СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ақпараттық мәдениет негіздері" факультативтік курсы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ақпараттық мәдениет негіздері» 2-сыныпқа арналған факультативтік бағдарлама. «Информатика» пәні «Математика және информатика» білім беру аумағына кіреді. «Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.

Просмотр содержимого документа
«"Ақпараттық мәдениет негіздері" факультативтік курсы»

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Ақпараттық мәдениет негіздері» 2-сыныпқа арналған факультативтік бағдарлама. «Информатика» пәні «Математика және информатика» білім беру аумағына кіреді. «Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.


Оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.


«Информатика» оқу пәнінің  міндеттері:

–     информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;

–     информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

–     ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.               


Оқу пәнінің вариативті бөлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес қосымша оқыту бағдарламаларын енгізіп, оны іске асыруға бағытталған. Білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың дамуының жеке сипатын қамтамасыз етеді және оқушылар мен ата-аналарының сұраныстарын ескере отырып құрылады. Қосымша оқу бағдарламаларының үлгілері ұсынылады: «Компьютерлік графика», «Әлеуметтік информатика», «Объектіге бағдарланған программалау», «Әлемдік ақпараттық ресурстар»,  «Мультимедиа-технологиялар»,   «Компьютерде іс қағаздарын жүргізу»  және т.б.