СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

9 сынып қысқа мерзімді жоспар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сыныпқа арналаған қысқа мерзімді жоспары. 2019-2020 оқу жылына арналған

Просмотр содержимого документа
«9 сынып қысқа мерзімді жоспар»

Сабақ жоспарлау үлгісі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Деректер базасы

Мектеп: №58 жом


Күні:26.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Есенгелдиева Лаззат

Айдаровна

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрондық кестелерде мәліметтер базасын құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




9.2.2.2 электронды кестеде мәліметтер қорын құру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Ms Excel бағдарламасында мәліметтер базасын құру туралы біледі

Көпшілігі: Әрекеттер орындау алгоритмі арқылы кестелік мәліметтер қорының жазбасы және өрісінің өзара айырмашылығы түсінеді.

Кейбірі: Ms Excel мәліметтер қорының ережелерін қолдана отырып, бағдарламада мәліметттер базасын құра алады


Бағалау критерийі

- Ms Excel бағдарламасында мәліметтер базасын құру туралы біледі

- Кестелік мәліметтер қорының жазбасы және өрісінің өзара айырмашылығын ажыратады

- Ms Excel мәліметтер қорының ережелерін қолдана отырып, бағдарламада мәліметтер базасын құрады


Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Ms Excel бағдарламасында мәліметтер базасын құру туралы біледі

Пәнге тән лексика және терминология.


Екі өлшемді кесте - A turo dimensional table

Құрылымдық кесте - Structure tablets

Мәліметтер формасы - From of data


Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Электрондық кестеде «екі өлшемді кесте» ұғымын қалай түсінесіңдер?

- Неліктен мәліметтер қоры кестесінде ұяшық диапазонын біріктіру ұсынылмайды?


Талқылауға арналған сұрақтар

  • Мәліметтер қорын кесте түрінде бейнелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар?

Құндылықтарға баулу


-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-өмір бойы оқуға дайын болу;

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілінде мәліметтер базасын құру батырмаларын қолдану

Алдыңғы білім


Электрондық кестемен кесте құрып, құрылған кестелердің диограммаларын тұрғыза алады



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин















5 мин.



Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару



Жағымды психологиялық ахуал орнату

«Қолшатыр» ойыны.
Жүру барысы: Оқушылар шеңберге тұрып әуен ырғағымен іс-қимыл арқылы қолшатырдан айналып жүреді. Ал, әуен тоқтап қалған кезде оқушылардың міндеті ортадағы қолшатырды бірінші болып алу, кім қолшатырды алуға үлгермейді сол ойыннан шығады. Ең соныңда қалған оқушы жеңімпаз атанады



«Ән шумақтары» Ән шумақтары арқылы сыныпты топтастыру

"Бинго" әдісі

Бұл әдіс бойынша слайдта бинго ойнатылады, бинго арқылы сұрақтар қояды. Сол қойылған сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтау











Өлең шумақтары бар кеспе қағаздары


Слайд, интерактивті тақта, үй тапсырмасына арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы




2 мин







10 мин.



























15 мин.































3 мин








Жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Ой қозғау» әдісі

  1. Мәліметтер базасы туралы ұғым?

  2. Мәліметтер базасын не үшін құрады?

  3. Мәліметтер базасын қай салаларда қолданады?


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын түсіндіреміз.


Жаңа тақырыпты игеру

1 тапсырма. Топтық жұмыс


«Зерттеушілік конференциясы» әдісі

І топқа «Мәліметтер қорының кестесі»

ІІ топқа «Мәліметтер қорының ережесі»

Топтардың тапсырмаларын анықтау.

1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу.

2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау.

А. Берілген тақырыпқа сәйкестігі.

В. Жинақталған деректердің құндылығы.

С. Оқушының зерттеушілік шеберлігі.

Топтардың тапсырманы орындауы. Топтардың тақырыптарың зерттеп келесі топтарға түсіндіру.

ҚБ: Оқушылар өзін өзі бағалау жүргізеді. (кілттер арқылы)


Тапсырма №2. Жеке жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс


Деңгейлік тапсырмалар

А деңгей

Мәліметтер қорын құру (МҚ):

1. Ұсынылған модельге сәйкес мәліметтер қорын құрыңыздар (8.1-кесте)

«Күн жүйесіндегі ғаламшарлар» МҚ

Ғаламшар

Период

Арақашықтық

Диаметр

Масса

Серік













2. «Период», «Арақашықтық», Диаметр», «Масса», «Серік» ұяшықтары үшін сандық пішін (формат) орнатыңдар.

3. Бірінші жазбаны енгізіңдер. Екінші жазбадан бастап, Деректер Пішіні (Данные Форма) командалары арқылы кестені толтырыңдар. Командаларды пайдаланбас бұрын кестенің бірінші жазбасын және іргелес тақырып жолын ерекшелеңдер.

4. Мәліметтер қорын жұмыс дискіге “Күн жүйесі.xls” деген атаумен сақтаңдар.

В деңгей

1. «Қазақстанда мекендейтін құстар мен жануарлардың» мәліметтер қорын құрыңдар.

2. Форманың көмегімен «Қазақстанның өзендері мен көлдері» мәліметтер қорына жазба қосыңдар.

С деңгей

МҚ жасаудың қандай әдісі сендер үшін ыңғайлы, жіберген уақыт критерийі бойынша оңтайлы екенін зерттеңдер. Ескертпе: сендер бірдей екі МҚ әртүрлі тәсілмен жасап, жұмсаған уақыттарыңды бағалаңдар. Қорытындылаңдар.

ҚБ: Гүлдер арқылы

Сергіту сәті «Заряд алу» (сергіту сәті )

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

Тапсырма №3. Жұптық жұмыс

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.

Бағалау критерилері (шахмат фигуралары)

Слайд, интерективті тақта, оқулықтар








Плакат, маркер, қалам, кітап, интернет желілері

















Компьютер, деңгейлік тапсырмалар

9 сынып информатика, Алматы кітап 39-40 бет. Практикалық жұмыс









Түсіндім




Түсінгім келеді





Түсінбедім













Кеспе қағаздары







Сабақтың соңы




2 мин

Сабақ соңында оқушылар « поезд» тәсілі арқылы рефлексия жүргізеді.

1-вагонға;  Бүгін не үйрендің?

2-вагонға;  Бүгінгі сабақта не ұнады?

3- вагонға; Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды?

4-вагонға;  Басқаларға көмегің тидіма?

Дискрипторлар

- Ms Excel бағдарламасында мәліметтер базасын құру туралы біледі

- Кестелік мәліметтер қорының жазбасы және өрісінің өзара айырмашылығын түсінеді

- Ms Excel мәліметтер қорының ережелерін қолдана отырып, бағдарламада мәліметттер базасын құра алады







Кеспе қағаздары, смайликтер, плакат





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



-Қабілеті жоғары оқушылар:

- «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау, жан – жақты талқылау жасау арқылы қабілеттерін дамыту

-Практикалық жұмысты қабілеті жоғары оқушыларға арналған үш нұсқасы бар деңгейлік тапсырмалар, таңдау құқығына ие.

-Қосымша практикалық тапсырмалар

Қабілеті орта оқушылар:

-Сабақта оқушылар бір-бірімен мейлінше араласып, қолдау көрсету үшін

-«Зерттауші конфигурациясы» әдісін қолданамын.Топтық жұмыс барысында талқылауға арналған тапсырмаларды іздеу барысында осы деңгейлі оқушыларға қолдау көрсетіледі:

Қабілеті төмен оқушылар:

-Топтық жұмыста деңгейі жоғары оқушылар осы деңгейдегі оқушыларға көмек көрсету, түсіндіру:

-Жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетілу


  • Ынталандырып, қолдау беру

  • Оқушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді

  • Оқушылар өзара бағалайды

  • Практикалық жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүргізіледі;






Компьютер сыныбында техника қауіпсіздігін сақтауды үнемі ескерту.

«Заряд алу» сергіту сәтін өткізу.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?