СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адам еңбекпен шынығады

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознание для 5 классов.План урока про труд.

Просмотр содержимого документа
«Адам еңбекпен шынығады»

Тексерілді: _______________

«____»____________________



Өзiн-өзi тану сабағы

Мектеп: Ханарық ЖОМ Мерзiм: 23.12.2016ж №15

Тақырып: Адам еңбекпен шынығады

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: әділеттілік, ұқыптылық, әдепті болу..


Мұғалiм Мұғалiм: Рахмеджанов Азимжан Махамедович.

Сынып:5 Оқушылар саны:25


Сабақтың мақсаты:оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;

Міндеттері:

Білімділігі:Оқушыларды әділеттілікке үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды әдепті болу болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер

Ескерту:



«5»-Т



Тыныштық



Тәртіп



Тазалық



Татулық



Талап

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Еңбек жемісі» әңгімесін оқып келу.

  • Еңбек барысында балардың қандай қасиеттері байқалды?

  • Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?

  • Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?

Сабақ барысын талқылау:


3.Әңгiмелеу (сұхбат).

- «еңбек», ««еңбексүйгіштік» деген үғымды қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды еңбекқор дейміз?

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетеді?

- еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?


4.Дәйек сөз.

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы,өйткені ол адамды ізгілендіреді»

Л.Н.Толстой

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Еңбексүйгіштік»тақырыбына шығарма жазыңдар.


6.Топпен ән айту

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен шағала күндер

Базарлы маусым, шырқалған даусым, тамсанып әсем

Балаусабалғын, көкмайсашалғын, барадыкүндер

Тербеліпбиге, жайқалыпбилеп, әнсалыпәсем.


Қайырмасы:

Балдаурен, бақыттыәндәурен,

Келедіқанатынсамғаумен.

Көңілідіңұшырыпаққуын,

Балауса, балбұлақбалдәурен.


Жаныңажылы, жүреккеыстық,көңілгесұлу.

Ұялыкөзің, балдәуренкезіңбақыт, ау бақыт

Даламдадархан, тауымдайбиік, өміргесұлу.

Тоя макөзің, айтшы сен өзіңуақыт ау уақыт.


7.Үй тапсырмасы.

«Жаңа дүкенде» әңгімесін оқып келу.


8 Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!