СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адал достык.План урока самопознание.

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока самопознание для 4 класса.Урок про верного друга.

Просмотр содержимого документа
«Адал достык.План урока самопознание.»

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп Ханарық ЖОББМ

Мерзiм10.11.2016ж №10

Тақырып: Адал достық

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:батылдық, шындықты айту, уәдені орындау.

Мұғалiм:Рахмеджанов Азимжан

Сынып:4 «А»-«Б» Оқушылар саны:45


Сабақтың мақсаты: оқушылардың адалдық туралы түсініктерін дұрыс әрекет құндылығы арқылы кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларға батылдық туралы түсінік беру;


-оқушылардың бойына шындықты айту қасиеттерін дамыту;


оқушыларды уәдені орындауға тәрбиелеу;



  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Ресурстар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

    1. Д.Байбековтің «Бірге ойнайық» өлеңін жаттау берілген.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Екі дос» Ел аузынан

  • Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

  • Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

  • Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?



  1. Дәйек сөз.«Айнымас досы бар адам ең бақытты адам»

Халық мақалы



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтіндерді оқып, өз шешімдеріңді айту.

1.Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

 Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамдым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,  деп өз өтінішін Ақылбекке айтты . . .

  • Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

  1. Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптастарынан жарысқа ешкім шықпады.

  • Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

  1. Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді . . .

  • Сендер Мұхиттың досы болсаңдар, не істер едіңдер?


5.Топпен ән айту.

Жан досым

Сөзі: Б.Батырбекова

Әні:  А.Меңжанова.




6.Үй тапсырмасы.

    1. Н.Носовтың «Сығанақта» әңгімесін оқып келу.




Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.