Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 17.12 .2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Достарға арналған жаңа жылдық силықтар
Тақырыбы / Тема: «Аяз ата және оның силықтары»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Жаңа жылда жақын адамдар бір-біріне силықтар сыйлайтынын айту.
2.Дамытушылық – развивающая: жақсы тілектер айтады, балалардан өздеріне қандай силық силағанды қалайтынын сұрау.
3. Оқыту – обучающая : өздері жақын адамдарына қандай сый-құрмет көрсетуге болатыны туралы айту.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,
Көп тілділік полиязычие: Жаңа жыл-новый год-new year, шырша-ёлка-fir tree
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Қазір қай мезгіл?
- Қыстың күзден айырмашылығы неде?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Қста қалған құстарға қалай көмектесеміз?
Қыс мезгілінде қандай мереке болады?
Жаңа жылда бізге кімдер келеді?
қонаққа аяз ата келеді,балалармен амандасады
2.Негізгі бөлім
Аяз атаға дайындаған қандай өнерлерің бар?
Балалар өз өнерлерін көрсетеді.
Балалар,біз биыл жаңа жылда жылан жылын шығарып салып, жылқы жылын қарсы аламыз.Жылан жылында көптеген жақсылықтар болды,жылан жылына өкпеміз жоқ сау бол,-деп шығарып саламыз.
Көңілді қыс
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қар алап
Іздерінен қар ұшып.
Ш.Мұқанов.
Өлеңде не туралы айтылған?
Жаңа жылда қандай кейіпкер болып киінесіңдер?
Ендеше кейіпкерлерге байланысты жұмбақ шешейік.
Аузы бейне,шалғы орақ ,
Шөп емес,бірақ малды орады.
Өзіне болған қорған- орман,
Ішінде бар,бір аң қорбаң-қорбаң.
Өзі қу,әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын көжек ,-дейді.
Олар ертегі кейіпкерлері.
Балалар сендер қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар, Аяз атаға өз өнерлерін көрсетеді,Аяз ата өз өнерін көрсеткен балаға сыйлығын береді.
(қар)
Балалардың жауабы.
Жаңа жыл мерекесі.
Аяз ата мен ақшақар.
Балалар тақпақ,білетін өлеңдерін айтып береді.
Тыңдайды,өз ойын айтады.
Қоян,қасқыр,түлкі,аю және т/б.
(қасқыр)
(аю)
(түлкі)
(Қоян)
Шана тебу,сырғанақ ,шаңғы ,коньки тебу,
қар атысу ойындарын ойнаймыз.
3.қортынды
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?
Қыста қандай мерекелер болады?
Аяз ата сендерге не әкелді?
Сендер қай жылды қарсы алдыңдар?
«Аққала» ойыны.
Шарты: тақтаның бетіне қиылып жабыстырылған Аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып,жұмылу көзбен барып,орнына жабыстыру.(Біз мұрнын тауып жабыстырамыз).
Балалар, сендерге қыс мезгілі қатты ұнайды екен,қыстан алған әсерімізді сурет арқылы жалғастырайық. .Балалардың жауабы.