СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар 9 сынып

Просмотр содержимого документа
«Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар»


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

5


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдары туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


Шығыс – дүниежүзілік рухани мәдениетің ең көне ошақтарының бірі. Шығыстың рухани қазынасымен Абай Ахмет Ризаның медресесінде алғаш рет танысты. Шығыстың философиясы мен эстетикасын үлкен ынтамен зерделей жүріп, ол Әл Фараби, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Йассауидің трактаттарын оқыды. Білімге құмар, дарынды бозбала Абай Бақырғани Сулейменнің, Суфи Аллаярдың, Захириддин Бабурдың шығармаларынан сусындады.

М.Әуезов араб-парсы мәдениетін тереңдетіп оқып-үйренген Абай, түрлі дәуірлердің Рашид-ад-Дин, Мұхамед Хайдар, Абалғазы Бахадурхан, Захириддин Бабур сияқты тарихшыларының еңбектерін жақсы білетін деп жазады. Өзінің монографиясында М.Әуезов Абай оқып шыққан көптеген Шығыс классиктерін атап көрсетеді: «мұсылман дүниесінің көптеген ірі ақындарымен Абай жас бала кезінің өзінде-ақ танысып үлгергені сөзсіз». Шәкірт Абай аты әлемге әйгілі ақындардан рухани қолдауын өтініп, бата сұрайды: «Шәмси, Сағди, Физули, Хафиз, Науаи, Сайхали, Фирдоуси – жас ақынға жар болыңдар, ұлы ақындар!»

М.Әуезов өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» атты тарауында Абайдың оқыған кітаптарының ауқымын көрсетеді: «Көктем шыққанша оның айналысатын ісі тек кітап оқу еді. Медреседен кейін алғаш рет ол кітапқа біржола бас қойып, күнұзаққа соларды оқумен болды. Осы уақыттың ішінде ол араб тілі мен парсы тілінен үйренгендерінің біразын ұмытып та үлгерген еді. Ғабитханнан алған сөздіктер оған көмек болды. Ғабитхан молда кітап оқығанды аса жақсы көретін. Оның кітаптарының ішінен Абай Фирдоуси мен Низамидің, Физули мен Науаидың «Жәмшит» пен «Мың бір түн», «Тариз» - Табари, «Зылиха-Жүсіп», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Көрұғлы» шығармаларын тауып алды. Абай оларды бас алмастан оқыды».

Шығыс классиктерінің шығармаларының Абайға жасаған ықпалы оның бірқатар туындыларынан анық байқалады. Бозбала шағында ол «Жүзі – раушан, көзі - гауһар», «Физули, Шәмси, Сайхали» және «Әліпби» өлеңдерін жазды. Абайдың махаббат лирикасында Шығыс классиктерінің рухы білінеді. Абайдың философиялық-моралистік «Масғұт», «Әзім»әңгімесі, «Ескендір» поэмаларындағы Шығыстың әсері сөзсіз. Араб-мұсылмандық Шығыс Абайдың шығармасында сыни тұрғыдан қайта бағаланған, ақынның өзіндік дүниетанымы арқылы қабылданған күйінде бейнесін табады.

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз —буһәммаси

Мәдәтбер я шағири фәрияд



Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұл шумақты қазақшаласақ, шамамен:

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз — барлығың

Медетберіпжырыма,

Ақынның бағын жандырғын,— дегенге келеді.


Мекемтас Мырзахметовтың «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», «Абай мұрасының зерттелу жайы» еңбектері жайында.


Монографияның үшінші тарауы —"Абай мұрасының шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеулерінде". Жұртқа белгілі, М.Әуезов әдебиетке әрі суреткер, әрі ғалым болып келді де, осы екі саланың да шырқау биігіне бірдей көтерілді. Соңда М.Әуезов көтерілтен бұл көп тұғырлардың ішінде ең биігі "Абай жолы" эпопеясы мен ақын шығармалары жайлы монографиясы болды: ол осы қос еңбегінде Абай сияқты данышпан адамның ақыл-ой дүниесінің "тамыр тартқан тереңін аша көрсетіп", яғни оның танымы мен білімінің негізіңде жатқан қайнар көздерді дәл көрсетіп, әрі сол қайнарлардан бөлекше боп туып, өзінше қалыптасқан абайлық дүниені тереңдеп танытып, қазақ әдебиетінде Абай шығармалары арқылы келіп туған ақыл-ой қазынасының тарихын жасады. Ал абайлық бұл ой дүниенің бір арнасы шығыс әдебиеті болатын.

Міне, Мекемтас бұл үшінші тарауды Абай мұрасының осы қайнар көзіне арнаған, және автор дәл осы тарауда М.Әуезов еңбектеріне өте тереңдеп барады. Ғалымның пікірлерін негізге ала отырып, ақын шығысы жайлы өте тың, қызық топшылаулар жасайды. Бұл тараудың алғашкы бөлімінде автор тағы да өзінше шешім тапқан. М.Әуезовтің ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер жайлы зерттеуіне кіріспес бұрын, ол әуелі бізге Мұхаңның ғылымға келу, ірі ғалым боп қалыптасу жолынан, әсіресе Шығыс әдебиетінің зор ғұлама ғалымы боп қалыптасу жолынан мол дерек береді. Автор "Абай шығармаларыңдағы шығыстық арналы белгілерді анықтау мәселесі зерттеуші атаулыдан жалпы мұсылман шығысы мәдениетін, философиясы тарихы мен ұлы классиктер мұрасын өз дәрежесінде түпнұсқадан оқып меңгеруді талап ететін" (Аталмыш кітап, 139-6.) — деп, бізді Абайтанудың өте бір қиын да, жауапты да, әрі міндетті де, шартына тұқырта бой ұсындырып алады да, Мұхаңның осы салада шын білгір боп шығу жолын, сөйтіп Абайды қапысыз тануының негізі қайда жатқанын жеткізе айтады. Сөйтіп бұл тарауға әрі ғылым жолындағы Мұхтарды таныту сияқты зор міндет жүктелген. Шындап келгенде, бұл тарау да М.Әуезовтің ғылыми өмірбаянының бір саласы боп әдебиеттану ғылымына кіріп отыр.

Автор М.Әуезовтің ақын шығысын тану жайлы пайымдауларына үш саладан — ғылыми-зерттеу еңбектер, архивтік қолжазба дүниелер, "Абай жолы" эпопеясы арқылы еркін барып, Абай шығысы жайлы проблеманы ірі-ірі төрт тақырып ("Абайдын ақындық кітапханасы", Абай және шығыс классиктері", "Абайдын исламиятқа қатысы", "Абайдың мораль философиясына қатысы") аясында сөз еткен.

Осы арада автордың мына ескертуін оқушының білуі анық керек болады: Ол былай дейді: "Абай шығармаларын ғұмыр бойы қол үзбей үңіле зерттеген М.Әуезов қаламынан туған ұлы ақын мұрасының шығысқа қатысы жайлы ізденістерінің бәрі де осы төрт сала проблема маңына үйірілген. Бірақ әр сала жайындағы ой-пікірлері жеке дара өз алдына дербес зерттелмей, көбінесе, Абай шығармаларын хронологиялық жүйе тұрғысынан қарастыруы (Бұл жерде Абай шығармалары жайлы монография ескеріліп отыр.— Қ.Ө.) себепті, ұлы ақын туындыларыңдағы шығыстық арналы белгілерді кезеңіне қарай арнайы сөз еткен тұстарда ғана айтылып отырған. Сондықтан да М.Әуезов зерттеулеріндегі Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы зерттеулерінің тарихымен жете таныс ғалымдар болмаса, оқырман қауым жоғарыда аталған төрт салада ғалым тарапынан айтылған ойлар желісін қармағына оңайлықпен түсіре бермейді де" (Аталмыш кітап, 143-6.). Автордың бұл ескертуінде, тіпті күдігінде, шындық жатыр. М.Әуезовтің Абай жайлы монографиясымен таныс болмаған кісі жоғарғы проблемалар Мұхаң зерттеулерінде осы жүйе-желіде, жік-жігімен, ап-анық қалпында айтылған екен деп қалуы сөзсіз. Тіпті де олай емес. Абай мұрасының шығысқа қатысы ғалымның тереңдеп, өрістетіп зерттеген проблемасы болғанмен, оны ғылым тілінде кезінде анық, еркін айтып үлгірмеген де Абай шығармаларының шығысқа қатысы жөніндегі танымға күмәндану немесе әр кезде де дәлелсіз, негізсіз терістеуге оңай тұрпайы социологиялық әдіске сүйенген әрекеттер абайтану саласыңда өріс алды да, М.Әуезов кезінде айта алмаған ой-пікірін эпопеяда көркемдік формада жеткізуді өзгеше тәсіл етіпті (М.М., 143-6.).

Айталық, "Абайдың ақыңдық кітапханасы жайыңда" бөлімде автор эпопеяда атақты шығыс классиктері, ғұлама хакимдер мен тарихшылар, көптеген шығыстық қисса-дастандар тіпті мектеп-медреседе оқылатын оқулықтар баршасының аталу, келу, сөз бөлу реттеріне тоқталған, яғни Абай ойлары мен ғылыми мәнге ие терминдік сөздері негізінде келіп М.Әуезов тапқан абайлық ғалымдар ортасының, ақын кітапханасының эпопеяның ұзына бойында, Абай жолының өсуі, өрлеуі барысына орайластыра отырып сөз болу тәсіліне тоқталған. Бұл да бір ізденудің, табудың, авторлық жаңа түрі. Сөз жоқ, егер біз Абайды терең білмесек, Мұхаңа тән бұл "жабық лабораторияға" кіре де алмас едік, бұл лаборатория ескерілмей, ашылмай қала да берер еді. Керісінше, Мұхана тән бұл лабораторияны бізге Мекемтас ашып беріп, Абайдың өзін бұрынғыдан да гөрі, тереңірек, молырақ тануымызга жағдай жасап отыр.Сөйтіп Мұхаңды тану абайтануға тағы да бір кілт беріп отыр. Автор Мұхаңдық осы кілтті жақсы тауып, Абайдың бізге әлі де беймәлім шығысын аша түскен. "Ақынның біз көз жазып қалған творчестволық лабораториясын, яғни өнер жолыңдагы дамуы тарихын "Абай жолы" эпопеясынан тапқан.

Мекемтас Мұхаңның архивіне барып, оның "Алдағы уақытта Абайдың Науаи, Низами, Фзулилерге қарым-қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра отырып, бұл қатынастағы екі түрлі кезеңнің, яғни: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы (1860-1865) мен Абай творчествосының марқайған тұсындағы (1886-1890) негізгі айырмашылықтарды анықтау керек (Аталмыш кітап 156-6.)— деген сөзін келтіреді. Осы ойын М.Әуезов жариялаған еңбегінде де айтқан: Абайдың орыс классик поэзиясынан алған үлгісін мол бағаламак болған, дұрыс ниеттегі кейбір тексерушілер "Абайға шығыс поэзиясының әсері де болған" деген пікірлерге қытықтанып, шамданып аз ізденумен, арзан еліктеу түрінде барган болса, бері келіп, әбден қалыптасып, ұлы реалист, шебер классик, мастер болған шағында да сирек түрде болса да оқта-текте айналып соғып отырады... тек ескерте кететін нәрсе, Абайдың барлық поэзиялық мұрасында шығыстың орны, орыс классик поэзиясы орнынан әлдеқайда аз. Бірақ жалпы алғаңда, жаңағыдай анықталған жақын шығыс мәдениетінің әсері болғанын атамауға болмайды. Ол жәй, Абайдың ақындық нәр, қор алған тектері, іздену өрісі, жалпы ойшылдық, ақындық диапозоны кең болғанын көрсетеді" (М.Әуезов, Әр жылдар ойлары, 75-6.) – деп, Абайдың бұл өрісін өз заманынан бойы озған ерекше қасиеті, қараңғы қазақ сахарасынан көтеріліп, әлемдік мәдениетке кең құлаш жаюы ретінде бағалайды.

М. Мырзахметов Абайдың орыс классик әдебиетінен ауысқан ой пікірі жайлы мәселені (оның қазақ әдебиетіңде көбірек сөз болуын да ескеріп) келесі кітапқа қалдырған да; бұл жолы оның белгілі бір жағдайларымен кедергі тосқауыл қойылып, өте аз сөз болған шығысына барған. Онда да М.Әуезов ойлары ізімен тереңдеп сөз болмаса, ұлы ақынды тануда жарты жолда тұрып қалатынымызды ескере отырып барған. Және де абайлық шығысты айтуда өзінің де бұл саланы мол білетіндігін, еркіндеп бара алатын каруы барлығын танытады. Мұнымен ол М.Әуезовтің «Абайдың Науаи, Низами, Фзулилер мен Қожа Ахмет Иассауидің "Хикметі" типтес мистикалық суфизм әдебиетіне қатысын өте катал түрде ажырату керек» (М. Әуезов архиві, 255-п. с. 23)— деген талабына орай тұстан келіп барып, осы міндетті өз қалінше орындап шыққан.

Жұртқа белгілі, XIX ғасыр Европа үшін Шығыс «серінің әлдеқашан ықпалы тоқтаған дәуір болса да, қазақ даласы үшін олай болған жоқ. Қазақ даласына классикалық шығыс та, ислам шығысы да басқа емес, дәл осы ғасырда мол енді. Әсіресе соңғы шығысты әкімшілік қазақ даласына жеделдетіп енгізді. Басқа емес дәл осы кезді Шоқан Уәлиханов "Қазақтар арасына мұсылман заңдары өкімет тарапынан тамаша бюрократтык жолмен енгізіліп отыр... Округтік приказдарда молда тағайындап, мешіттер мен татар медреселерін салуды ұйғарып, ұлы Сперанский Мұхаммедтің Сибирь даласыңдағы апостолы болып отыр"(Шығ., 1-том, 521-6.)— деп, өткір сынады.

"Қазақ даласына адам нанғысыз фантазия, зәредей ақиқат ой жоқ өлі схоластика" ислам дінін, татар оқуын тарату арқылы халықтың санасын топастандыру, "құдай жолына адалдық" дегенмен дін қызмет етіп отырған әкімдікке қарсы шықпайтын дін қызметшілер дайындап шығару шаралары жүргізіліп жатқан бұл ортадан Абай шықты. Ол да жаңағы медреседе оқыды. Ал кейін өздігінен молынан ізденіп, көне Шығыс пен жаңа Батыстан қатар нәр алып, үлкен ойшылдық, ұстаздық қалпына көтерілген кезінде де жалпы дін жолын ұстанушы болып қала берді. Осы Абайды М.Әуезов былай бағалаған: "Шығыс жағынан алған нәрдің бәрін Абай өз ақылымен, сыншы, ойшы ақылымен, бірақ, әрине, санашылдық жолымен өзінше қорытып алады. Бұған кірген бұйымдардың басы ислам діні, онан соң Шығыс поэзиясы және мұсылман ғылымының ілгері-соңғы ғұлама философиялық сөздері болды" (М. Әуезов. Абай Құнанбаев..., 236-6.).

Абай Шоқандай ислам дінін, оның таратушыларымен қоса сынамағанмен де, әлеуметтік мәселеде казақ ішіндегі, бүкіл мұсылманшылық ғылымындағы дін ұстаздарына, қатты сын айтады, соққы береді. Бірақ Абай бүкіл Батыс ағартушыларының дін жолында болғаны сияқты өзін ол діннің ішінде көреді. Мұхаң сөзімен айқанда, "көп діңдер көп мұсылманның бірі" боп қала береді. Бірақ Абайдың дінін және оның дінге қатынасын осылай екі жағынан көрсете келіп, "жалпы айтатын бір жәй — қай кезде болса да, Абай дінсіз емес, қайта діңді түтынушы, иланушы адам болды... Дінді түсінудің, тұтынудың және бағалаудың жайындай, әрине, заманындағы исләмшіл дін басылардың, апологеттердің ұғымынан сан рет аулак, алыс кететін пікірді Абай өлең сөздері мен қарасөздерінде көптен-көп танытады. Кейде оның діні шартты түрдегі тек адамгершілік мақсатына ғана арналған дін болатыны бар" (М.Әуезов. Абай Құнанбаев, 154-6.)— дейді.

Абайдың ағартушылық идеясы және осы жолдағы күресі оны өзі ортасыңда жүрген адамдардың санасын оятуды, оларға ақыл беруді, ізгілікке, түзу жолға —адалдық, адамгершілік, еңбек, білім жолына түсіруді ілгері шығарады. Ал надан, тәрбиесіз ортаның әсерімен адам бойында пайда болған нешеме жамандық: дұшпандық мінез-әрекеттер бұған кедергі болды. Ал өздерінің реакциялық қараңғы нанымдарымен халықтың санасын уландырып, шырмап келген дін иелерінің күнде іске асырып отырған "үгіті", "оқуы", әрекеті халықтың өз надандығы тапқан нанымын, мінезін, әрекетін түзетуден гөрі де ауыр жүк болды. Сөйтіп Абайдың алдында екі жақты күрес тұрды. Сонда өзіндік тапкан бір құралы дін болды. "Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін діндегі негіздермен қабыстырып беруді" (М.Әуезов) мақсат етті.

Әрине, бұл Абайдың бұл жолы ғылымда жаңа жол емес еді. Батыс Европа ағартушылары үшін басып өткен жол болатын...

Міне, Абай мұрасының кезінде кей жұрт "қытықтанып, шамданып" қараған, бірақ біздің жоғарғы оқу орындарымыздың программасы деңгейінде алған білімімен келіп қазақ оқушылары тіпті ала алмайтын терең тамырларының бірі жайлы М.Әуезов тезистік түрде, бірақ соншалық анықтамалық формада пікір айтқан. Ал М.Мырзахметов болса Мұхаңның осы пікірлерін өзекті желі ете отырып Абайдың шығармаларына өзінше, бұл күнге дейін жұрт ойына келе бермеген жолмен барып кіреді. Ал бұл жолда автордың тапқаны да мол. Оқырманга ұсынғаны да көп. Өзіміз күнде болмаса да күнінде оқып, бірақ өзімізде ол саладан білім, таным болмаган соң көңілімізде ассоциация тумай, сәулесі ойға, көңілге түспей, тасада қала беретін көп сөздердің, неше алуан пікірлердің астарын ашып, оқушыны Абайдың ой әлеміне жаңа бір жағынан кіргізіп отыр. Және де осы ой әлемін жай көзбен көре алмайтын, жадағай біліммен ала алмайтын оқушының қолына жан-жақты талданған еңбек ұсынады, арғы-бергіден дәлелді пікірлер келтірген, жақсы таратып баяндаған еңбек ұсынады.

Бұлардың ішінен "Абай танымындағы хауас мәселесі", "Абайдың жауан мәрттікке қатынасы","Абай шығармаларындағы "адам болу" шарттары", "Абайдың жүрек культі", "Абай ойының өзекті желісі —"толық адам" (187-258-беттер) деп тақырыптар қойып барып, сонау әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Абу Хамид әл-Газали, Науаи т.б. таратып мұсылман философиясында бұл мәселелердің қойылысы, сөз етілу жайын, ал бұлардың Абайда қалай айтылу, түсінілу, баяндалу, мағына берілу жайын сөз еткен тұстарды бөліп айтар еді. Бұлар осы монографияның абайтануға алып келген өзіндік олжасы. Басқа емес, монографияның дәл осы тұстары арқылы біз бірінші рет:"мен" мен "менікі", "тән", "тән қуаты", "тәнқұмары", "жан", "хаиуан жаны", "адам жаны", "жан сыры", "жан қуаты", "жанның жарығы", "жанның кәсіби қуаты", "жанның тамағы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса заһири", "сөз суреті", "өз суреті", "үш сүю (иманигүл)", "нақылия дәлел", "ғақылия дәлел", "мутакәлимин", "мантиқ", "адам болу", "толық адам", "жарым адам", "бенделіктің кәмалаттығы" т.с.с. көп-көп терминдерді әзінін толык түсініктемесімен кездестіріп отырмыз.

Мұның өзі бір жағынан тамыры өте тереңде жатқан ғылыми терминдердің Абай шығармаларында мол екендігін көрсетсе, екінші жағынан, "өз суретімен" біздің түсінігімізге сәулеленбеген "құпия сөздердің", "Құпия пікірлердің" Абайда қанша екенін біздің әлі күнге дейін білмейтінімізді де көрсетеді.

Мекемтас сондай "құпия сөздердің", "құпия пікірлердің" біразының сырын ашып, бұл сөздердің жұрт ойлағандай, "таза діни мағынадағы", "ислам уағызындағы" сөз болмай, Абайдың мораль философиясының, түптеп келгенде, ағартушылық идеяларынын мүлкі екенін анықтап беріп отыр.

Егер қазақтың қоғамдық ойы тарихының тұрғысынан, қазақтын ағартушылық әдебиеті тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ-ақ, біз бұл сөздердің Абайда болуының тарихи мәнін анығырақ шамалаймыз. Және ол сөздерді (терминдерді) ғылымның бүгінгі мүлкіне айналдырып, оны "діни сипатынан" аршып алған М.Мырзахметовтің сіңірген енбегін анығырақ түсінетін боламыз.

Бұл тараудың тағы бір артықшылығы мынау. Автор М.Әуезовтің "Абайдың діні сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні" деген тезисінен шығарып барып, Абайдың ағартушылық идеяларын насихиттауда бір күрес тәсілі, идея өткізудің бір құралы етіп пайдаланған "дінін'" ғылыми жүйеде кеңінен ашып қана қоймайды, ол Абай шығысын, оның М.Әуезов танымындағы сипатын терендеп баяндап жеткізе отырып, бір кезде осы саладан келіп, қазақтың бұл екі ұлы данышпанына айтылған "сынсымақтарды" қатты әшкерелейді де. Сөйтіп, өзінің зор ғылыми дәлелдеулерімен казақ әдебиеттану ғылымынын Абайды тану тарихында таңбадай болған өткен күннін еншісі болған бұл мінді түзейді.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Шығармашлығынан түсінгендерін «INSERT» кестесіне толтыру.



INSERT (түртіп алу жүйесі)

Білемін V

Мен үшін жаңа +

Білмеймін -

Ізденемін ?







Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.


Сабақты қорыту.

«Белгілі бір жүйемен»



л

и

в

е

а

л

і

р

м

а

ө

т

м

к

ү











Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты-жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).

Үйге тапсырма: Өлеңдерін жаттау.