СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аяулы анашым. Тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка внеклассного часа на тему Аяулы анашым на 8 марта

Просмотр содержимого документа
«Аяулы анашым. Тәрбие сағаты»

Ақбақай орта мектебі







«Аяулы анашым»

Тәрбие сағаты

Дайындаған: Мұсағұлқызы Ә.

Сынып: 2 «А»



2017-2018 оқу жылы





Аяулы анашым.

Армысыздар ата – аналар, ұстаздар, бүгінгі жиналған қауым! Сіздерді көптен күткен көктемнің алғашқы мерекесі халықаралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, «Аналар - асыл жандар» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Оқушыларымыздың аналарға арналған хор әні: Анамның тілі, аяулы үнім.

Мемлекет отбасынан басталады. Осы отбасының татулығының алтын кілті әйел затының қолында екені жасырын емес. Олар біреуге ана, біреуге әже, біреуге ене, біреуге жеңге, біреуге келін, ал, біреудің аялап өсірген ару қызы. Бір сөзбен айтқанда аяулы асыл жандар аналар сіздерге деген кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің бүгінгі мерекеге деген ыстық лебізін қарсы алыңыздар.

Тәрбие сағатымызды одан әрі жалғастыру үшін ортаға жүргізушілерді шақырамыз.

1ж: Сәлем бердім, халайық, қалың елім.

2ж: Өнер сүйер қауымға сәлем бердім

1ж: Көтер көңіл, жалықпа осы кеште

2ж: Күлкі толы керуенді ала келдім.

1ж: Білесізбе, ағайын болашақты

2ж: Сүйесіз бе, ағайын болашақты

1,2 ж: Сізге сыйлар ыстық жүрек ала келдім.

1ж: Амансыздар ма құрметті қонақтар.

2ж: Амансыздар ма абзал аналар

1ж: Міне, көктемнің гүлімен, жұпар самал лебімен, анамыздай аймалай көктем мерекесі де келді.

2ж: Ақ ниетті болашақтың босағасына өтіп жатқан мерекелеріңіз құтты болсын.

1ж: Бүгінгі аналар мерекесіне арналған кешімізді 2 «А» сыныбының орындауында «Құттықтаймын мама» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер.

2ж: Аналарға арналған ойын, ситуациялық сұрақтарға кезек берейік.

1ж: Өнер қуып арулар өтер деймін

Бір басына өнері жетер деймін

2 «А» сыныбының арулары

Көркем биін көрсетіп өтер деймін

Ойын

2ж: Көрініс «Не тәтті?» ортада Жиренше шешен,екі бала және автор.

1ж: Сауық көркі әрқашан ән болады

Ән мен күй бұл өмірге сән болады.

Айолум мен Диана да тұр ғой міне

Ән айту ол қыздарға сән болады

(Ойын)

2ж: Биші қыздар әсемдікпен бұралғанда

Жанарың жалын атпай тұра алған ба

Алыстап кеткендейсің бір арманмен

Жақындап қалғандайсың бір арманға

Ортада шығыс биі қабыл алыңыздар

(Ойын: ата- аналармен)

1ж: Құрметті аналарымыздың мерекесіне арналған вальсін қабыл алыңыздар. (Ойын)

2ж: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының шапағаты

Өзбек бимен аяқтаймыз осы кешті

Халайық қаттырақ соқ шапалақты

1ж: Байқамай біз отырған бір әнші бар

Өнеріне өзгелер тәнті шығар

Айасылды біз шақырамыз ортаға

Жүректі тербеп алар әні шығар



Қандай ғажап қарашы жан – жағыңа

Күміс күлкі сыймай тұр залға мына

Аналардай бақытты жан барма екен

Қол жеткізген аңсаған арманына

Дей келе, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!