Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Тақырыбы/Тема: «Аяз атаны қалай қарсы аламыз?».(өз пікірін айта білу)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру.
3.Оқыту – обучающая: Өз ойларын толық жеткізуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: слайд, қиылған ойыншық суреттері, шырша ойыншықтары.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Жаңа жыл – новый год, мереке – праздник, Аяз ата –Дед мороз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қызықты сәт: Дымбілмес қонаққа келеді. Балалар не болып жатыр, айналаның бәрі безендірілген, адамдар көңілді, бәрі де бір қызықты күтіп жүргендей.
Дымбілмес сен білмейсің бе?
Балалар бізге қандай мереке жақындап келеді?
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені алдымызда көңілді мереке Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл мерекесінен асқан көңілді мереке жоқ. Адамдар жаңа жылды жақсы үміт, жақсы ниет – тілекпен қуана қарсы алады.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан Жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Адамдар бір біріне жақсы тілектер тілейді. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды.
Билингвалдық компонент: жаңа жыл – новый год, мереке – праздник
Балалар Жаңа жыл қарсаңында қонаққа кімдер келеді?
Аяз ата сендерге не береді? Ал ол сыйлықты сендерге кім таратады?
Біз оны Аяз ата деп атасақ, басқа елдерде, мысалы көршілес Ресейде –«Дед мороз», АҚШ та «Санта Клаус» деп атаған. Балалар әр елде Аяз атаны әртүрлі қарсы алады екен.
Слайд – 1: «Санта Клаус» - Америка Құрама Штаттарында.
АҚШ-та Аяз атаның аты «Санта Клаус». Ол ақ теріден оралған Қызыл күртешеге киеді. Басында-қызыл қалпақ. Санта Клаус ауада бұғымен саяхат жасайды және құбыр арқылы үйге кіреді. Балалар оған шырша астында сүт пен печенье қалдырады.
Сантаның шырша ойыншықтары бұзылып қалыпты. Оларды желімдеуге көмектесейік.
«Сынған шырша шарлары» ойыны
Ережесі: ойын қиылған суреттерден тұрады, онда шырша шарының толық бейнесін жинау қажет.
Слайд – 2: Біздің алдымызда ресейлік «Дед мороз».
Оның киімі ақ және қызыл түсті. Аяз Атаның ұзын ақ сақалы бар, қолында таяғы. Ол тек сыйлықтармен ғана емес, немересі Ақшақармен бірге қонаққа келеді.
Балалар ал біздің Аяз атаны кім сипаттап береді?
Балалар Аяз атадан сыйлық алу үшін не істеу қажет?
Тақпақ жаттау.
Сақалы бар күмістей
Тістері бар күріштей
Қызыл-ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Балалар ал енді біз Дымбілмеске Аяз атаны қалай қарсы алатынымыз туралы айтайық.
Балалар өз ойларын айтады.
Жеке жұмыс: Айлин сен анаңа Жаңа жылда қалай көмектесесің?
-Жаңа жылда нені безендіреміз?
-Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма?
Сергіту сәті.
Қар жауып,далада боран соғады.
Кішкентай шыршамыз қыста тоңады.
Орманнан шыршаны үйге әкелдік.
Әдемі ойыншықтармен оны сәндедік.
Д/О: «Бірдей ойыншықты тап!»
Ұқсас бірнеше шырша ойыншықтарының ішінен,бірдей ойыншықтарды тауып алады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Дымбілмес: Балалар, рахмет сендерге. Мен де енді Жаңа жыл мерекесін асыға күтетін болдым. Аяз атаның сыйлығын алу үшін тақпақ жаттап, би мен ән үйренемін. Сау болыңдар, балалар!
Жаңа жыл қандай мереке?
Балаларды мадақтау.