Просмотр содержимого документа
«"Ағаштар табиғаттағы"»
Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.04.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: «Ағаш»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық:. Балалардың қол икемділігін арттыру, табиғи материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Оқыту: Табиғаттағы тіршілік, қысқы ағаштар туралы білімдерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент: ағаш-дерева
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі
Тосын жағдай:
Балалардан аналар мерекесі қарсаңында аналарына қандай сыйлықтар жасағысы келетінін сұрау, үлгі суреттерді көрсетіп, кім қандай түсті, қандай пішінді таңдағысы келетінін сұрау.
Негізгі бөлім
Тәрбиеші балаларға аналарына арнап ашық хат жасаудың жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады.
Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді.
Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес әшекейлейді.
Сергіту сәті
Көк қарағай, Көк қарағай,
Көкке қарай қолыңды соз қарағай
Оңға қарай көлеңкеңді соз қарағай
Солға қарай көлеңкеңді соз қарағай
Көк қарағай, Көк қарағай,
Балалар жұмыстарын аяқтайды. Ағаштарға қамқорлық
Ерте,ерте ертеде жыл мезгілдері бір үйде өмір сүріпті.Олар өз мезгілдеріндегі ағаштарды іздеуге жолға шығады.Бірақ таба алмайды.
Олар өз ағаштарын табу үшін жыл мезгілдерін сипаттайды.
Солай ағаштарын тауып алады қуанады.Сол сәтте тентек бала ағаш бұтасын сындырып тастайды.Бұған жыл мезгілдері ренжіп жылайды.
Қоян: Жыл мезгілдері одан да бұл ағашты таңып байлап су құйып баптайық.
Тентек бала: Жыл мезгілдері мен қоянан кешірім сұрайды.
Бәрі бірге шеңбер құрып:
Тентек бала болмаймыз
Ағаштарды қорғаймыз
Балалар жұмыстарын қолдарына алып, бірбірінің жұмыстарына баға береді.
Қортынды:
Балалардың жасаған ашық хаттарын көріп, әдемі жасалғандарын мадақтайды.