сөйтіп, Пушкиннің өмірі мен шығармаларына Мицкевич қалдырған белгілер - қазақ ақынын да бейжай қалдырмайды. Оның үстіне дәл осы кезде Минаев аударған, Н. П. Полевой редакциялаған Мицкевич шығармаларының екі кітабы 1882 ж. С.-Петербургте басылып шықты. Мицкевич елеңін қазақ тіліне аударғанда Абай Құнанбаев осы басылымды пайдалануы әбден мүмкін. Мицкевичтен Абай аударған екінші өлең - «С. Б. альбомына». Бүл елеңнің кімге арналғаны әлі толық анықталмаған. Мазмұнына қарағанда бүл өлеңді ақын декабристер және 1830 жылғы поляк қозғалыстарынан кейін Европа реакциясы етек алған ауыр жылдарда жазған. Ақынның көңілсіз, минорлық көңіл-күйі, жарқын келешектен үміт еткен кездерін еске түсіріп қамыққан жайы, «ызыңдаған боран-бұрқасын» жағдайындағы қапаланған хәлі айқын сезіледі. Мазасыз боранды реакция бейнесі деуге болады. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын сақтай отырып, бүл өлеңді қазақ тіліне еркін аударған да, өз тарапынан «дүрілдеген нажағай», «бұрқыраған жауын», «бағы қайтқан қауым» сияқты сездер қосып, өлеңге едәуір қоғамдық-саяси рең берген. Мицкевич елеңіндегі соңғы шумақ Абайда жоқ. Абай аудармаған ба, әлде аударса да бізге жетпей жоғалып кеткен бе - ол арасы белгісіз. Абай аударған осы тамаша лирик. елең екі ақынның көңіл-күй әлемінде бір-біріне жақын үндестіктер, орайлас ойлар болғанын да аңғартады. Ағылшын басқыншылығы мен жүз жылдық азаттық күрес кездерінде ерекше ерлігімен көзге түскен француз халқының батыр қызы Жанна дАрктың есімін қазақ ақынының құрметпен еске алуы да оның өзге елдер тарихымен мықтап шұғылданғанының айғағы. Отыз жетінші сөзінде А. Құнанбаев көпшілік үшін қандай қиындықтан болса да бас тартпаған ержүрек жандардың қатарында Жанна д.Аркты атап: «Оны отқа жаққан кім?» - дейді де, тобыр топастығы, надандық екендігін ашық әшкерелейді.
Қазақтарды Батыс Европа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он жыл еткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта шығарма жазуы, Батыс Европа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз әдеби туындыларды ауызша елге таратуы - қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, маңызы зор тың бастама болды. Бұл жаңалық қазақтың ұлттық әдебиетінің тар шеңберден шығып, бүкіл адамзаттың көркемдік даму құбылыстарымен байланыста дамуына жол ашты. Абай сол жолда ез халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарған.
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Абайдың 1892ж. М. Ю. Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең - Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді 1840 ж. неміс тілінен тікелей тәржімалаған. Ән шалқымалы кең тынысымен ерекшелеңіп, өлең кестесі 7-8 буынмен қалыптасқан. Ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңлім тоярсың» әндері осы әнмен ұқсас әрі сарындас.
Қараңғы түнде тау қалғып
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
«Көңілім менің қараңғы» - М.Ю.Лермонтовтың «Еврейская мелодия» атты өлеңінің 1892 ж. Абай тәржімелеген туындысы. Көлемі 8 жол. Абай түпнұсқаның:
«Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твои, промчавшися по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очах застывших капля слез –
Они растают и прольются...» - деген алғашқы сегіз жолын ғана тәржімелеген. Лермонтов өлеңі Джордж Байрон шығармасының ізімен жазылған. Тақырыбы Тәураттан алынған («Саул патшаның Дәуітке айтқаны»). Өлеңнің «Еврей сарыны» («Еврейская мелодия») деп аталуы да сондықтан. Түпнұсқаға сай «бейістің үні шығар» деген сөз де діни сарынға байланысты. Ал шығарманың басты идеясы – ақынның өлеңді кеудеге толған қайғыны, зарды жас етіп төгіп, бойды жеңілдетіп, сөнген үмітті қайта тұтандыратын зор қуат-күші бар деп қарауы - өлең сөзді қастерлеуі. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасы өрнегімен кестеленген. Алғашқы рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 2-шумақтың 2-жолы «Керек қой көңілді үміт тербентпесе» делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша бұл жол «Керек қой көңілді үміт тебірентсе» болып түзетілген.
Көңілім менің қараңғы
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейістің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!
ІV Сабақты бекіту:
Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқиды.
Талдау. Оқушылар өлеңдерді құрылысына қарай талдайды.
Қараңғы түнде тау қалғып
Қа-раң-ғы түн-де // тау қал-ғып, 8 а
Ұй-қы-ға ке-тер // бал-бы-рап. 8 б
Да-ла-ны жым-жырт, // дел-сал қып, 8 а
Түн ба-са-ды // сал-бы-рап. 7 б
Шаң шы-ғар-мас // жол-да-ғы, 7 а
Сіл-кі-не ал-мас // жа-пы-рақ. 8 б
Тын-шы-ғар-сың // сен-да-ғы, 7 а
Са-быр қыл-саң // а-зы-рақ. 7 б
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 7-8 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.
Көңілім менің қараңғы.
Кө-ңі-лім ме-нің // қа-раң-ғы. // Бол, бол, а-қын! 12 а
Ал-тын-ды // дом-бы-раң-мен // кел-ші жа-қын. 11 а
І-шек бой-лап // он сау-сақ // жор-ға-ла-са, 11 б
Бе-йіс-тің // ү-ні шы-ғар // қо-ңыр сал-қын. 11 а
Е-гер со-рым // тү-бі-мен // ә-кет-пе-се, 11 а
Ке-рек қой // кө-ңіл-ді ү-міт // те-бі-рент-се. 12 а
Қа-тып қал-ған // кө-зім-де // бір там-шы жас 11 б
Тө-гіл-мей ме, // бой жы-лып, // ол да е-рі-се?! 12 а
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
V Үйге тапсырма: Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 17.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің орыс және басқа тілдерге аударылуы , жарыққа шығуы туралы оқушыларға түсінік беру;
2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту;
3. Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақ типі: жаңа білімді игерту.
Көрнекілігі: өлеңдер жинағы, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақ:
Абай әдеби мұрасының орыс тілінде зерттелуі
Патшалық Ресей тұсында Абайдың әдеби мұрасының орыс тілінде танылуы мен зерттелуі – орыс, қазақ халқының аса тереңде жатқан достығының зор айғағы.
Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің рөлін сол дәуірдегі рөлін сол дәуірдегі демократиялық бағыттағы “Айқап” журналы “біздің көбімізге Абайдың кім екені де белгсіз. Оның кім екенін бізге орыстар танытып жатыр”-деп, әділ, тарихи шындыққа сай бағалаған.
Абайдың ақындық өнеріне бой ұрып, құлай берілге 40-тан асқан кезі еді. Бұл дәуірде Абай біліп, көрумен бірге Семейдегі мәдениет өкілдерімен де іштей араласа бастағаны оның 1886 жылғы Облыстық Статистикалық комитетінің толық мүшелігіне Омылық С. Т. Мирошниченко, Өскеменнен Е. П. Михаэлис, Павлодардан А. И. Деров және Ф. П. Плещеев, М. Ф. Степанов, С.И. Хабаров, С.С. Никитин және т.б. бірге сайлануынан да көрінеді.
Абайдың орыс әдебиетімен танысуын біз, көінесе, оның орыс достарымен қатынасынан бері қарай деп келеміз. Шынында, орыс оқығандарының хабаралуынша, Абайдың орыс әдебиетімен танысуы ертеректен-ақ басталған. Оған Потаниннің Абайдың немере туысы Халиолла туралы айтқаны дәлел. Ол бұл мәліметінде Халииолланың тургенов, Рермонтов, Толстой, Белинский, Доброюбовтарды өз жерлестеріне насихаттаушылардың бірі болғаны тулалы қызық деректер кетірілген.
Абайдың өмірі мен шығармашалық өнеріндегі ерекшелікті орыс қауымына алғаш таныстырушылардың өзі қазақтардың орысша оқып, Еуропаша білім алған дарынды ұлдары Ә. Бөкейхановтан басталып, осы дәстүрді ары қарай жалғастырушылар-Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, қазақ қыздарынан шыққаны Нәзипа Құлжановалар болатынды. Атақты ғалым, фольклорист Потаннинің өзі Абайды Белослюдовтар арқылы білген.
Ә. Бөкейхановтың Абай туралы жазылған “Абай Құнанбаев” азанамасы (некролог) абайтанудағы тұңғыш адым, бастапқы еңбектердің бірегейлі десе болғандай.
Абайтану тарихында Абайдың ақындық өнер мен ислам дініне қарым-қатынасы жайлы аса күрделі мәселеге де тұңғыш рет Әлихан Бөкейханов тарапынан білікті пікір айтылуы сол кезең үшін айтарлықтай жаңалық болумен бірге бүгінгі ұрпақ үшін де мән-мағынасын сақтап отырған танымдық мәні бар пікір дер білеміз.
Оның “Абай поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ”, - деп білгірлікпен баға беруі – Абайдың әдеби мұрасын терең танып білген зерделі зерттеуші аузынан ғана шығатын жасампаз таным.
1914 жылы “Әл-Шархиятта” баслым көрген Нұқ Рамазанов жазған “Абай Құнанбаев (1845-1904)” мақаласы да бүкіл Ресей оқырмандарына қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың өмірі мен ақындық өнерін танытуда елеулі рөл атқарады.
Орыс жұртшылығы Абай өлеңерімен ресми түрде 1914 жылдан бастап таныса бастады. Ал Абайдың 1989 жылңы “Дала уәлаяты” мен 1896 жылғы Алекторовтың бастырлыған өлеңдері орыс тіліне аударылып басылғанымен, Абай атынан тарамай, Көкбайдың атымен тараған еді. Революцияға дейін Абай өлеңдерімен орыс жұртшылғының танысуы 1914 жылғы Шығыстану институтының “Әл-Шархият” жинағынан басталды. Бұл жинақта Абайдың төрт өлеңінің қарасөзбен мазмұны ғана беріледі.
Ол өлеңдер: 1. “Лето” (Жаз)-аударған Сатылған Сабатаев. 2. “О любви” (“желсіз түнде жарық ай, “Поэт” “Адамның кейбір кездері”, “Пожалейте меня” (Өлсем орным қара жер сыз болай ма?) өлеңдерін Нұрғали (Нұқ) Рамазанов (Ақтөбелік) аударған.
Бұдан соң “Сибирский студент” журналында Абайдың – “Желсіз түнде жарық ай” деген өлеңі шығады.
Абай өзінің шығармалары туралы тұңғыш бағаны да орыс зиялыларынан алады. Бұл жайлы тұңғыш пікір де 1903 жылы петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциялауымен басылған. “Россия. Біздің отанымыздың географиялық баяны” деген көршілкке арналған ғылыми кітапта берілді. Мұнда қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі Абай деп танып, Шортанбайды зар-заман жыршысы ретінде қарастырған. Абай туралы: “Как представителя нового в киргизкой поэзии следует называть Кномая (Кунанбаева, - М. М.)” – деп жалпы мағынада айтылса да, ақын шығармаларының басты ерекшелігін дәлбасып, екшей көрсетуімен де қымбат.
Абайдың қайтыс болуына он жыл толғанда Мәскеуден шыққан “Әл-Шархият” жинағында ақынның өмірі мен творчествосын таныстыруды мақсат еткен біраз материалдар жарық көрді.
Абай шығармаларын орыс тіліне аудару жайында В. А. Кудашев қолжазбасы мен ағайынды Белослюдовтардың өзара жазысқан хаттарының елеулі мәні бар. Семейлік ағайынды Белослюдовтар Абай шығармаларын орыс тіліне аударып, орыс қауымына танытудағы үлкен жауапкершілікпен қарап, жанашырлықпен әрекет еткен.
Жалпы қазақ әдебиеті, оның ішінде Абай шығармаларын аудары үшін белсене әрекет етуге атсалысқан ағайынды Белосюдовтар: Николай Николевич (1880-1943), Виктор Николаевич (1883-1916), Федор Николаевич (1885-1943), Алексей Николаевич (1887-1939) – төртеуі де педагог, суретші, өлкетанушы, қызметкер ретінде революцияға дейінгі Сібір өлкесіндегі орыс зиялыларының қарапайым халықтық бағыттағы абзал азааттары оатын. Ағайынды төртеуі де Семей қаласында туып-өсті. Өсе келе білім алып, қызмет еткен шағында өздерін ғылым, өнер, ұстаздық жолына арнап, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, Абай шығармаларын орыс тіліне аударып астыру жөнінде көп еңбектенеді.
Николай Николаевич Орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімшесі мен педтехникумында заманымыздың ұлы жазушысы академик Мұхар Әуезовпен бірге қызмет атқарды.
Кеңес жетекшісінің орынбасары болып сайланған М. Әуезов ғылыми экспедиуиялар ұйымастыру жұмысына қозғау салып, оған қажетті қаржы көзін тауып, экспедицияның жоспары мен сметасын жасауға Н.Н.Белослюдовты қатыстырып отырған.
Семейдегі Абайдың әдеби-меориалды музейінде ағайында Белосюдовтар өзара жазысқан жиырмадан аста хаты сақтаулы.
Солардың жіктеуі тікелей Абай өлеңдерін орыс тіліне аудару жайлы мәселеге арналған.
Абайды қытайша сөйлеткен
Ха Хуан Жан (Хабай) Абайдың қытай еліндегі аудармашысы, әрі насихаттаушысы ақын ұрпақтарының жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Ұлты Сібе, Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласы маңындағы Қазақтар ауылында туып, балалық, жастық шағы қазақтармен бірге өткендігі, Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақша аса жетік білетіндігі, әсіресе Абайды бала күнінен жаттап өскендігі мәлім болды.
Хабай мырза Шыңжан университетінің орыс тілі факультетін бітіріпті, ұзақ жылдар Қытайдағы Қазақтар арасында ауапты қызметтер атқарған. 1970жылдан бастап Пекиндегі лттар баспасында, 1980жылдан Қытай қоғамдық Ғылымдар академиясы аз ұлттар әдебиетін зерттеу институтында, кейін «Аз Ұлттар әдебиетін Зерттеу» журналының басч редакторы болып істеген. 1950 жылы Абайдың «Ескендір» поэмасын, 1958 жылы «Масғұт»поэмасын Ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. 1958 жылы «Қазақтың ұлы ақыны- Абай» атты алғашқы ғылыми зерттеу мақаласын жазып, Пекинде «Тянь-Шань» журналында бастырған.
Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөздерін түгел аударған.
«Абай және Абай шығармалары » деген 3 кітабын Пекин қаласында бастырып шығарған.
Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар:
Грузин тіліне аударған – Ш.Мчедлишвили
Қарақалпақ тіліне аударған – Ш.Сеитова
Қырғыз тіліне аударған – А.Токомбаева
Татар тіліне аударған – М.Максуд және Н.Арсланов
Француз тіліне аударған – Ғалымжан Мұқанов
Ағылшын тіліне аударған – А.Самохмалов
Түркмен тіліне аударған – А.Хайидова, Т.Касымова
Ұйғыр тіліне аударған – П.Искакова және М.Хамраева
IV Үйге тапсырма:
1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.
2. Реферат жазу.
V Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 24.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Абай мұрасын зерттеушілер
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеушілер және олардың еңбектері туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.
2. Реферат жазу.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Абай мұрасын зерттеушілер
20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.С.Сильченко, Қ.Мұқамедханов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б.Г.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев секілді ғалымдардың еңбектерін атасақ та жеткілікті.
Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесі жатады. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді.
Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Мұны ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқауға болады. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген «Абай» энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Қытайда профессоры Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» атты еңбегі (Пекин, 1987), кейін Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қалаларында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.
Абайтану тарихы – бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды.
Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.
Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:
Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған.
Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1926 және 1926–1940 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социологиялық дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты.
Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–1945 жж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.
Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді.
Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады.
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.
20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалымдардың еңбектері жарық көрді?
Ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында қандай еңбектер жарық көрді?
Абай шығармалары қандай тілдерге аударылды?
Абайтану бүгінде қандай пән ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады?
Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдерін атаңдар.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VI Үйге тапсырма:
Абай мұрасын зерттеушілер туралы түсінік.
Реферат жазу.
Тексерілді:
Күні: 02.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай мұрасын зерттеушілер туралы түсінік.
Реферат жазу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.
20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалымдардың еңбектері жарық көрді?
Ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында қандай еңбектер жарық көрді?
Абай шығармалары қандай тілдерге аударылды?
Абайтану бүгінде қандай пән ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады?
Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдерін атаңдар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері
Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері
Мұхтар Әуезов
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа осылай үн қатқан болатын. Бұл сөздерді өткендегі құлазыған заманнан өзі үшін беймәлім, басқа бір келешекке, нұрлы келешекке дұрыс жол тартқан ақын айтқан еді. Ол даланы басқан надандық түнегінің арасында алаулай жанған шырағын жарқырата көтеріп, өз халқына таң атып, күн шығатын жақты қажымай-талмай нұсқап өтті.
Иә, Абай өзі өмір сүріп, ақындық еткен заманы үшін шынында да жұмбақ адам еді.
Абайдың бізге өлең, поэма, аударма оқушы жұртшылықпен әңгімелесу (өзі «ғақлия» деп атаған қара сөздері) түрінде қалдырған әдеби мұрасы соңғы басылуында қалың екі том болып шығады. Ақынның көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарыының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектер енді, тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты болып көрініп отыр.
Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақталған ақындық мұрасына терең бойлаған Абай сол мөлдір бұлақтан құнарлы нәр алып, өз поэзиясын молықтыра білді. Қазақ халқына ол кезде жете таныс бола қоймаған тәжік, азербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классиктік поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Бірақ қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі, оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл европалық мәдениетке), ең алдымен оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді.
Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркейе берді.
Абай қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бой ұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын.
Абайдың сексенінші жылдардағы өлендерінің көпшілігі қазақ қоғамының тағдырына арналады. Сонымен қатар, ақын халқының бүкіл рухани қазынасын терең көркемдік-сыншылдықпен қайта қарап, өзінің ақындық жаңа программасын ұсынады.
Бұл шығармаларында Абай халық мұрасына жақын келеді. Алайда оның поэзиясының халық творчествосынан зор айырмасы барын дәл осы тұста айқын көреміз. Абай бірде-бір өлең жолында халық творчествосының қалыптасқан дәстүрлі сөз жүйесі мен ақындық ой бітімін қаз-қалпында ала салмайды. Абай ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін де тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді, алдымен, бұл шығармалардан ақынның ескілік әдет, билеуші феодалдардың азғындық мінездері, қараңғылық, дау-жанжал жайлаған, еңбекші бұқара мұқтаждық пен жоқшылықта өмір сүрген сол кездегі қазақ аулының қоғамдық қалпына бітіспес көзқарасы айқын көрінеді. Абайдың көптеген өлеңдерінде ("Қартайдық, қайғы ойладық", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Күлембайға", "Көжекбайғалардан" бастап) надандық, дәукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бейшаралығы өлтіре сыналады. Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама айқындықпен, соншама моральдық тереңдікпен айтылады.
Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолын өтті. Пушкин, Лермонтов, Крыловтардан бастаған ол алпысыншы, жетпісінші жылдар әдебиетімен де танысты, тек ақындарды ғана құрметтемей, Лев Толстой, Салтыков-Щедрин секілді ұлы прозаиктерді де түсіңді. Орысша аудармалар арқылы Абай Гете мен Байронды, Батыс Европаның басқа да классиктерін білді. Орысша аудармалар арқылы ол көне замандардағы әдебиетпен де танысты. Ақынның достарының айтуы бойынша, Абай Батыс философиясымен де айналысқан көрінеді (мысалы, Спиноза мен Спенсерді оқығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны мәлім). Алайда оның философиядан алған білімі белгілі бір жүйеге түспеген еді. Маркс және оның ғылымы туралы ол білмеген болса керек.
Абайдың орыс классиктеріне творчестволық жолмен келуі ақын қызметінің әрбір жаңа кезеңінде жаңаша болып отырды. Крыловты аударғанда, Абай мысал моралін қазақ ұғымы мен түсінігіне сәйкестендіре, кейде өзгертіп, өзгеше бір нақыл сөз түріне келтірді. Бірақ "Қанжар", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Теректің сыйы", "Жалау", "Демон" үзінділерін алсақ, Лермонтовтан аударылған өлеңдердің ішінде өзінің дәлдігі мен шеберлігі жағынан күні бүгінге дейін бұлардан асқан аударма жоқ.
Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар. "Евгений Онегин" үзінділері аудармадан гөрі, Пушкин романын шабыттана әңгімелеуге ұқсайды. Бұл ретте Абай шығыс поэзиясында ертеден қалыптасқан "нәзира" үлгісін қолданып, өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жаңаша баяндайды.
Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды, бірақ оның орыс әдебиетімен байланысы мұнымен ғана тамамдалмайды. Бұл мәдениет пен көркемдік дәстүрлердің аса күшті ықпалын Абайдың өз творчествосынан іздеу керек. Мысалы, Пушкинді Абай басқа орыс классиктерінен гөрі сиректеу аударған. Солай бола тұрса да, оның ақынмен байланысы өз творчествосында әрі терең, әрі айқын көрінді: оның лирикалық ойға шомуларында, табиғат суретін реалистікпен беруінде, махаббат иесі әйелдің жүрегін терең түсінуінде, әлеуметтік сарындардың адамгершілік үнінде Пушкиннің көптеген сипат белгілері бар.
Пушкиннің және дүние жүзінің ақындық мәдениетімен іштей терең байланысу ғана Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдерін, лирикалық өлеңдер мен ақындық толғаныстарды, ақын қызметі жайындағы өлеңдерді, Александр Македонский мен Аристотель туралы поэманы жазуына мүмкіндік берді.
Ақынға арналған өлеңінде Абай ақынды қоршаған ұятсыз-арсыз, енжар ортаға оның тәуелсіздігін, шыншылдығын, өр тұлғасын, шабытты ойының шиыршық атып шарқ ұруын қарама-қарсы қояды. Абай өзінің поэзиялық көзқарастарында Пушкинмен осылайша туысып жатады.
Абай творчествосының халықтығын зерттеу – айрықша маңызды міндеттің бірі. Өткендегі еңбектерде бұл проблеманы дұрыс шешуге қазақ әдебиеті "бір арнамен" дамыды деген аса қате түсінік кедергі жасады. "Бір арнамен даму теориясы" рухында жазылған зерттеулерге Абай өзінің тағдыры мен творчествосын байланыстырған ортадан – қазақтың реформадан кейінгі дәуірдегі шаруаларынан оқшау алынды.
Абайдың тікелей халықтығы – халықты езушілерді қаналушы бұқараның тұрғысынан әшкерелеуінде. Бұл ретте ол халықтың ауыз әдебиетіндегі нақыл сөздерді, мәтелдерді, тілдегі метафораларды, халық юморының тәсілдері мен құралдарын пайдаланады. Ол ауыл кедейін, батырағын, қазақ әйелін, қарапайым адамдардың бейбіт еңбегін жақтайды, надан әкелердің содырлы мінез-құлықтарының кесірі тиетін жас ұрпақты жақтайды. Бұл – тікелей халықтық белгілері. Ақын шығармаларын өз халқының тілінде жаза отырып, халық ойы мен арманын неғұрлым өткір, терең, нәзік түрде жеткізу үшін бұл тілді байытып, дамытады. Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты.
Осыдан келіп Абай халықтығының екінші бір саласы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды. Оның творчествосында көрінген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның өлмес-өшпес лирикалық туындылары, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударушы және насихаттаушы ретіндегі ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары – айрықша бағалы қазына. Бұл шығармаларда Абай халық тағдыры, халықты езушіліктен құтқару амалдары туралы тікелей айтпайды, бірақ та Абай мұрасының бұл саласы да терең халықтық болып табылады.
Бүкіл дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетінің маңызды элементтерін қамтыған Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, қазақ мәдениетін жаңа, жоғары тарихи сатыға көтерді. Абайдың халықтығы мынада: ол өз халқының рухани көзі болып, алысты көре білді, халық үшін ойлап, халық үшін сезе жүріп, оның тарихи келешегін көрсетіп берді.
IV Шығармашылық тапсырма:
«Абай және Мұқтар» тақырыбына мақала жазыңдар (тақырыпты өзгертуге болады).
V Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
М.Әуезовтің зерттеулеріндегі Абай шығармашылығы.
Ақын мұрасы қалай насихатталған?
М.Әуезов ақын мұрасын таныту жолында қандай ізденістер жасады?
VІ Үйге тапсырма:
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері туралы түсінік.
Реферат жазу.
VIІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 08.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Абайтану ғылымының қалыптасуы
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: абайтану ғылымының қалыптасуы туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай мұрасын зерттеушілер туралы түсінік.
Реферат жазу.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайтану ғылымының қалыптасуы
Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.
Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайдың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуға болады. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды.
Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.
Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: «Абай – қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде қара сөзбен берілген. 1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дмитрий Львович «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргенін ескертеді.
Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. ат салысты.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М. О. Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933–57 ж. аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.
Революцияға дейінгі және 20-30 жылдардағы абайтану ғылымы туралы зерттеңдер.
1940–1990-жылдардағы абайтану ғылымының зерттелуінде қандай ерекшеліктер болды?
Тәуелсіздік алғаннан бергі абайтану ғылымының зерттелу жайы қандай?
V Үйге тапсырма:
Абайтану ғылымының қалыптасуы туралы түсінік.
Реферат жазу.
VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 15.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақын шығармаларының басылымдары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ақын шығармаларының басылымдары туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақ:
Ақын шығармаларының басылымдары
Кәкітай Ысқақұлы
Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылды да бірақ М.Әуезовтың монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған. Сондықтан да Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына Е.П.Михаэлистің әсері басым болды деген Кәкітай пікірі абайтану саласында көпке дейін орын алып келді.
Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады. Тіпті, В.А.Кудашев жазып алған қолжазбаның өзінде де Абай шығармалары текстологиялық өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кәкітай кұрастырған Абай өлеңдері (56 ғана) революцияға дейінгі дәуірде түпнұсқаның табиғи қалпын сақтап қалды, түрлі текстологиялық бұрмалаушылықтар болған жоқ. Сөйтіп, бүкіл қазақ елін тұңғыш рет Абай шығармасының асыл түпнұсқа қалпымен таныстырады.
Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы демесек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалғам қазак қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптык принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен түңғыш рем Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен творчествосына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде-ақ. Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді.
Кәкітай Абайды шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары басында бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінің дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Аталы ортаның ақындық өнерді кемсіте қарауы Абайға белгілі дәрежеде әсер еткен. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі – Абай ақындығының тербе өскен алтын бесігі деді.
Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі дәуірде ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтуымен де ерекшеленеді.
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Кәкітай Ысқақұлы кім?
Кәкітай Ысқақұлы қандай еңбегімен белгілі болды?
Танымдық тапсырма.
Абайдың Кәкітайдан басқа қандай дарынды шәкірттерін білесіңдер. Олар туралы мәліметті кестеге жазыңдар. Мысалы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Абайдың дарынды шәкірттері | Ол кім? | Туған жері | Әдебиетке қосқан үлесі | Қандай шығармаларын білесіңдер? | Абай туралы қандай еңбек жазды? |
Шәкәрім Құдайбердіұлы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V Үйге тапсырма:
1. Ақын шығармаларының басылымдары туралы түсінік.
2. Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 22.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Сынақ сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көз қарасын дамыту. Абай шығармашылығының асқақтығын жан-жақты таныту арқылы шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Тест тапсырмалары арқылы алған білімдерін бекіту;
2. Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тесттер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Тест тапсырмалары.
1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; В) 1871ж.; С) 1873ж.; Д) 1875ж.; Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С) Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; В) «Жаз»;
С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»; В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; Д) «Жазғытұры»; Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы; В) шалыс ұйқас;
С) аралас ұйқас; Д) шұбыртпалы ұйқас; Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17; В) 21; С) 23; Д) 25; Е) 27.
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;
С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5; Е) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде; В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде; Д) Жиырма бесінші сөзінде; Е) Он тоғызыншы сөзінде.
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов; В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) З. Ахметов.
22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; В) Он сегізінші; С) Он тоғызыншы; Д) Отыз бірінші; Е) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Теңеу; Д) Кейіптеу; Е) Риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».
2 - нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы; В) А. Байтұрсынұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) М. Жұмабаев.
2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға; В) Ақылбайға; С) Әбдірахманға; Д) Мағауияға; Е) Мекайлға.
3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»; В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»; Д) «Жалау»; Е) «Бақа мен өгіз».
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»; В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д) «Көлеңке басын ұзартып»; Е) «Болыс болдым, мінеки».
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты; Д) 35 шақты; Е) 40 шақты.
7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А) 1880; В) 1883; С) 1885; Д) 1886; Е) 1889.
8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».
9. Абайдың руы кім?
А) Найман; В) Керей; С) Тобықты; Д) Уақ; Е) Дулат.
10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.; В) 1886ж.; С) 1887ж.; Д) 1888ж.; Е) 1889ж.
11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге; В) 105тілге; С) 110 тілге; Д) 116 тілге; Е) 120 тілге.
12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім; В) Ахмет; С) Мұхтар; Д) Көкбай; Е) Қиясбай.
13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.
14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876; В) 1876 - 1878; С) 1877 - 1879; Д) 1878 - 1880; Е) 1879 - 1881.
15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.; В) 1881 ж.; С) 1885 ж.; Д) 1887 ж.; Е) 1888 ж.
16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан В) 10 жастан С) 11 жастан Д) 13 жастан Е) 15 жастан
17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас; В) Байкөкше; С) Көкпай; Д) Шөже; Е) Балта.
18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».
19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С) Он алтыншы; Д) Он жетінші; Е) Жиырма тоғызыншы.
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия; В) Метафора; С) Эпитет; Д) Теңеу; Е) Ассонанс.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан; В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан; Д) 1908ж. Петербург; Е) 1909ж. Петербург.
23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4; Е) 5.
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».
25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
ІІІ Сабақты бағалау: тест тапсырмалары тексеріліп бағаланады.
ІV Үйге тапсырма: Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест құрау.
Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің
мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп
оқуға төселдіру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін, ауызша сөйлеу дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Ілім, білімнің адам өміріндегі маңызын жеткізу,
білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері (Топпен жұмыс жасау, сұрақ-
жауап, ой қозғау,
топтастыру, эссе)
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2 топқа бөлу.
І топ "Мұрагерлер"
ІІ топ "Ұрпақтар"
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, балалар, шынында да қазақтың кемеңгер, данышпан, ойшыл ұлы ақыны Абай аталарыңның өлеңдері жақсы оқуға, білімді болуға, тәртіпті, тәрбиелі, адамгершілігіміз мол болуға шақыра ма?
-Абайдың өлеңдерін жаттап, көңілімізге тоқуымыз керек пе?-деген сұрақтарға жауап алу.
ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын "Гүл текшелерін жинау"
Абай кім, қай жерде, қай жылы туылған?
Абайдың азан шақырып қойған аты кім?
Абайдың әкесі кім, ол кім болған?
Абайдың анасы кім?
Абайды кім тәрбиелеген?
Абай қанша жасынан өлең жазған?
Оны кім Абай деп атаған?
Абайдың қанша қара сөзі бар?
Абайды әлемге танытқан кім?
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу
1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.
4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.
5. Ақылды ұл білім іздер, ақымақ ұл шылым іздер.
6. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
8. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Оқушылардың білім-ілім жөніндегі мақал-мәтелдерін тыңдау.
-Балалар, міне, білімсіз күнің жоқ екен, білімді болсаң сенің алдың ашық, жақсы мен жаманды ажырата алатын боласың.
- Абай аталарыңның оқу-білім жайында жазған қандай өлеңін білесіңдер?
-"Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқушыларға айтқызу.
-Балалар, бүгін біз Абайдың білім, ғылымға арнаған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңімен танысамыз.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
-Балалар, осы өлең шумағында сендерге таныс емес сөздер бар, сол сөздермен танысамыз.
Сөздікпен жұмыс
Махрұм-ешнәрседен хабардар болмау
Дөп сермесем-дер кезінде
Медресе-бұрынғы кездегі білім ошағы
Шен алсын-атақ алу
Дәптерге жазып алу.
Сергіту сәті: "Желсіз түнде жарық ай"
Балаларға өлеңді тізбектетіп оқыту, топқа бөліп оқыту.
Өлең шумақтары бойынша жұмыс.
І-топқа тапсырма.
1. Абайдың қандай өлеңімен таныстыңдар?
2. Абай неге өкінеді?
ІІ топқа тапсырма.
1. Адамның бір қызығы кім?
2. Адам баласын не үшін оқытады?
Балалардың ойларын, түсініктерін тыңдау.
-Иә, балалар, ақын аталарың бұл өлеңінде жастарды, мына сендерді білімге, ғылымға шақырып жатыр. "Жас кездеріңде білім алыңдар, оқыңдар, ғылыммен айналысыңдар" дейді, ертең ержеткен кезде бекер оқымаппын деп өкініп жүрмеңдер деп өзінің өкінішін айтып жатыр.
"Адамның бір қызығы-бала деген" деп, баланы оқыту керек дейді, оны оқуға бергенде атақ алсын деп бермеу керек, білім алсын, білімді болсын дейді, білімді адамның борышы халқына қызмет ету"- дейді ақын.
Тақтадан Абайдың өсиетін оқып беру.
"Ғылым-білімге неғұрлым ертерек бала кезден ден қойсаңдар-кейін өкінбейсіңдер"
Балғын шақтарыңда оқыған кітаптарың, алған білімдерің тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
Шығармашылық тапсырма. Ұйқасын тап .
І-топ. Абайды оқы, ерінбе,
Пайдаң тиер ... (еліңе)
ІІ-топ. Халқына ең жақыны,
Қазақтың ұлы . ақыны)...
"Білім" сөзіне топтастыру жазу.
ғаламтор
кітап мектеп
оқу Білім журнал
телевизор іздену
ІY. Қорытынды.
Эссе жазу.
І топ. "Оқусыз білім жоқ"
ІІ топ. "Оқу-білім бұлағы"
-Ендеше балалар, өздерің айтқандай оқусыз білім жоқ екен. Сендер білімді болуларың үшін көп оқуларың керек. "Білімдінің күні жарық" дегендей, білімді болғандарыңда ғана жетістікке қол жеткізіп, өмірден өз орындарыңды аласыңдар. Абай аталарың өзінің өлеңдері арқылы қазақ жастарын, сендер сияқты жас ұрпақтарды имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Сондықтан сабақты жақсы оқып, ғылыммен айналысып, елімізді дамытуға, көркейтуге, жаңалық ашуға ұмтылуымыз керек..
Сабақты аяқтау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Тексерілді:
Күні: 12.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: ілім, білімнің адам өміріндегі маңызын жеткізу, білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, ақынның жыр жинақтары.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі
«Интернатта оқып жүр...» – Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 77 жол. Негізгі тақырыбы – қазақ балаларының азаматтық білім беретін мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы. ХІХ ғасырдың 80 жылдарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде жүргізу мақсатымен әкімшілік орталықтарында әртүрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептері ашылып, олардың жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократиялық көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген. Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы, ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынан жалған беделге ие болуды ғана арман етеді. Сол себептен де ақын: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой» деп, жас ұрпақтың үлкен адамгершілік мұраттарынан, рухани қазынадан қағыс қалатынына қынжылады. Өлеңнің 2-шумағында автор өзінің ағартушылық бағдарламасының негізгі тұғырларын өз тарапынан жастарға тікелей арнаған үндеу сөздерімен жеткізеді: Бас пайдаңды ойлама, ар-абыройды ойла; талмай талаптанып, ғылым ізде. Әскери қызмет қылып, шен алуды мақсат етпе, әкімшілік орындарына да қызмет істеп жағынба. Алыс та болса, асыл мақсаттарды көздеп, өмірден іргелі орын алуға ұмтыл. Соның барлығында да тура жолдан тайма, адалдықтан айныма. Ақынның жас ұрпақты оқыту женіндегі талаптары осындай. Кейбір деректерге қарағанда, Абай бұл өлеңді өз балалары – Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды Семейге апарып, оқуға бергеннен кейін жазса керек. Демек, жаңағы ойлардың бәрі ақынның өмір көріністерінен алған тікелей әсерінен туған. Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туындыда аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында өлеңнің 29-жолы «Я қазақтың баласы» деп келтірілсе, басылымдарда бұл жол 1909 жылғы жинақ бойынша «Я қазақтың аласы» ретінде алынған. Өлең белорус, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
IV Мәнерлеп оқу:
Интернатта оқып жүр
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват?
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы болсаңыз
Здравомыслящий
Ақыл айтпай ма ағасы?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға.
Жанбай жатып сөнуге,
Қалай сабыр қыласың
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып-желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Қалайша, қайда енуге?
V Сөздікпен жұмыс:
Шариғат – Ислам дінінің заңы
Прошение – Арыз, өтініш (орысша)
Иждиһатсыз – Ынта, талап, жігер (арапша)
Виноват – Айыпты, кінәлі (орысша)
Здравомыслящий – Зерек, әр істі ақылмен ойлап шешетін адам
Кореннойға – Ежелгі, негізгі, тұрақты. Бұл жерде істің ең орындысын табу деген мағынада
Счетың – Есеп
Прямотой – Занимайся прямотой (орысша) – турашыл, батыл бол деген мағынада
VІ Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі қай жылы жазылған?
Негізгі тақырыбы қандай?
Ең алғаш қандай жинақта жарияланды?
Өлең қандай тілдерге аударылған?
VІІ Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Құрылысына қарай талдау.
VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 19.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның ғылым-білім, табиғат туралы өлеңдерін оқыту, мән-мазмұнын меңгерту. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқуға және әдеби теориялық талдауға бейімдеу;
Дамытушылық: оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: парасаттылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өзінше ой түюге баулу; ақынның өсиет сөздерінен нәр алу;
Сабақтың түрі: семинар сабақ.
Сабақтың әдісі: зерттеу, шығармашылық жұмыс, түсіндіру, ізденіс жұмыстары, сергіту сәті, жаңа технологиялар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар көрмесі, ақын туралы ой-пікірлер.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Құрылысына қарай талдау.
Сұрақтар:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі қай жылы жазылған?
Негізгі тақырыбы қандай?
Ең алғаш қандай жинақта жарияланды?
Өлең қандай тілдерге аударылған?
ІІІ Жаңа сабақ:
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Абай өлеңдерінің ішінде афоризмдік сөздер көп кездесіп жатады. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерден мол үлгі алуға шақырады. Адам мінезіне жақсы қасиеттер үйірлетеді. Кез келген нәрсеге құмарта бермей, өмірде өз жолын табуға сілтей отырып, кімнің бойында әділеттік, мейірімділік, қайраттылық болса, мұндай қасиеттер оған жарасып тұрады деген ой айтады. Ол жастарға арнап көптеген өлеңдер жазған. Әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол – қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу. Ғылым жолы – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Олай болса, ақын өлеңін мәнерлеп оқып, жалпы талдау жасайық.
Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқимыз. Мазмұнына талдау жасап, тақырыбын, көздеген идеясын ашамыз.
ІV Сөздікпен жұмыс:
Нәфрәтлі – жиренішті, жиіркенішті
Ғибрәтлі – үлгілі
V Сабақты бекіту: Мәтін мазмұнын жан-жақты талдау.
Концептуалдық кесте.
Шығарма атауы |
Асыл іс |
Дұшпан |
Тәрбиелік мәні
|
«Ғылым таппай мақтанба» | Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым | Өсек Өтірік Мақтаншақ Еріншек Бекер мал шашпақ | Жамандық көрсең, жирен. Жақсылық көрсең, үлгі ал. Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б. |
Семантикалық карта.
Мағына | өсек | өтірік | мақ таншақ | еріншек | мал шашу | та лап | еңбек | терең ой | қанағат | Ра қым |
Қызығушылығы жоғары, ізденгіш |
|
|
|
|
| + |
|
|
|
|
Адамгершілік қасиетке бай |
|
|
|
|
|
|
|
|
| + |
Сөз өрбіту, бірді-бірге шағыстыру | + |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шамадан тыс кеуде, көкірек |
|
| + |
|
|
|
|
|
|
|
Пара беру, сатылу, санасыздық |
|
|
|
| + |
|
|
|
|
|
Арыдан болжау, сана-сезімі мол |
|
|
|
|
|
|
| + |
|
|
Барға шүкіршілік |
|
|
|
|
|
|
|
| + |
|
Ағылған бос сөз |
| + |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалқау, арамтамақ, жеңіл жол |
|
|
| + |
|
|
|
|
|
|
Тыным таппайды, уақытын бағалайды |
|
|
|
|
|
| + |
|
|
|
VІ Шығармашылық жұмыс:
1. Екі топ берілген тақырыпты түсінгеніне орай сурет салып, бейнелейді. «Ғылым-білім дегенді қалай түсінесің?»
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл.
2. «Қиық қағаздар сөйлейді». Берілген қиықтардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
3. Өлең құрастыру. І топ. Жамандықтан жиренемін...
ІІ топ. Адам болып өсемін...
Сергіту сәті. «Бәйге» ойын стратегиясы. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. (екі топқа алты сұрақтан)
Ø Абай қай облыстың тумасы? (Семей)
Ø Абайдың әжесі (Зере)
Ø «Дем алысы – үскірік, ая бен қар» қай өлеңінен алынған үзінді? («Қыс»)
Ø «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің авторы кім? (Ы.А.)
Ø Абай қай жылы туды? (1845)
Ø Абай аударма жасады ма? (иә)
Ø «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы кім? (М.Ә.)
Ø Абайдың әкесі (Құнанбай)
Ø «Көкорай шалғын бәйшешек» қай өлеңнен алынған үзінді? («Жаз»)
Ø «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы.А.)
Ø Абайдың неше қарасөзі бар? (45)
Ø Абай ән жазды ма? (иә)
«Жалғастыр» ойыны.
Білім азбайды, ақыл тозбайды.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
Білмеген қауып айтады, білген тауып айтады.
VІІ Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VІІІ Қорытындылау. Ойтолғау (монолог түрінде). Абай өлеңдері бізді неге үйретеді? Не үйрендік? Біздің өмірімізге қажеті бар ма?
ІХ Түйін. Тақтада ілініп тұрған Абай туралы пікірлерді ұштастырып ой қорыту.
Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
М.Әуезов
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ж.Жабаев
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғ.Мүсірепов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Н.Назарбаев
Халқымыздың рухын әрлендірген - Абай. Сарқылмас күш-қуат беріп, әр адамға инабаттылық қазына сыйлаған, жазба тілдің негізін салған, қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай.
Х Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.
Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
М.Әуезов
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ж.Жабаев
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғ.Мүсірепов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Н.Назарбаев
Тексерілді:
Күні: 26.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек
мәлімет бере отырып, «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу;
Дамытушылық: оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту,
бір-бірінің пікіріне құлақ асуға, шығармашылыққа баули тәрбиелеу;
Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектеріндегі асыл ойларды өмірде жүзеге асыруға,
адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау,
жартылай іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, тапсырмалар жазылған слайдтар, магнитті тақта арқылы электронды оқулық материалдары.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.
ІІІ Өткен сабақты пысықтау үшін:
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін топтастыру арқылы тиянақтау.
Абай кім:
1. ақын
2. сазгер
3. аудармашы, ағартушы
5. мысалшы, қоғам қайраткері
Абай-ақын:
1. өлең жазған
2. табиғат, білім, достық, махаббат, балаларының қазасына арнау, көңіл-күй
« Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
А)Абайдың өздері білетін өлең шумақтарын жатқа айту
ә) Абай өлеңдерін оқығандағы түйгенім:
1. адамгершілікке
2. имандылыққа
3. ізгілікке
4. қанағатшылдыққа, адалдыққа т.б. тәрбиелеп, жетелейді. Осы бағыттағы сөздерді әр оқушыға тақтаға жаздыру.
ІІІ Жаңа сабақ:
«Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздері
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес «ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.
Қара сөздер 1948 жылы Семейде «Абай» журналында жарияланды. 1890 жылдардан бастап Абай қара сөз жазған. Тұңғыш қағазға түсірген – Мүрсейіт. Қара сөздердің жалпы саны – 45. Өзіндік ерекшеліктері:
сөйлемдері қысқа;
мағынасы кең;
ой саларлық мағынасы бар;
ғибрат (үлгі)беруді көздейді
философиялық сұрау басым;
өзі жауап береді;
өз-өзімен кеңес,ой-пікір білдіру үлгісінде;
СЕГІЗІНШІ СӨЗ
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.
Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.
1891
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
1893
ІV Талдау бөлімі: Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс.
Топтың аттары:
1. «Ақыл»
2. «Қайрат»
3. «Ғылым»
4. «Жүрек»
Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады. 2-оқушы түсінгенін мазмұндайды.
V Түсініксіз сөздермен жұмыс:
Ғақлия – көркем, дана сөз.
Ғибадат – құлшылық ету, сиыну.
Мәдмәладқа жету – мақсатқа жету.
Ахирет – адамның о дүниеде сұралатын ісі.
Нәпсі – құмарлық.
Залал – зиян.
Күнәкәр – күнәлі болу
VІ Мінездеме беру, оқушылар бағасы, көзқарасы:
Ақыл-? Жүрек-? Қайрат-? Ғылым-?
VІІ Оқушылар жауабы:
Тақтаға жазбаша жазу.
Ақыл – көп қырлы жақсылық пен жамандықты бірдей ұстайды.
Қайрат – қатты,күшті, пайдасы да, зияны да мол, жақсылық пен жамандықты берік ұстайды.
Жүрек – адам денесінің патшасы,адам жанының мекені
Ғалым – ақыл,қайрат,жүректің басын қосушы,адамға өле-өлгенше азық болатын ұғым.
VІІІ «Ой қозғау» сәті:
Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.
1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден ерек.
2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.
3.Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
6.Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
7.Мал да бар жан мен тән,
Ақыл,сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса.
Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
ІХ Жаңа сабақты бекіту:
Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.
Адам төзімді
жігерлі
білімді
тәрбиелі
елжанды
иманды
адал
арлы
зерек
Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ.
Кім? Абай-дана,ойшыл,философ
Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген
Не істеді? Абай-қара сөз жазды.
Қашан? 1890-1898 жылдары
Не мақсатпен? Керегіне жаратсын.
Х Үйге тапсырма беру: «Сегізінші» және «Он жетінші» қарасөздерін оқу, талдау.
ХІ Оқушыларды бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Тексерілді:
Күні: 02.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жиырма бесінші» қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Жиырма бесінші» қарасөзі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Сегізінші» және «Он жетінші» қарасөздерін оқу, талдау.
Сұрақтар:
Абайдың ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдауларын қалай түсінесіңдер?
Ақынның ақыл, насихат туралы пікірі қандай?
Қарасөзіндег ақыл, білім жөніндегі пайымдауларын қалай түсіндіңдер?
Ақынның адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, имандылық, парасаттылық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары қандай?
Адам бойындағы қандай қасиеттерді ерекше бағалайсыңдар, бізге қандай қасиет жетіспейді деп ойлайсыңдар?
ІІІ Жаңа сабақ:
Абай Құнанбаевтың жиырма бесінші қарасөзі
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?
Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзіне талдау
Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері сияқты әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес.
Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі", - дейді ол.
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады.
Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін" деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?".
Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан асырып ешкім айта алмаса хақ-ты...
IV Сабақты бекіту:
1. Сұрақтар:
Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?
«Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.
Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.
2. Іздену тапсырмасы.
Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 мақал-мәтелін теріп жазыңдар.
V Үйге тапсырма: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 09.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
Сұрақтар:
Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?
«Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.
Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.
ІІІ Жаңа сабақ:
Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
ЕКІНШІ СӨЗ
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
1890
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?
Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?
Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызы жайлы ақын көзқарасы.
V Үйге тапсырма:
Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 16.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Екінші», «Оныншы» қарасөздері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Екінші», «Оныншы» қарасөздері туралы түсінік беру, қарасөздерді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік.
Реферат жазу.
Сұрақтар:
Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?
Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?
Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызы жайлы ақын көзқарасы.
ІІІ Жаңа сабақ:
ЕКІНШІ СӨЗ
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
1890
ОНЫНШЫ СӨЗ
Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?
Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.
Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.
«Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып халқын қандай асыл істерге үндеді?
Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?
V Үйге тапсырма: «Екінші», «Оныншы» қарасөздерін оқып келу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 23.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Он сегізінші» қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Он сегізінші» қарасөзі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Екінші», «Оныншы» қарасөздерін оқып келу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.
«Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып халқын қандай асыл істерге үндеді?
Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ:
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
1893
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Киіну мәдениеті туралы не айтар едіңдер?
Ұлттық киімдеріміздің өзіндік ерекшеліктерінің сырын білесіңдер ме?
Кербездік жайлы не білесіңдер, кербездік адамның қандай қасиеті?
Адам баласы адам баласынан қандай ерекшеліктерімен озады?ә
V Үйге тапсырма: «Он сегізінші» қарасөзін оқып келу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.