Күні_____________ Пәні_________________ Сыныбы_______
Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп»
Сабақтың мақсаты: «Махаббат»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өз махаббаттарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
Дамытушылық: жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Тәрбиелілік: Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары: Интерактивті тақта, музыка, слайд, жүрекшелер, видео клип, смаиликтар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Шаттық шеңбері
Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып,оқулықта берілген О.Әубәкіровтың «Аман болсын адамдар» атты өлеңін үнтаспаға қосылып айту.
Әңгімелесу
* Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?
* Жақсы көрудің мәні неде?
* «Бәрінің бастауы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Адамдарды не үшін,қандай қасиеттері үшін жақсы көресің?
Жаңа ақпарат
Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпыну керек.Ол үшін айналаға жақсы ниет,жағымды ой,жылы жүрекпен қарау қажет.
Сүйіспеншілік - адамдық өлшемінің белгісі. Адам махаббаты күллі тіршілікке, болмысқа,адамзатқа арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізе білуге болады. Сонда ғана өмірдің мәні махаббатта,жақсы көруде екенін ұғынасың.
Түйіндеме
І.Есенберлин
«Мен адамдарды құрмет тұтам.Бірақ олардың Американы,немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан,немесе ғарышқа ұшуымен емес,тек таза көңілімен сүйе білу және жақсылық жасап,әділ бола білу,біреудің қйғысын бөлісе білуіне қарап.Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін-махаббат,әйтпесе бәрі де апат болар еді... Тіпті егерде ең ұлы ашылымдар болмаса да,бәрімен бір адамзат өмір сүрген болар еді,ал егер сүйіспеншілік жоқ болса,ол тез арада жойылар еді».
Мәтінмен жұмыс
Кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі,классик жазушы Константин Паустовскийдің «Жеделхат» әңгімесінен үзіндісін оқып,берілген сұрақтармен талқылау.
Ана жүрегі нені аңсады?
Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
Ана махаббаты шексіз бе?
Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Түйіндеме
Айналаңдағы адамдарға сергек қарап,сезімталдық таныт.Олардың жақ-сылығын сезіп,көре біл.Жаныңдағы адамдарға немқұрайдылық танытып, самарқау қарама. Қуанышқа ортақ болып,қиындығын бөліс.Сонда сен де олардың махаббатына бөленесің. Өмірде жүктеріңнен жол тапқан жандар бәрінен де қымбат.Өйткені олар сені бағалай-тын,аялайтын,қандай жағдайда болмасын жаныңнан табылатын жандар.
Дәйексөз
Оқулықта Абайдың «Махаббатпен жаратқан азаматты» деген ой тұжыры-мы дәйексөз ретінде берілген.Мұғалім дәйексөзді оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіреді.
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылап,оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып, А.Абдрахмановтың «Туған жер,армысың» өлеңін орындайды.