Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”, «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға, оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу.
Міндеті: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Көрнекілігі: Тапсырмалар, сабақ кезеңдері (слайд).
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту “Кім жылдам?”
1. Абай кім? 2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген? 3. Абайдың шын есімі кім? 4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 5. Қандай әндерін білесіңдер? 6. Қанша қара сөзі бар?
7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады? 8. Оның авторы кім? 9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар? 10. 31 қара сөзі не туралы?
Өткен тақырыпты тест арқылы бекіту.
Тест. Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырмалары
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі; В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта; С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде; Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі; Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран; С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»; В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д) «Жазғытұры»; Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
6. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
В) «Жаз»; С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».
7. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»; В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»; С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»; Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»; Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
8. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5; Е) 7.
9. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; В) Он сегізінші; С) Он тоғызыншы; Д) Отыз бірінші; Е) Отыз сегізінші.
10. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу.
11. Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу. 9. Абайдың руы кім?
12. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі; В) Медресе Мухаммадия; С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля; Е) «Ғалия» медресесі.
13. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»; В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»; Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».
14. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.
15. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»; В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»; Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»; Е) «Қалауын тапса, қар жанар».
Жауаптары:
1. В 2. Д 3.А 4.С 5.В 6.В 7. С 8. В 9. А 10. В 11.А 12. А 13. Д 14. С 15. В
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.
Абайдың өлеңдері
Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.
Ақынның айтпақ өсиеті
Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер
Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді
Абайдыңәрөлеңібіздіжақсыболуға, жаманәдеттерденаулақ болуға, өнер-білімді бойымызға сіңіре білугетәрбиелейді.
Мысалы, «Білімдіден шыққан сөз», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,
Абайдың өнер-білімге арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер? («Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқытып талдатамын )
талап еңбек қанағат өсек өтірік мақтаншақ
терең ой рақым еріншек бекер мал шашпақ
Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.
Ғылым таппай мақтанба Қара сөздері
Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген
Абай әндері: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Көңіл құсы құйқылжыр», «Айттым сәлем Қаламқас».
Абай және сөз өнері
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең. («Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» )
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тисін.
Іші – алтын, сырты-күміс сөз болсын.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел. («Өлең-сөздің патшасы» )
Қисық-қыңыр, тасыр болма.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Көңілінің көзі ашық,
Cөз ұғынатын талапты бол. («Мен жазбаймын өлеңді ермек»)
А. Пушкин М. Лермонтов И. Крылов
Аудармалары: Крыловтан «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден».М. Лермонтовтың «Шайтан», «Дұға», «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау», «Теректің сыйы», Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударады. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Абайдың поэмалары
“Масғұт”
“Ескендір”
“Әзім әңгімесі”
ІV. Оқулықпен жұмыс.
“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?
Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?
“Алдың-жалын, артың – мұз” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
“Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру,” сөздерінің мағынасын ашыңдар?
Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?
V. Дәптермен жұмыс. “Пайда, мақтан, бәйге, жасыру” сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу.
Ақыннң нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу.
Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.
Шалыс ұйқаспен жазылған.
Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге 8 буын а)
Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан, // - // б)
Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - // а)
Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан! // - // б)
VІ. Сөздікпен жұмыс.
Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.
Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.
Ү. Бекіту кезеңі. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару.
...................... дана,
...................... ғана.
..................... оқығанды,
.................... пана
VІІ. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау; осы тақырыпқа ойтолғау жазу