(Майкл Джексонның бейне клипі тыңдалады)
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла.
Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты ана деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
Сабақтың мақсаты:
- 1) Ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану.
- 2 ) Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдайды, негізгі ойды табу.
Лексикалық минимум
- Қазба байлықтар- жерден қазып алынатын байлық
- Жердегі қазына- жердің асты мен үстіндегі табиғи қор
- Табиғи орта- адамзат қоғамы өмір сүретінтабиғи және антропогендік орта
- Қорық- аңдар мен жануарларды,өсімдіктердіқорғап өсіретін аймақ
Бейнематериалға назар аударыңыз!
1-тапсырма
«Кубизм» әдісі бойынша тапсырманы орындаңыз.
1. Адам тіршілікке қажет нәрсені қайдан алады?
2. Климаттың өзгеруіне не әсер етеді?
3. Табиғатқа қандай зиян келтіріледі.
4. Қоршаған ортаны не бақылайды?
5. Ағашты кесуге бола ма?
6. Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
Дескриптор:
- Бейнематериалды түсіне біледі;
- Тыңдалым материалы бойынша сұраққа жауап бере алады.
1
2
3
4
5
6
Адам тіршілікке қажет нәрсені қайдан алады?
Климаттың өзгеруіне не әсер етеді?
Табиғатқа қандай зиян келтіріледі?
Қоршаған ортаны не бақылайды?
Ағашты кесуге бола ма?
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша төмендегі кестені толтыр.
1.Қазақ халқы өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «ана» сөзін қосып айтады: «Жер ана», «Табиғат ана», «Отан ана» және т.б. Табиғат ана біз үшін өмірге қажет барлық нәрсені береді. Үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, жейтін тамағымыз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз — бәрі-бәрі табиғаттан алынады.
Табиғаттағы барлық зат жерден өседі, қазба байлықтар жерден қазылып алынады. Жердің асты да,үсті де — толған байлық. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
Байлық өзі келмейді, оған еңбек сіңіру керек. Жеміс жеу үшін жеміс ағаштарын отырғызамыз. Нан жеу үшін егін егеміз, оны күтіп, баптаймыз. Жерден мұнай алу үшін мұнайы бар жерді іздеп тауып, арнайы қондырғылар орнатамыз, оны сорып, жердің бетіне шығарамыз. Бірақ жердегі қазынаның да сұрауы бар, ол да күндердің бір күнінде азаяды, таусылады, сондықтан оны тиімді пайдалану қажет («Экологиялық әліппе» кітабынан).
2. Соңғы жылдары адамдар табиғат ресурсын көп пайдаланатын болды. Адамзатты табиғатқа тигізетін әсері күшейді.Ғылыми-техникалық революция экологияны ластады. Ластану дегеніміз — ауа, жер мен судың біз қаламайтын, қолайсыз өзгерістерге ұшырауы.
Экологияның ластануы өсімдіктер, жануарлар мен адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауылшаруашылыққа, табиғат ресурстарына қауіп төндіріп отыр. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен, шаң-тозаңмен ластануын көбейтті.
Адамдар қазір көптеген химикаттарды пайдаланады. Мысалы, адамзат масаларды улы химикатпен өлтіреді. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Удың залалы балықтармен коректенетін құстарға да тиеді. Өлген құстарды лабораториялы
қ зерттеулерден өткізгенде олардың май қабаттарында у бары анықталған (Baq.kz сайтынан)
Дескриптор:
- Кестемен жұмыс жасай алады;
- Мәтіндегі ақпараттарды түсіне алады;
- Тірек сөздерді анықтай алады.
Абзац
1-абзац
Тақырыпша
Ана-ең қасиетті ұғым
Тірек сөздер
«Жер ана», «Табиғат ана», «Отан ана», киім, тамақ, көлік, ауа, су, табиғат
3-тапсырма: Екі мәтіндегі ақпаратты салыстырып, ВЕНН диаграммасын толтыр.
Дескриптор:
- Мәтінді түсінеді;
- Мәтіндегі ақпарат көздерін салыстыра отырып, диаграмманы толтыра алады .
4-тапсырма. Мәтінде қою қаріппен берілген сөздердің омонимін, синонимін жазыңдар.
Дескриптор:
• Сөздерді мәтіннен теріп жазады;
• Омонимдерді, синонимдерді таба алады;
Есте сақтаңыз!
Бейнематериалға назар аударыңыз.
5-тапсырма. «Сандар сөйлейді» тапсырмасын орындаймыз.
1926, 131934, 1960, 71700, 1931, 191381
Дескриптор:
- Бейнематериалды тыңдайды, берілген ақпаратты түсінеді.
- Берілген сандармен сөйлем құрастыра алады.
6-тапсырма. «Автор орындығы»
- «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...» деген ойды жалғастырып ойтолғау жазыңыз. Соның ішінде өте жақсы деп танылған шығарманың иесі өз жұмысын автор орындығында отырып оқу құқығына ие бола алады.
- Дескриптор:
- Өзіндік көзқарасын, ойын жеткізе алады;
Үй тапсырмасын беру:
- Жер ана, ластану, шаң-тозаң, табиғат ресурсы, парыз, қорғау және т.б. сөздерді пайдалана отырып, өз өлкелеріңнің табиғатын қорғау туралы жарнама дайындаңдар.