СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абылай хан туралы а?и?ат пен а?ыз

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Абылай хан туралы а?и?ат пен а?ыз

Саба?ты? ма?саты: 

Білімділік:?аза? хал?ыны? аса к?рнекті, саяси мемлекет ?айраткері Абылай хан жайлы білім беру. Абылайды? ?мірі ж?не ?ызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекеттік ?айраткер, дипломат, ?олбасшы бол?анды?ын ашып к?рсету.

Дамытушылы?: Ты?даушыларды? тарихи танымын жетілдіру, саба??а деген белсенділігін, ?ызы?ушылы?ын арттыру, ойлау, с?йлеу, танымды?, ізденімпазды? ?абілеттерін арттыру.

Т?рбиелік:Ты?даушыларды ту?ан жерге деген с?йіспеншілікке, елін ?ор?ау?а, ерлікке, Отанын ??рметтеуге, отанс?йгіштікке т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, бейнек?рініс

Саба?ты? т?рі: а?паратты?-танымды?   саба?

?олданылатын ?дістер: баяндау, с?ра?-жауап,анализ-синтез

О?ытушыны? кіріспе с?зі:

?ш ж?зді? басын біріктіріп, хал?ымызды тоз – тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан са?тап ?алу ?шін жан?иярлы?пен к?ресе білген батыр бабамыз Абылай хан?а арналады.

«Абылай хан» бейнек?рініс(7 минут)

1 слайд

Абылай хан (?білманс?р, 1711 -1781) – ата?ты ?аза? хандарыны? бірі, бірегей ?олбасшы, дарынды дипломат, ?аза? жерін біріктіруші. Абылай – Ж??гір ханны? бесінші ?рпа?ы. ?иын-?ыстау шап?ыншылы? уа?ытта тарих сахнасына ?аза? ?ауымын ты?ыры?тан алып шы?ар тарихи т?л?а Абылай шы?ты. Абылай т?л?асын ашып к?рсететін, ерлігі мен ?рлігін, тектілігі мен батырлы?ын ?атар ?стан?ан кезі жо??ар т?т?ынында бол?ан уа?ыт.

Ж??гір ?айтыс болып, та??а Т?уке отыр?анда У?либа?ы ханды??а ?кпелеп, ?ргенішті билеген на?ашы атасы ?айып ханны? ?олына барады. У?либа?ыны? баласы Абылай жекпе-жекке шы??анда жауы ша? келмейтін батыр болып, ?анішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан К?ркем У?ли туады. Оны? баласы ?білманс?р « А?табан ш?бырынды» жылдарында жетім ?алып, ?йсін Т?ле биді? ?олына келеді. Аш-жала?ашты?тан ж?деген ??іне, ?сіп кеткен шашына ?арап Т?ле би о?ан «Сабала?» деп ат ?ойып, т?йесін  ба?тырады. Б?л, Ш.У?лихановты? айтуына с?йенсек, Абылайды? 13 жасар кезі болса керек. Т?ле биді? т?лім-т?рбиесінде болуы Абылай?а зор ы?пал жасады.

 

2  слайд

Абылай 20 жасында ?ан майданда ерлігімен таныл?ан. Б??арды? Абылай?а «Сен жиырма жас?а жеткен со?, Алтын т??ыр ?стінде А? с???ар ??стай т?леді?» деуі осыны? д?лелі. ?ай жылы туса да, 1730-1733 жылдары аралы?ында бол?ан бір ?рыста б?рын белгісіз жас жігіт ?білманс?р жекпе-жекке шы?ып, ?алма?ты? бас батыры, ?о?тажы ?алдан Серенні? жа?ын туысы (кейбір деректерде: к?йеу баласы) Шарышты ?лтіреді. Абылайды 20 жасы 1733 жыл?а с?йкес келсе, д?л сол жылы ?аза? пен ?алма? арасында ?лкен майдан бол?аны ?ытай деректерінде атап к?рсетілген. Абылайды? ?скери ?айраткерлігі, ?олбасылы? ?абілеті 1730-1740 жылдарда?ы шай?астарда ерекше к?рінді.

  1.  слайд

Абылай ?мір жолын ат ?стінде, жоры?тарда ?ткізіп, Арыс ?зені жа?асында 1781 жылы ?айтыс болды. С?йегі Т?ркістан ?аласында?ы ?ожа Ахмет Иассауи кесенесіні? ішінде жерленген. Абылайды? артында 12 ?йелінен 30 ?л, 40 ?ызы ?алады.

?аза?стан т?уелсіздігін ал?аннан кейін 1991 жылы Алматыны? басты да??ылдарыны? біріне Абылай есімі беріліп, теміржол сапаржайыны? алдына ат ?стіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жез?аз?ан, Павлодар ?алаларында да бар. ?аза?станны? 1993 жыл?ы е? бірінші т?л те?гесінде бейнесі

 

 
 

 

 

 

 

бедерленді. 2005 жылы Абылайды? ?мір жолына арнал?ан «К?шпенділер» фильмі т?сірілді. 2008 жылы  Елбасы Н.Назарбаевты? ?атысуымен Петропавлда «Абылай хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оны? есімі Алматыда?ы  ?аза?  халы?аралы? ?атынастар ж?не ?лем тілдері университетіне берілген.

Абылайды? ?скери ?айраткерлігі ?олбасшылы? ?абілеті 30-40 жылдарда?ы шай?астарда ерекше к?рінді.Осындай жан алысып жан беріскен со?ыстарды? бірін Б??ар жырау “?алданменен ?рысып Жеті к?ндей с?рісіп....” – деп  суреттейді.

Ол со?ыс?а Абылайды? ?анды к?йлек жолдастары: ?абанбай, Б?генбай, Ша?ша? Ж?нібек, ?ара?алпа? ?ылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. ?аза?ты? белгілі батырлары. Б?л да Абылайды?  жау?а ?арсы  ?аза? хал?ыны? басын біріктіре білгендігіні? д?лелі болып табылады. 18 ?. 30 жылдарыны? ая?ында Абылай есімі  бізге белгілі ??жаттарда ?білм?мбет ханмен ?атар аталады.

Абылай ханны? басты ма?саты – ?аза? хал?ыны? басын ?осып, жерін сырт?ы жаулардан азат ету болды. Билер сотына тыйым салды ?аза? жеріне ешкім ?ол с??а алмайтын т?тасты?ын ?амтамасыз етуге ба?ыттады. ?аза? рулары мен тайпаларыны? арасында?ы ?а?ты?ыстар мен барымта алуды то?татты.

4 слайд

Абылай м?сылманша жа?сы білім ал?ан. Ол шы?ысты? жеті тілін білді. Домбыраны жа?сы тартты. Абылай ?аhарлы хан болуымен ?атар ?аза? хал?ыны? рухани ?асиетінен еркін сусында?ан дарынды к?йші ретінде де белгілі. Ол «А? тол?ын»,  «Ала байра?», «Б?лан жігіт», «Д?ние ?алды», «Жетім торы», «?айран елім», «?ара жо?а»,«?оржын?а?пай», «Майда жел», «Сары бура», «Ша?ды жоры?» т.б. к?йлерді? авторы.

 

 

6

Абылайды? ішкі саясаты. Абылайды? б?кіл ішкі саяси ?ызметі бір орталы?тан  бас?арылатын  ?рі ешкімге т?уелсіз мемлекет ??ру?а ба?ытталды. Абылай ?зіні? к?ш –жігерін мына ба?ыттар?а ж?мсады. Біріншіден, оны? бір орталы?тан бас?арылатын мемлекет ??руыны?  с?ті т?сті. 1771 жылы ол Т?ркістан  ?аласында ?аза?ты? б?кіл ?ш ж?зіні? ханы болып жарияланды. Абылай  ?ш  ж?зді? ?р?айсысына ?зіні? ?лдары мен жа?ын туыстарын билеуші етіп та?айындады. Жетісуда - ?діл ж?не С?йік с?лтандар. Орталы?  ?аза?станда –?асым с?лтан. Ертіс бойы ??ірінде –немере туысы С?лтанбет с?лтан. Шы?ыс ?аза?станда ?білм?мбетті? ?лы  ?білпайыз бас?арды. Екіншіден, ол сот билігін к?шейте т?сті Абылайды? ке?есшісі Б??ар жырау болды ?шіншіден. Абылай ?аза? рулары мен тайпаларыны? арасында?ы ?зара ?ыр?ыс, алаусызды?тан туындайтын ?а?ты?ыстар мен барымта алуды то?татты. Е? со?ында ол ?аза?тарды? егіншілікпен, ш?п шабумен ж?не балы? аулаумен айналысуына ?олдау к?рсетті. Хан ?аза? даласында?ы керуен саудасын к?шейтуге барынша к?п к??іл б?лді. Абылай хан а?ын-жырау, ?нші-к?йшілер мен діни ?айраткерлерге ?ам?орлы? жасап отырды. ?аза? ?о?амын біріктіру

 

Шап?ыншылы?пен к?рес Біріккен ?кімет ??ру XVIII ?асырды? 50-жылдарында?ы ?ш мемлекетті? сырт?ы саясаты 1.Ресеймен ?арым - ?атынасы 2.Жо??ар-?аза? ?атынасы 3.?ытай-?аза? ?атынасы 1.Ресеймен ?арым-?атынасы Абылай іс ж?зінде Ресейге м?лде т?уелсіз  ішкі ж?не сырт?ы саясат ж?ргізді. Абылай Ресеймен ?зара ?арым-?атынасында тату –т?тті к?ршілік саясатын ?стану?а тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялы?  ж?не сауда байланыстарын орнатты. 1759 жылы патша ?кіметіні? ?кімшілігі ?білм?мбетті та?ынан тайдырып, оны? орнына ?зіні? отыруын  ?сынды  ж?не о?ан барлы?  жа?ынан  ?олдау к?рсетуге у?де етті. 1778 жылы патша ?кіметі Абылайды бір ?ана Орта ж?зді? ханы деп таныды.  

2.Жо??ар шап?ыншылы?ын ?лсіретуге ба?ыттады

       Жо??арлар Цин империясымен бейбіт келісім жаса?аннан кейін барлы? к?шін батыс?а ?арай б?рды. 1741 жылы ?аза?тар?а ?арсы та?ы бір ірі жоры??а шы?ты. 1742 жылы ?алдан -Церенге жіберілген майор Миллер елшілігі жо??арлар?а ауызекі ?о?ан-ло?ы жасаумен шектеді. 1755 жылы Цин императоры Жо??ария?а елеулі ?скер к?шін ж?ргізді. 1758 жылы Жо??арияны ?ытай армиясы т?гелдей ба?ындырып алды.

5 слайд

3.Хронологиялы? кесте с?йкестендіру

(Ты?даушылармен ж?мыс) 1761 жылы - ?ытай Бо?дыханы ?аза?тарды?  Аяг?з ?зеніні? о?т?стік  жа?ына ?арай  к?шіп-?онуына тыйым салатыны туралы  жарлы?  шы?арды. 1755 жылы - ?ытай  шекара м?селелерін  реттеп  ?айту ?шін ?аза?стан?а, Абылай  с?лтан?а арнайы елшілік жіберді. 1756 жылы- ?ытай ?кіметімен дипломатиялы?  ?атынас орната  бастады 1767 жылы  ?ытай  жа?ы Тарба?атай  айма?ында?ы  ж?не  Іле ?зені бойында?ы жайылымдарды ?аза?тарды? пайдалануына р??сат етуге м?жб?р болды.

О?ытушыны? с?зі:

 

8

Абылай хан дегенде тарихи деректермен ?атар «а?ыз» деген с?з де еске т?седі. Абылай  туралы т?рлі а?ыздар да бар екені бізге м?лім. Олай болса, Абылай хан туралы а?ыздарды? 1-2 не то?талайы?.          ?йсін Т?ле биге байланысты бір а?ыз-??гімеде Абылайды? ?йы?тап жат?ан кезі былай д?ріптеледі: «?йы?та?анда т?сі жап-жары? болып т?рады, шамшыра?ы бар сия?ты. Екі ?олын екі жа??а, екі ая?ын екі жа??а жіберіп, т?рт та?андап, керген т?стіктей болып керіліп жатады екен. ?олым жеткенше ?стаймын, ая?ым жеткенше барамын, д?ниені? т?рт б?рышын тіреп т?ратын ?лымын» дегені ?ой...?рине, с?уегейлік, к?ріпкел б?л суреттер Абылайды? балалы? ша?ынан к?п кейін, оны? тепкен тасы ?рге домалап, айт?ан с?зі жерге т?спей т?р?анда шы?ты деуге болады. ?йтпесе, барар жер, басар тау таппай бір жерден бір жерге к?шіп, біреуді? ?ас-?аба?ына ?арап, жас ?мірін жылдар бойы кісі есігінде ?ткізер ме еді?!»

 

А?ыз бойынша, Т?ркістаннан шы??ан Абылай бірде е? жа?ын туыс?аны ?білм?мбет 12 ханны? ордасына туысы Оразбен бір ат?а мінгесіп келеді ж?не біраз уа?ыт бойы ?арауыл руынан шы??ан д?улетті, ?ыр?ыз, жа?сылы? Д?улетбайды? ?ызметінде болып, жыл?ысын ба?ады. Д?улетбайды? ?йелі жат жерлікті? ?здері ?сынбайынша, еш?ашанда тама? с?рамайтынын бай?айды, ?сын?ан тама?ты да ы?ылассыз алатынына ж?не еш?ашан кір ыдыстан ас ішпейтініне ?атты та?данады. Б?л ?ыр?ыздар?а м?лдем т?н ?ылы? емес. Б??ан ?ожайын да назар аударады, сонда ол Оразды тергеп, оны? шы??ан тегін білген со?, е? жа?сы атын мінгізіп, ?білм?мбет хан?а алып барады. Б?л ат ?йгілі Шал??йры? болатын. Жас с?лтанны? шай?аста?ы ал?аш серігі соныменен жау?а шауып, Абылай?а батыр ата?ын ?перген де осы Шал??йры? болатын.

 

Абылайды? «Сабала?» атануы туралы

 

?аза?ты? ауызша д?ст?рі жас с?лтанды киіміні? жалба-ж?лба, шашы ?скен, ?с?ыны нашарлы?ына ?арап Т?ле би «Сабала?» ата?ан деген жорамалды ?ана біледі. М?ш??р «Абылай он екі жасар бала к?нінде Оразаулы? (аталы?) деген сарт бар, екеуі Т?ркістан ша?арына келіп, ?білм?мбет патша?а ?ызметкершілік ?ылады. Ол жерде орны?ып т?ра алмай, ?лы ж?з ?йсін Т?ле биді? т?йесін ба?ып ж?реді. Онда да байыр?аланып т?ра алмай Сарыар?а?а шы?ып, Аты?ай-?арауыл деген елді? ішіне келіп, Д?улеткелді байды? жыл?ысын ба?ты. «Аты? кім?» деп с?ра?ан?а: «Атым Сабала?» депті» дейді. Б?л тым ?сіреленген, ?ара халы?ты? ?зіні? т?сінігіне ы??айла?ан жорамалы ?ана.

 

Абылайды? ?мірі мен ерлігін жырла?ан жыршы: ?ле? жолдарын толы?тыру: ?й, Абылай, Абылай! Сені мен ал?аш к?ргенде Т?рымтайдай ?л еді?... ...?йсін Т?ле биді? Т?йесін  ба??ан ??л еді?... ...Абылай аты? жо? еді, "Сабала?" атпен ж?р еді?...- Б?хар жырау  

?орытынды:

 

Б?гінгі к?ні еліміз т?уелсіздік  алды, бас?а ?лыстармен те?есіп, к?к туымызды желбіреттік. Біз бабалар ?сиетін, аманатын ?мыт?ан жо?пыз. Оларды? аруа?ына сыйына отырып, істерін ал?а жал?астырып келеміз.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Абылай хан туралы а?и?ат пен а?ыз»



Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы

«Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ






Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген танымдық сабақ:

Абылай хан туралы ақиқат пен аңыз













Орындаған: Р.Д.Оразова













Көкшетау- 2015



Сабақтың тақырыбы: Абылай хан туралы ақиқат пен аңыз

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы білім беру. Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекеттік қайраткер, дипломат, қолбасшы болғандығын ашып көрсету.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Тыңдаушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнекөрініс

Сабақтың түрі: ақпараттық-танымдық сабақ

Қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ-жауап,анализ-синтез

Оқытушының кіріспе сөзі:

Үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз – тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылай ханға арналады.

«Абылай хан» бейнекөрініс(7 минут)

1 слайд

Абылай хан (Әбілмансұр, 1711 -1781) – атақты қазақ хандарының бірі, бірегей қолбасшы, дарынды дипломат, қазақ жерін біріктіруші. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін, ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқынында болған уақыт.

Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр « Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады.



2 слайд

Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді.

  1. слайд

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 жылы қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалады.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, теміржол сапаржайының алдына ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде бейнесі




бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған «Көшпенділер» фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда «Абылай хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген.

Абылайдың әскери қайраткерлігі қолбасшылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді.Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау “Қалданменен ұрысып Жеті күндей сүрісіп....” – деп  суреттейді.

Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары. Бұл да Абылайдың  жауға қарсы  қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. 18 ғ. 30 жылдарының аяғында Абылай есімі  бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады.

Абылай ханның басты мақсаты – қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету болды. Билер сотына тыйым салды Қазақ жеріне ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады. Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.

4 слайд

Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Абылай қаhарлы хан болуымен қатар қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жоға»,«Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.

Абылайдың ішкі саясаты. Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Абылай өзінің күш –жігерін мына бағыттарға жұмсады.
Біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті. 1771 жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды.
Абылай үш жүздің әрқайсысына өзінің ұлдары мен жақын туыстарын билеуші етіп тағайындады.
Жетісуда - Әділ және Сүйік сұлтандар.
Орталық Қазақстанда –Қасым сұлтан.
Ертіс бойы өңірінде –немере туысы Сұлтанбет сұлтан.
Шығыс Қазақстанда Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпайыз басқарды.
Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті
Абылайдың кеңесшісі Бұқар жырау болды
Үшіншіден. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алаусыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ең соңында ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңіл бөлді. Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.
Қазақ қоғамын біріктіру



6

Шапқыншылықпен күрес
Біріккен өкімет құру
XVIII ғасырдың 50-жылдарындағы үш мемлекеттің сыртқы саясаты
1.Ресеймен қарым - қатынасы
2.Жоңғар-қазақ қатынасы
3.Қытай-қазақ қатынасы

1.Ресеймен қарым-қатынасы
Абылай іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату –тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
1759 жылы патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті.
1778 жылы патша үкіметі Абылайды бір ғана Орта жүздің ханы деп таныды.


2.Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады

Жоңғарлар Цин империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды.
1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты.
1742 жылы Қалдан -Церенге жіберілген майор Миллер елшілігі жоңғарларға ауызекі қоқан-лоқы жасаумен шектеді.
1755 жылы Цин императоры Жоңғарияға елеулі әскер күшін жүргізді.
1758 жылы Жоңғарияны Қытай армиясы түгелдей бағындырып алды.

5 слайд

3.Хронологиялық кесте сәйкестендіру

(Тыңдаушылармен жұмыс)
1761 жылы - Қытай Боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына қарай көшіп-қонуына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды.
1755 жылы - Қытай шекара мәселелерін реттеп қайту үшін Қазақстанға, Абылай сұлтанға арнайы елшілік жіберді.
1756 жылы- Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады
1767 жылы Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды.

Оқытушының сөзі:

Абылай хан дегенде тарихи деректермен қатар «аңыз» деген сөз де еске түседі. Абылай туралы түрлі аңыздар да бар екені бізге мәлім. Олай болса, Абылай хан туралы аңыздардың 1-2 не тоқталайық.
Үйсін Төле биге байланысты бір аңыз-әңгімеде Абылайдың ұйықтап жатқан кезі былай дәріптеледі: «Ұйықтағанда түсі жап-жарық болып тұрады, шамшырағы бар сияқты. Екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, төрт тағандап, керген төстіктей болып керіліп жатады екен. Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлымын» дегені ғой...Әрине, сәуегейлік, көріпкел бұл суреттер Абылайдың балалық шағынан көп кейін, оның тепкен тасы өрге домалап, айтқан сөзі жерге түспей тұрғанда шықты деуге болады. Әйтпесе, барар жер, басар тау таппай бір жерден бір жерге көшіп, біреудің қас-қабағына қарап, жас өмірін жылдар бойы кісі есігінде өткізер ме еді?!»

8

Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең жақын туысқаны Әбілмәмбет 12 ханның ордасына туысы Оразбен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт бойы қарауыл руынан шыққан дәулетті, қырғыз, жақсылық Дәулетбайдың қызметінде болып, жылқысын бағады. Дәулетбайдың әйелі жат жерліктің өздері ұсынбайынша, ешқашанда тамақ сұрамайтынын байқайды, ұсынған тамақты да ықылассыз алатынына және ешқашан кір ыдыстан ас ішпейтініне қатты таңданады. Бұл қырғыздарға мүлдем тән қылық емес. Бұған қожайын да назар аударады, сонда ол Оразды тергеп, оның шыққан тегін білген соң, ең жақсы атын мінгізіп, Әбілмәмбет ханға алып барады. Бұл ат әйгілі Шалқұйрық болатын. Жас сұлтанның шайқастағы алғаш серігі соныменен жауға шауып, Абылайға батыр атағын әперген де осы Шалқұйрық болатын.


Абылайдың «Сабалақ» атануы туралы


Қазақтың ауызша дәстүрі жас сұлтанды киімінің жалба-жұлба, шашы өскен, ұсқыны нашарлығына қарап Төле би «Сабалақ» атаған деген жорамалды ғана біледі. Мәшһүр «Абылай он екі жасар бала күнінде Оразаулық (аталық) деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет патшаға қызметкершілік қылады. Ол жерде орнығып тұра алмай, Ұлы жүз Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүреді. Онда да байырқаланып тұра алмай Сарыарқаға шығып, Атығай-Қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бақты. «Атың кім?» деп сұрағанға: «Атым Сабалақ» депті» дейді. Бұл тым әсіреленген, қара халықтың өзінің түсінігіне ыңғайлаған жорамалы ғана.


Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршы:
Өлең жолдарын толықтыру:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің...
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің...
...Абылай атың жоқ еді,
"Сабалақ" атпен жүр едің...
- Бұхар жырау

Қорытынды:


Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сыйына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз.