СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Адам атын ардақта" 10 сынып қазақ тілі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Адам атын ардақта! Мақсаты: 1. Оқушыларға адам атын ардақтап, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; 2. Адам бойындағы қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу. 3. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;  

Просмотр содержимого документа
«"Адам атын ардақта" 10 сынып қазақ тілі»

10 «Л» сыныбы

Тақырыбы: Адам атын ардақта!
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам атын ардақтап, өмір заңдылықтарын білуге үйрету;
2. Адам бойындағы қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
3. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар.
Түрі: өнеге сағаты.
Әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, үнтаспа, ойын түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, «Адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір - бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген Қазбек бидің нақыл сөздері ол балаларға арнай отырып, бүгінгі «Адам атын ардақта» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
ІІ. Пікір алмасу.
Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата - анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.
Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата - әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені адамды басқа адамдар есімі арқылы таниды, шақырады. Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе құлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болу керек.
Азан шақырып қойған ат — туылған кезде көпшіліктің назарына жеткізіліп қойылған алғашқы есім. «Азан шақырып қойған аты» деген тіркес адамның туылған кездегі есімі деген мағынада қолданылады. Азан шақырып ат қою Ислам дінінде бар дәстүрлердің бірі.
Адам баласының жаратылысына назар салсақ, ат қою алғашқы адам, Адам ата, жаратылған сәттен басталған. Оның жары, адамзаттың анасының есімі Хауа болған. Ал ол екеуінің Абыл мен Қабыл есімді ұлдары болған. Демек, адам пайда болғанда оның есімі де пайда болған.


Оқушыларды 2 - топқа бөлемін. (Соседи по парте) Ойын бірнеше кезеңнен тұрады.
ІІІ. Зымыран сұрақтар.
1. Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым? (“Көксерек” туындысы). М. Әуезов.
2. 2. Қазақтың ұлы күйші - композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі? Құрманғазы.
3. Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы? Рақымжан Қошқарбаев.
4. Халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші? Қорқыт ата
5. Бір ғасыр көлемінде өмір сүрген ақын? Жамбыл Жабаев
6. Диуани хикмет кімнің туындысы? Қ. А. Яссауи
7. Қазақ бұлбұлы? Күләш Байсейітова
8. Қазақтың ұлы жырауы? Бұқар
9. 1711 - 1781 Қазақ Ордасының ханы? Абылай хан
10. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы? Б. Момышұлы
ІV. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Ақын, жазушылар:

50 -  (15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылы - 12 ақпан, 2011 жылы Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Әзілхан Нұршайықов,

40 - Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.Фариза Оңғарсынова,

30 - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. жеті жасқа келгенде әкесі , сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан ол он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Маяковский әдісін өз поэзиясында қолданған Сәбит Мұқанов


Спорт майталмандары:

50 -  Қазақстан футболшысы. Шахтер футбол клубы мен Қазақстан құрамасыныңжартылай қорғаушысы. 1988 жылы қыркүйектің 20-сы күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақстан құрамасында 20 ойын өткізіп 1 доп соққан. 2006 жылы Астана сапында Қазақстан чемпионы атанды. Жамбыл Көкеев,

40 - (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ибраймов,

30 - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан,


Теледидар жұлдыздары:

50 - (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).Асанәлі Әшімов,

40 - 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы»Нұртілеу Иманғали,

30 - 1977 жылы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты. Азамат Сатыбалды.


V. Ойлы болсаң, озып көр.
Ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар сол кісілерге мағлұмат беру арқылы жүзеге асады.
1. Талғат Мұсабаев
2. Айша бибі;
3. Қайрат Рысқұлбеков;
4. Бейбарыс сұлтан;
5. Төле би;
6. Әлия Молдағұлова;
7. Шара Жиенқұлова
VІІ. Жүйрік болсаң, озып көр.
Сөзжұмбақтың жауабын табу.
1. 1845 - 1904ж туған ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы. Абай
2. Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев
3. Қазақтың әйгілі күйші композиторы. Құрманғазы
4. Бес арыстың бірі?
5. Б. Соқпақбаевтің балалар әлеміндегі озық туындысы. Менің атым қожа
6. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Әбілхан Қастеев
7. Менің пірім – Сүйінбай,- деп жырлаған ақын. Жамбыл
VІІІ. Сөз ойла, тез ойла.
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал - мәтелдер айту.
- Адамгершілік; - Жақсылық;
- Әдеп; - Еңбек;
- Тәрбие; - Талап;
VІІІ. Қорытынды.
Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзі (үнтаспадан қойылады.)
Адам ата - анадан туғанда, есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
Бүгін біз ұлы тұлғалар туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулерің керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
ІХ. Жүректен жүрекке
Аң жортар аяғымен, жер еркесі
Құс ұшар қанатымен көк еркесі
Халқыңа қалаулы ұл болам десең.
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі - Абай атамыз айтқандай. Сіздерге адамгершілігі мол, еліне елеулі, халқына қалаулы ұл - қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Үйге тапсырма Жаңа сөздерді жаттау. Өз есімінің мағынасын анықтау

Обратная связь. Мишень. Содержание занятия, психологический климат в группе, моя деятельность (самооценка), деятельность учителя







1. Талғат Мұсабаев
2. Айша бибі;
3. Қайрат Рысқұлбеков;
4. Бейбарыс сұлтан;
5. Төле би;
6. Әлия Молдағұлова;
7. Шара Жиенқұлова