СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ағаш ою. Технолгия 6класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларға ағаш ою технологиясы туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Оқушылардың икемділігін,іскерлігін,шеберлігін қалыптастырып,                                       ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік :   Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың  оқыту әдісі:  Баяндау,технологиялық карта сызу.

Пән аралық байланыс: Тарих,биология,геометрия,сызу.

Көрнекілік: интерактифті  тақта,сызу құралдары,нұсқау карталар жасалған

                                              бұйымдар , дидактикалық  материалдар.

Сабақтың  барысы:

                                    I.Ұйымдастыру кезені.

                                    а) Оқушыларды түгендеу.

                                    ә) Сабақа дайындығын тексеру.

Просмотр содержимого документа
«Ағаш ою. Технолгия 6класс»

А ш ы қ с а б а қ

Пәні : «Технология» Сыныбы: 8 «Ә» Күні:______2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: §26. Ағаш ою.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш ою технологиясы туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Оқушылардың икемділігін,іскерлігін,шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік : Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың оқыту әдісі: Баяндау,технологиялық карта сызу.

Пән аралық байланыс: Тарих,биология,геометрия,сызу.

Көрнекілік: интерактифті тақта,сызу құралдары,нұсқау карталар жасалған

бұйымдар , дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезені.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Сабақа дайындығын тексеру.

II.Үй тапсырмасын пысықтау.

Үй тапсырмасына «Ағашты күйдіріп өрнектеу» деген тақырып берілген болатын.Интерактифті тақтада төмендегі сұрақтар ұяшықтарға бөлініп беріледі.

























  1. Электркүйдіргіш қандай бөліктерден тұрады ?

  2. Күйдіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақиау керек ?

  3. Күйдіру әдістері неше топқа жіктеледі ?

  4. Геометриялық мәндегі өрнектерді ата.

  5. Өсімдік мәндегі өрнектерді ата.

  6. Барлық күйдіру жұмыстары қай әдіспен жүзеге асады ?

  7. Күйдірме жұмысында қандай материалдар қолданылады?



Үй тапсырмасы мына сөзжұмбақты шешу арқылы пысықталады.



III. Жаңа сабақ жоспары.

1.Кіріспе бөлімі. Ағаш ою туралы түсінік. 2.Негізгі бөлім. 3. Бекіту. 4. Бағалау. 5. Үйге тапсырма.

Көркемдік жұмыстардың ішінде халқымызда ең кең тараған өнердің бірі – ағаш ою болған. Көшпенділер ағаштан тұрмысқа , мал шаруашылығына қажетті әр түрлі бұйымдар жасаған. Әдетте,қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші,оймашы,балташы, тоқушы деп шартты түрде төрке бөлген.

Ағаш оюшыларды – ерші,ағашшы,ағаш шебері деп атаған. Ерші,негізінен ер-тоқым жасады. Ағаш шеберлері ағаштан азық-түлік салып сақтайтын кебежелер,төсек, бесік, кесе салып алып жүретін кесеқап және әр түрлі ыдыс-аяқтар, арнайы қымызға арналған тостағандар , саптаяқ,шара, ожау, сол сияқты табақ тегеш жасады .

Ағаш бұйымдарының ішінде сандықтың ,жүкаяқтың , сондай – ақ саптаяқ , күбі, астау , келі, асадалдың орны ерекше.Мұндай бұйымдар көбіне мыспен, күміспен әшекейленген. Ағашқа көркемдеп ою салу –атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрлі өнер . Киіз үйдің ағаш бөліктерін және күнделікті тұрмысқа қажет заттарды өрнектеу оған мысал бола алады . Халық шеберлері жасаған ең үздік бұйымдар осы күндері мұражайларда сақталуда. Ағаш –қазіргі кезде шеберлердің көп қолданатын материалы. Ағаштан мүсіндер, әр түрлі сәндік және пайдалы заттар жасайды . Ағашты көркемдеп өндеу барысында ағаш шеберлері және суретші – маман- дар жұмыс істейді .

Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей .

Ал ою дегеніміз-бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі –келсап , аяқ – табақ ,саптыаяқ , ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді .

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады .

  • бұйымның негізін талаптарға сай тазалау .

  • бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау,үлгісін жасау.

  • өрнектерді кесу .

  • бұйымдарды бояу , оған әр беру , лактау .

Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар . Ол жүйелей, үйлестіру деген латын сөзі .Өнердіңбарлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау .

Ою түрлері. ағашты оюдың көптеген түрлері бар , оларды жалпақ оймалы немесе терең ойылған ,жалпақ пішінді , бедерлі, ойылған немесе өрнекті, мүсіндік немесе көлемдік деп топтауға болады .Осы топтардың әрқайсысы өз кезегіндеторындалу технологиясына қарай бөлінеді .

Жалпақ оймалы ою . жалпақ оймалы оюлар безендірілетін бұйымның немесе дайндаманың беті жалпақ болумен сипатталады .Ойық формасына және суреттердің сипатына қарай жалпақ оймалы оюлар геометриялық немесе контурлы болып екіге бөлінеді.

Геометриялық оюлар - ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі. Үшбұрыш , шаршы дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұрады өрнектер екі , үш және төрт қырлы ойықтар түріндер орындалады.

Геометриялық оюлардың элементтері. Геометрилық оюлар пышақ-қиғаш жұзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады.

Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үшқырлы ойықтар көбірек таралған . Тереңдетіліп ойылып жасалған үшбұрыштар табандары-ның жан-жағы тең немесе созылыңқы сәуле тәрізді болып келеді. Осы ұшбұрыш-тардан комбинация құрып , ромб,жылан,шынжыр,шашыраңқы сәулелі,мәнерлі,т.б әр түрлі өрнектер алуға болады.

Төбесі ойыңқы болып келетін үшбұрыш өрнектерінің тереңдігі және өлшемі, пішімі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Мұндай үшбұрыштарды халық оюында бұрыштар деп атайды.

Ортасын тереңдетіп ойып қырлары бірдей үшбұрыштар алуға болады. Мұнда өрнектер өте әсерлі көрінеді.



Ағашты оюға арналған құрал-жабдықтар.

  1. Түзу қашауларды -бедерлі оюда фонды тазалау үшін кейде контурлы ою жұмыстарында қолданады. (а-сурет)

  2. Жартылай ойық қашау -қисықтық радиусына қарай мынадай еңістіктерге: қисықтық радиусы үлкен, орташа және қисықсыздықтың тіктігі кішкентай деп бөлінеді.(ә,б,в-сурет)

  3. Клюкарзо қашауы- қысқа төсемімен ерекшеленеді. Төсем пішіні әр түрлі болуы мүмкін.Оны жетуі қиын тұстарды бедерлі оюмен өрнектегенде қолданады.

(г-сурет)

  1. Бұрыштық қашау -төсемінің жіңішке бунақтарды ойғанда қолданылады. Көлденең қимада қашау 50-600-тық бұрыш жасайды.(ғ-сурет)

  2. Церазик қашауы -төсемнің ені 2-3 мм пішіні дөңгелек, жартылай дөңгелек қашауға ұқсас. (д-сурет)

  3. Қиғаш жүзді қашау- геометриялық оюларды жасағанда қолданылатын негізгі құрал.

(ж-сурет)



















































Жақша тәрізді тіліктер жасау

Тіліктерді әр түрлі етіп ойып,бедерлі пішіндер алуға болады. Шұңқыр оюдың бірнеше нұсқасын қарастырайық.

Ағаш ою әдісінің нұсқау картасы

Атауы

Бейнесі

Қажетті құрал-саймандар























Сергіту сәті.

«АҒАШ» жасырын сөз

  1. Нан да бар

Нән де жоқ.

  1. Ғасырда бар

Асырда жоқ.

  1. Санда бар

Сәнде жоқ.

  1. Қашта бар

Қаста жоқ.

3. Сабақты пысықтау

Сабақты пысықтау ұшін оқушыларға үй тапсырмасы және өтілген жаңа сабақтан тест сұрақтары беріледі.Сұрақтарды белгілеп болған соң интерактивті тақтадағы тесттің дұрыс жауаптары арқылы өз-өздерін тексеріп,бағалайды.

Тест сұрақтары:

1.Ағашты қарадүрсін жанып-жону үшін қандай қашау пайдаланады? А.қиғаш жүзді. Ә.ою-өрнек салатын. Б.жартылай дөңгелек

2.Үстіңгі беттерді тап-таза етіп жону,бұйымды кесіп,қысқарту үшін қолданылатын қашау түрі: А.қиғаш қашау. Ә.жартылай дөңгелек қашау. Б.ою-өрнек салатын қашау.

3.Бұйымдар жасайтын шебер: А.ұста. Ә.ісмер. Б.зергер

4.жалпақ оймалы ою нешеге бөлінеді? А.2 ә.3 б.4





5.Контурлы ою жұмыстарында қандай қашау қолданылады? А.бұрыштық қашау ә.түзу қашау б.клюкарзо қашауы

6.Ағашты көркемдеп оятын құрал: А.жалпақ қашау ә.әр түрлі жүзді қашау б.шаппа шот

7.Киіз үй сүйегін жасайтын қолөнершіні кім деп атайды? А.балташы ә.үйші б.тоқушы

8.қиын тұстарды бедерлі оюмен өрнектегенде қандай қашау қолданылады? А.клюкарзо қашауы ә.бұрыштық қашау б.түзу қашау

Тест сұрақтарының жауабы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

б

а

а

а

ә

б

ә

а



Бағалау эталоны

8-«5», 7-6-«4», 5-«3»

4.Оқушыларды бағалау

Оқушыларды жетон,тест арқылы бағалау.

5.Үйге тапсырма: §26













































№ 29 орта мектебі







Бекітемін:

мектеп директоры:

________Г.Б.Абдыгалиева



























Ашық сабақ



« А Ғ А Ш О Ю »



































Пөн мұғалімі: Кузенов Бердибек Лукманович.

























Ақтөбе қаласы.2013 ж.