Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
Екінші деңгейлі,жоғары санатты , тарих пәні мұғалімі Бесімбаева Гүлшара Өмірбайқызы
9 сыныптар арасында өткізілген Тәуелсіздікке байланысты Көрініс.
Музыка ойналып тұрады
І жүргізуші:Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген,
Сонда – дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың сыр бойы арманы,
Өткені мен келешегін жалғады
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың
Егемендік, Тәуелсіздік алғалы
-Иә, құрметті оқушылар
«Бостандық?»- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезетте емес талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.
ІІ жүргізуші: ал «Тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев
Ендеше, балалар ер жолымен өткен тарих беттеріне азғантай шолу жасайық, зер салайық.
1219-1227 жылдан бастап Монғол - татар шапқыншылығы болып ,Шыңғысханның жорығы қазақтың қазақ болу процесінің 150 - 200 жылға кешеуілдетті.
Балалар ,бәрімізге белгілі ең алғаш рет қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек еді. Сол аласапыран заманда біздің қазақ халқы не көрмеді. Біздің кең байтақ, бай жерімізге көз алартушылар көп еді. Сол жауларымыз қазақтарға тыныштық бермеді.
І жүргізуші:Иә, балалар қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай хан еді. Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы тарихи арпалысқа толы жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жанкешті тынымсыз заман еді.
Сол себепті дос іздеп, Ресейді паналайды. Алайда, Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап халықты аяусыз езгіге ұшыратты! Патша үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Сырым, Махамбет, Жанқожа,Есет, Кенесары бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті... Алайда бәрі бекер. Біздер Ресейдің отарына айналдық, қолдан жасалған ашаршылықтың өзі әрине, қазақ үшін бұрынғыдан жойқын болды. Сол заманда өмір сүрген:Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» өлеңінде былай жырлайды.
Заң азды, төресі әділ жан жоғынан,
Тозды жұрт тойып жейтін нан жоғынан
Қыран құс қайда ұшарын біле алмай тұр.
Алып жер ашыққанда аң жоғынан.
Халық едік қара шыбын қатарында,
Күнелткен кен далада шаң жоғынан
Жер жүзін жеті қабат зұлмат басып,
Жол таппай жүдеді жұрт таң жоғынан
«Болар- деп,- заман қалай?» қауып етемін,
Бұл үшін ешбіреуде қам жоғынан
Ұлу жыл жарлық шығып зар еңіретіп,
Састырды жалын келіп жан-жағынан
Сияқты байсыз қатын болып тұрмыз
Кең ойлы кеңес айтар жөн жоғынан
Жүк жұртта қалды,имесең ием өзің,
Берік бел бүтін туған нар жоғынан
«Көп үшін көбелектей болсам! » деймін
Есімнің хабарым жоқ бар, жоғынан.
Ақылды ер айтқанымды абайлайды,
Ақылсыз ақымақ күлер ар жағынан
Көрініс: «1931-33 жылғы ашаршылық кезеңі» 9а сынып слайд арқылы үзінді ,оқушылар сол заманды толығымен көрсетіп өтеді.
ІІ жүргізуші: Қаншама ойшыл, зиялы адамдар репрессияға ұшырады, тұтқынға түсті, Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды.
Қара күйе жағылған,Қарғыс таңба жазықсыз таңылған
Халық жауы,үй-орманның оталу, Өз еліңде өзің дұшпан аталу
Саналылар сұмырайға саналу, Айыпсыз –ақ абақтыға қамалу
Қапияда қауып алар қармақтар, Ойды орап ,қырды жапқан КАРЛАГтар
Қайда барсаң қан сасыған іргелер,Тірі өлікке толған іші түрмелер
Көрініс: «1937-38 жылдардағы қуғын-сүргін» 9 «Ә» слайд арқылы үзінді ,оқушылар сол заманды толығымен көрсетіп өтеді.
І жүргізуші:Сөйтіп, біздер Ресейдің қол астында қала бердік.
1941 жыл. Бұл жыл Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандықтар әр түрлі майдандарға ірі шайқастарға қатысып жаппай ерлік көрсеткен 500- дей қазақстандық жауынгер мен офицер болды, оның ішінде 98 қазақ болды.Қазақ Совет Одағының батыры деген жоғары атаққа ие болды. Олардың өшпес ерліктері тарихта алтын әріппен жазылады. 1945 жыл Ұлы Отан соғысы аяқталды.
1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды.
1954 - 56 жылдары Қазақстан жеріне өзге ұлттарды әкеліп тағы да құнарлы жерлерді, қалаларға орналастырды.
1970 - 80 жылдары тілі мен салт – дәстүрінен айырылып рухани азу күшейді
1986 жыл Ресейліктер қазақтың рухын таза құртпақшы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда 18 минутқа созылған Пленум өтті. Мұнда Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып Республикаға мүлде белгісіз біреу Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттық ыза – кегі
сыртына бұрқ етіп ,қазақ жастарының көтерілісі басталды. Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.
Көрініс: «Желтоқсан көтерілісі» 9 «Б» сынып слайд арқылы үзінді ,оқушылар сол заманды толығымен көрсетіп өтеді.
Балалар ,1986 жылы 16 желтоқсаны тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болған еді.
Сөйтіп, 1991 жылдың 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Егеменді ел болдық. Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Қазіргі таңда ең мықты, дамыған мемлекеттердің қатарындамыз. Ел арасында айтылатын тәмсіл бар. Абылай хан:
«Үш арманым бар еді. Біріншісі – елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді.Екіншісі – халқым қала, кент сала алмады. Үшіншісі – елдің басын біріктіре алмадым» деген екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, қалаларымыз бен ауылдарымыз жарқырап, жайнап тұр. Даламыз жайқалған егінге толып, еліміз жасыл баққа айналды. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Мен бұдан бұрынырақ «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген едім. Бүгін сол сөзімнің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан
ететін болады» дегім келеді.
«Біз қазақтың баласымыз» өлеңімен / Қолдарында шарлар,гүлдермен/