СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

АКТ пайдалану аркылы окушыларды? шы?армашылы? ?абілетін арттыру

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?азіргі а?паратты? нары?та ал?а ?ой?ан ма?сат?а ?ол жеткізу ?шін жа?а ?діс–т?сілдер мен санды? техникалар ма?ызды роль ат?аруда. ?о?ам дамуыны? негізгі факторы мемлекетті? ?ызметін ??райтын  саяси  экономикалы?, ?леуметтік сала?а белсенді ?сер ететін а?паратты? - коммуникативтік сала болып табылады. А?паратты?-коммуникативтік технологияны? болаша? ?рпа?ты? жан–жа?ты білім алуына, іскер ?рі талантты, креативті шы?армашылы?ы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалы?, психологиялы? жа?дай жасау ?шін де тигізер пайдасы аса мол. Білім беру ?рдісінде а?параттандыру–жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы дамыта о?ыту, жеке т?л?аны ба?ыттап о?ытуды ж?зеге асыра отырып, білімні? сапасы жо?арылайтын м?мкіндігі бар.           Б?гінгі басты ба?ыттарды? бірі-білім беру ?рдісін а?параттандыру. Жа?а  а?паратты? санды? технологияларды пайдалану ар?ылы ??зырлы, креативті о?ушы даярлау. Кез келген адам  ?мірі-ба?а жетпес байлы?. Оны?  м?ні де ма?ыналы ?туі  адам?а бала кезінде  берілген білімге байланысты. Я?ни жеке  т?л?аны? даралы? ерекшелігін, оларды?  ?зіндік шы?армашылы? ?абілетін дамыту?а арналады. ?р баланы? ?лтты? ж?не  ?лемдік де?гейде руxани ??ндылы?ын ашу?а ба?ытталады. ?азіргі та?да алды??ы дамы?ан елдерді? ?атарынан к?рінуіміз ?шін дарынды балаларды? ?абілетін ашу, оны танытуда  педагогика саласыны? ат?аратын ?ызметі ерекше зор. ?арыштап дамып бара жат?ан заманда мектеп ?абыр?асынан бастап дарынды балаларды? ?абілеттерін ашу м??алімдерді? бірден-бір міндеті болып саналады. ?йткені адам ?абілетіні? ашылуы ?орша?ан орта?а, ?о?ам?а байланысты. Сонды?тан о?ушыларды? жеке ?абілетін ашуда м??алімдерді? алдында т?р?ан негізгі  ?станымы талантты табу, тану ж?не  таныту болып табылады. ?р т?рлі а?парат к?здерін ?олданып, о?ушы ?абілеттерін ке? к?лемде ?амту?а м?мкіндік беретін баланы? мінез-??л?ы мен іс-?рекетін жан -жа?ты ба?алауды? кешендік сипатын, о?ушыны? ?ызы?ушылы?ы мен бейімділігіне барынша с?йкес келетін ?ызмет аясында  баланы? іс-?рекетіне ба?ылау мен талдау ж?ргізу, баланы? псиxологиялы? «кедергілерін» жою?а м?мкіндік беретін жатты?улар мен тренингтік ?дістерді пайдалану,  о?ушыны? дарындылы? белгісін на?ты де?гейінде ?ана емес, сондай–а? оны? келешектегі даму м?мкіндігін есепке ала отырып ба?алау д?ріс беретін о?у орнымны?  негізгі міндеттерді?  бірі. Сонды?тан заманымыз?а сай ?азіргі   ?о?амды а?параттандыруда м??алімдерді? біліктілігін а?паратты?–коммуникативтік технологияны ?олдану саласы бойынша к?теру негізгі міндеттеріні? біріне айналды. «Білікті м??алім ?шін теориялы? ж?не т?жірибелік білімдер ?зара ты?ыз байланыста болуы т?н. АКТ-ны енгізген кезде теориялы? ж?не т?жірибелік білімдерді? бірт?тасты?ы оларды ойланып ?олдануды ?амтамасыз етеді, ал б?л о?ыту ж?не о?у ?дерістерін жа?сарту?а жа?дай жасайтын болады.

Просмотр содержимого документа
«АКТ пайдалану аркылы окушыларды? шы?армашылы? ?абілетін арттыру»

Конысова Сауле Жанабаевна ІІ деңгей А есебі

20-топ 21.11.2014

Алматы қаласы


1 бөлім: Іс әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

 Қазіргі ақпараттық нарықта алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа әдіс–тәсілдер мен сандық техникалар маңызды роль атқаруда. Қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық - коммуникативтік сала болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның болашақ ұрпақтың жан–жақты білім алуына, іскер әрі талантты, креативті шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Білім беру үрдісінде ақпараттандыру–жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқытуды жүзеге асыра отырып, білімнің сапасы жоғарылайтын мүмкіндігі бар. Бүгінгі басты бағыттардың бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық сандық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы, креативті оқушы даярлау. Кез келген адам өмірі-баға жетпес байлық. Оның мәні де мағыналы өтуі адамға бала кезінде берілген білімге байланысты. Яғни жеке тұлғаның даралық ерекшелігін, олардың өзіндік шығармашылық қабілетін дамытуға арналады. Әр баланың ұлттық және әлемдік деңгейде руxани құндылығын ашуға бағытталады. Қазіргі таңда алдыңғы дамыған елдердің қатарынан көрінуіміз үшін дарынды балалардың қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше зор. Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап дарынды балалардың қабілеттерін ашу мұғалімдердің бірден-бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан оқушылардың жеке қабілетін ашуда мұғалімдердің алдында тұрған негізгі ұстанымы талантты табу, тану және таныту болып табылады. Әр түрлі ақпарат көздерін қолданып, оқушы қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан -жақты бағалаудың кешендік сипатын, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне бақылау мен талдау жүргізу, баланың псиxологиялық «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін жаттығулар мен тренингтік әдістерді пайдалану, оқушының дарындылық белгісін нақты деңгейінде ғана емес, сондай–ақ оның келешектегі даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау дәріс беретін оқу орнымның негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда мұғалімдердің біліктілігін ақпараттық–коммуникативтік технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. «Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады» [МАН, 111 бет]. Менің зерттеу тақырыбым: «Сабақта ақпараттық–коммуникативті технологияны пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту». Бұл тақырыпты таңдауда негізгі мақсатым-өз сабақтарымды ақпараттық-коммуникативтік технологиямен үнемі жұмыс жасау қажеттілігі туындағандықтан осы тақырыпты тереңірек зерттеп, оқушылардың сандық сауаттылығы жоғары, оларға ұстаздық етіп отырған біздің де сандық сауаттылығымыз жоғары болып, ақпараттық-коммуникативтік технология түрлерін сабақ беруде көмек көрсете алатын маңызды құрал ретінде пайдалана білу және оқушыларды ақпараттық–коммуникативтік технологияны пайдалана отырып, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан тұлғаға компьютерлік сауаттылық қазіргі таңда ауадай қажет. Бұл сауаттылықтың баспалдағы әрине мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Сол теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені сөзсіз. Жан–жақта болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттық ағымнан қалыспауда бүкіләлемдік желі интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалану мүмкіндігі артып жатыр. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне жол ашады. Заман талабына сай күнделікті сабақта сандық технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Жалпы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтуде ақпараттық–коммуникативтік технологияның маңызы өте зор. Мектепте өз сабақтарымызда компьютерді, интернетті, интерактивті тақтаны, мультимедиалық құрылғыны, ұялы телефонды да қолданып жүрміз. Кейде сабақтарымызда тақырыпты тереңірек игеру үшін интернеттен іздеуді ұсынамыз, сондықтан ақпараттық–коммуникативтік технология жаңа заман талабы. Зерттеу тақырыбым ақпараттық–коммуникативтік технологияға қатысты болғанымен, мектебімде интерактивті тақта жоқ, сондықтан мен сабақта компьютерді көп пайдалануға тырыстым, сонымен қатар жаңа сабаққа қажетті мәлімет жинау барысында да ақпараттық–коммуникативтік технология мүмкіндіктерін пайдаландым және оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефондарын пайдаланып интернет желісінен ақпарат іздеуге де мүмкіндік бердім. Ақпараттық–коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы оқушы жай кітаптан оқығаннан, түсіндіргеннен гөрі ақпаратты, жаңа білімді көбірек алады. Сонымен қатар бұл технология алған мәліметтерді ұзақ уақыт есте сақтауына ықпал етеді. Менің тағы бір түсінгенім ақпараттық–коммуникативтік технологияны пайдаланып оқушыға жаңа сабақтың тақырыбын айтып жаңа мәлімет жинақтауға болатыны еді. Менің ойымша бұл жобалап оқыту технологиясына келеді. Оқушылардың күнделікті өмірде ақпараттық–коммуникативтік технологияны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты. Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде АКТ-ны пайдалануы тиімсіз болуы да мүмкін. Нұсқаулықтың 115 бетінде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде ақпараттық–коммуникативтік технологияны қалай пайдалануға болатын үлгілері ұсынылған:

1. Көрсетілім: Оқушылардың түрлі амал- тәсілдерді көрсетуі . Мысалы , өз сабағымда практикалық жұмыстарды көрсетуде, сондай-ақ сабақтарда видеокөрсетілімдерді көрсету барысында, сонымен қатар компьютерде оқушылардың түрлі жұмыстарды жасауы .

2. Модельдеу . Оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар мен оқиғалардың модельдерін ұсыну . Мысалы компьютерлік ойындар мен интернет желісіне адамдардың тәуелді болуы. Оны қалай адам әрекетімен тоқтатуға болатыны туралы сыни ойлау.

3. Бағалау мен талдау. Оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мысалы, сабақ үстінде әр түрлі сайттардан қолжетімді ақпарат іздеуін, оқушылардың электрондық оқулық жасауына көмек көрсетуін қамтамасыз ету.

4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым–қатынас. Оқушылардың әзірлеген жобалары, тақырыпқа байланысты презентация құру. Пікірлер мен ақпаратты қорыту, әр түрлі тақырып бойынша оқушылар бір-біріне электронды хат жазады, немесе интернет олимпиадаларға қатыса алады.

5. Тестілеу және құптау. Оқушы білімін тексеру. Ексель бағдарламасында деректер қорын құру. Оны оқу бағдарламасында пайдалану.

Менің зерттеу тақырыбымның негізінде, мынадай сұрақ туындайды: "Ақпараттық–коммуникативтік технологияны пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?"

Осы тақырып бойынша мен бірнеше жылдан бері айналысып келемін. Бұл тақырыпты зерттеу өзіме ұнайды, себебі менде ақпараттық– коммуникативтік технологияны пайдаланатын ресурстар қоры мол, өзім қызығатын болғандықтан, электронды оқулықтың бір ғана түрін емес бірнеше түрін жинақтап, интернеттен тақырыпқа сәйкес бейнежазбаларды, флеш–анимацияларды жинақтап, соңғы уақытта ағылшын тілі пәнінен электронды оқулықты жасауға кірістім. Осыған сәйкес менің шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларым әр түрлі тақырыптарға арналған презентация құрастырып, Mасrоmеdіа Flаsh бағдарламасында қазақ ертегілерін жасап оны ғылыми жұмыс ретінде қорғауды қолға алған.

Ендігі кезекте мектеп туралы айтқанды жөн көріп отырмын. Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан «Көкөзек ауылындағы орта мектебінің» коммуналдық мемлекетттік мекемесінде информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын. 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектептің материалдық–техникалық жағдайына тоқталсақ, мектеп 2 қабатты, 11 оқу кабинеті, 1 информатика кабинетінен тұрады. 320 оқушыға арналған мектепте 750 оқушы дәріс алуда, сондықтан ІІІ ауысымда жұмыс істейді. Білім нәрімен сусындыратын мұғалімдер саны–52. Оның ішінде мектеп әкімшілігі – директор, оқу ісінің меңгерушісі, әдістеме жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог–ұйымдастырушы және 2 мектеп психологы бар. Бастауыш сынып мұғалімдері–10, қазақ тілі пәнінің ӘБ–5, орыс тілі пәнінің ӘБ–5, шет тілдер пәні ӘБ–4, МИФ–7, тарих пәні ӘБ - 3, география, биология, химия пәндерінің ӘБ–5, дене шынықтыру, еңбек, сурет пәндер ӘБ–11 мұғалім.



Деңгейлік бағдарламалар курсын оқып келген мұғалімдер саны – 6, оның ішінде І деңгейді – 1, ІІІ деңгейді – 5. Қазіргі таңда курста оқып жүрген мұғалімдер саны – 2.


Ақпараттық–коммуниативтік технологияны қолдану мүмкіндігі төмен дәрежеде десек те болады, себебі, интерактивты тақта, проектор, экран құралдары мүлдем жоқ. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдер үшін сандық технология құралдарын қолдану мүмкіндігі төмен. Осы жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мектеп ауласынан 3 қабатты мектеп салу үшін қосымша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мектептің мүмкіндіктеріне қарап, ең алдымен жоспар құрып, мектеп директорымен келісім–шартқа отырдым. ІІ деңгей бағдарламасының мазмұны туралы айта отырып, зерттеу үшін оқушылармен 4 тізбектелген сабақ, мұғалімдермен 2 коучинг, бір мұғалімге ментор болатынымды, АВС деңгейіндегі оқушыларды зерттейтінімді айтып түсіндірдім. Алға қойған осы жоспарларды орындау үшін мектеп басшылығының рұқсатын алып, зерттеу жүргізу ісін бастап кеттім.

2 бөлім: Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері

Зерттеу барысында өзімнің сабақтарымда ақпараттық–коммуникативтік технологиямен бірге сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын да пайдаландым. Себебі, бұл әдіс өзіме қатты ұнайды, қолдануға түсінікті, оқушылар тез түсініп алады және осы курсқа келгенге дейін де бұл технологияның кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрген едім. Зерттеу үшін қай сыныппен жұмыс жасайтынымды көп ойландым. 7 «А» және 7 «Ә» сыныптар арасынан таңдау жасайтын болдым. 7 сынып оқушыларынан сауалнама алып, олармен сұхбат жүргіздім. Сауалнама нәтижесі бойынша және информатика пәнінен теориялық білімдерінің мықтылығы жағынан 7 «А» сыныпты таңдадым. Зерттеу үдерісіне осы сыныптың бірінші топтың 12 оқушы қатысты. Себебі информатика сабағында сыныптар екі топқа бөлініп оқиды. Ол сыныптың ата – аналарының пікірін білу үшін сауалнама жүргізіп, сабақты бейнероликке түсіру үшін рұқсаттарын алып, жұмысты жоспарлы түрде жүзеге асыра бастадым. Осы оқушылардың ішінен АВС деңгейіндегі оқушыларды зерттеу үшін Малс сауалнамасын алдым. Сауалнама нәтижесі бойынша:


Оқушының аты – жөні

Балл

Бірлесе жұмыс істеуі 30 балл

Сенімділігі 25 балл

Тапсырмадан қашқақтауы 30 балл

Қалыс қалуы немесе оқшау болуы 15 балл

Жанболат

89

25

24

27

13

Нұрсаид

66

17

16

23

10

Айдана

81

25

18

24

14



А деңгейіндегі оқушы Жанболат

Сыныптың үздік оқушысы. Ұшқыр ойлы, шапшаң, логикалық қабілеті дамыған, белсенді, берілген тапсырманы тез және нақты орындайды, АКТ қолдану деңгейі өте жоғары, болашақта программист болуды армандайды, өзіне өзі сенімді, өзін басқалардан жоғары ұстайды, меңмен, өзіндік «мені» бар, көшбасшылық қабілетке ие, интеллектуалды ойындарды жақсы көреді.

В деңгейіндегі оқушы Айдана

Теориялық білімі жеткілікті, мінезі ашық, ойын еркін жеткізе алады, бірақ өзіне сенімсіз. Берілген тапсырманы орта деңгейде орындайды. Компьютерді жетік меңгерген. Болашақта банк қызметкері болуды армандайды. Волейбол ойынымен әуестенеді.

С деңгейіндегі оқушы Нұрсаид

Сабаққа деген ынтасы төмен, баяу әрекет етеді. Берілген тапсырманы орындау үшін басқа біреудің көмегіне мұқтаж болады. Ой – пікірін толық жеткізе алмайды, өзін еркін ұстамайды. Шахмат ойынын үйренгісі келеді.

Осы үш оқушыны таңдап алғаннан кейін, көмек алу мақсатында сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен кеңестім. Олардың ұсынысын тыңдап, көзқарастары әртүрлі екенін байқап, мектеп психологының көмегіне жүгіндім. Оқушылардан психологиялық тест алып, оның қорытындысы бойынша осы үш оқушыны зерттеуге кірістім. Зерттеу сабақтарымды информатика кабинетінде өткізіп, бейнежазбаға түсірдім. Оқушыларды бақылау мақсатында жазбалар жүргізіп, олардың жасаған жұмыстарын жинап отырдым. Жоспар бойынша «Электронды есептеуіш машина» тарауынан бастадым. Ең алдымен орта мерзімді жоспар құрып, соның негізінде қысқа мерзімді жоспарды сын тұрғысынан ойлау модульдерін қосып Блум таксономиясына салып жасадым. Тапсырманы оқушылардың орындауын бағалаудың критерийлері мен дескрипторлары жасалды. Әр ойлау деңгейі бойынша белгілі бір нәтижеге жетуді көздедім. Орта мерзімді сабақты жоспарлау арқылы мен көп нәрсеге көзім жетті. Бұлай сабақты жоспарлау өте тиімді ме деп ойлап қалдым, себебі жеті модульді ықпалдастыра отырып, сабақты өте қызықты ұйымдастыруға болады екен, топтық жұмыстар оқушылардың қызығушылығын оятып қана қоймай олардың еркін ойын білдіруге, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге де тиімді екендігін байқадым, оқушылар сабақ барысында рөлдерге бөлгенде де өздерін ерекше сезінеді екен, оларда бір жауапкершілік пайда болып, бір-біріне бауырмашылдық қарым-қатынаста болады екен. Зерттеу сабағымның алғашқы қадамын «Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбымен бастадым. Сабақтың мақсаты электронды есептеуіш машинасының даму тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, ой–өрістерін кеңейту және алған білімдерін пысықтау. ІІІ ауысымның 5 сабағы болғандықтан оқушылардың шаршап, сабаққа деген қызығушылықтарының төмендігін байқадым. Сол мезетте сергіту сәтін ұйымдастырып, психологиялық ахуал орналастыру кезінен ақ оқушылар жақсы көңіл–күйде болды. Топқа әріптерді біріктіру арқылы «Инфо», «Диск», «Файл» топтары болып бөлінген кезінде оқушылардың қызығушылығының оянғанын көрдім. Оқушылардың арасында жағымды псиxологиялық аxуал тудыру мақсатында сабақ барысында «Жүректен жүрекке», «Ыстық алақан» тренингтерін пайдаланып және компьютерден шаршаған кезде көзге арналған жаттығуларын жасау арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабақ оқуға қызығушылығы артты. Сабағымда сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше элементін пайдаландым, оқушылар топтаса отырып, топтастыру, кубизм, бес жолды өлең, болжау стратегияларын, диалогтік оқыту мен ақпараттық–коммуникативты технологияны пайдалана отырып әр түрлі жұмыстар жасады. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліскенде смайликті, электронды смайликтерді пайдаланды, смайлик бейнелердің бәрі шаттық бейнесінде болды. Оқушыларға топ ережесін құруды ұсындым. А оқушы мен В оқушы ереже құруда белсенділік танытып, өз пікірлерін айта бастады. С деңгейлі оқушы мүлдем араласпады. Жаңа сабақты түсіндіргеннен соң, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған сұрақтар, яғни «Неліктен ЭЕМ-нің техникалық негізі болған радиотехника ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап дами бастады ?» оз ойын айту үшін, біраз уақыт ойланып, сенімсіз жауаптар қайтарылды. А деңгейлі оқушы өзінің ойын еркін айтып жеткізгеннен кейін қалған оқушыларды есімдерін атап тұрғызып сөйлеттім. В деңгейлі оқушы топпен жұмыс жасағаннан гөрі жеке жұмысты жақсы көретінін байқадым. Алдағы уақытта осы оқушының бойынан топпен жұмыс істеуге құлшынысын арттыруды ойластырдым. С деңгейлі оқушыдан өз сұрағыма қысқа әрі нақты емес жауап алдым. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы білімнің дайын күйде берілмеуі дегендей, оқушының шығармашылық ойлауына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілікті арттыру. Сондықтан жаңа әдіс–тәсіл бойынша оқушылар үшін де мен үшін де алғашқы сабақ болғандықтан қобалжу болды. Компьютерде «Формативті тест» арқылы кері байланыс жасап, берілген 5 минут ішінде жауап беріп, алған бағаларын бірден бағалау парағына жазып отырды. Тағы бір айтатын жайт постер қорғау кезінде уақыт тапшылығы байқалды. Көп уақыттарын сурет салуға жұмсады. Сондықтан келесі сабақтарда осы кемшілікті қайталамас үшін уақытты үнемдеуге тырысып бақтым. Ауа–райының қолайсыздығынан электр тогы қайта–қайта сөніп, сабақ өткізуге біраз кедергі жасады. Осындай кемшіліктер орын алды. Е кінші сабағымда «Болжау» стратегиясы негізінде оқушыларға суреттердің бөлігін көрсету арқылы тақырыпты өздері болжап табуын ұсындым. А оқушы «Компьютер құрылғылары» тақырыбын дереу таба қойды. Топқа бөлінген соң, оқушылар өздері топтың аты мен ұранын қойып, ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді. Бұл сабақта «Кубизм» стратегиясымен жұмыс жасап, әр топқа кубтың бір қабырғасындағы жұмыс тапсырылды. Оқушылар нақты жауап айтып, ой жүйесін сауатты жеткізе білді. Бұл сабақта оқушылардың топпен жұмыс жасау әдісіне біршама үйренгенін байқадым. Әсіресе В деңгейлі оқушы топпен бірлесе отырып қазір не айту керек екенін топтың әр мүшесіне бөліп жазып беріп отырғанын көрдім. Ойларын еркін айта бастады, постер қорғау кезінде әрқайсысы жеке мысалдары арқылы дәлеледеу үшін тақтаға таласып шықты. Бұл жерде олар шапшаң ойлап, постерлерін дереу дайындай қойды. Постер қорғаған кезде оқушы бар болмысымен өздерінің шығармашылықтарымен бөлісуге асығып тұрды. А және В деңгейіндегі оқушылар бұл тапсырмада жауапкершілікті өз қолдарына алды. Оқушылардың көздерінен мақтаныш көрдім, мынау біздің ойлап тапқанымыз дегендей жарқын-жарқын дауыстарымен әдемілеп айтып берді. Топтардың бір - бірінен басым түскендерін көріп, менде өз мақсатыма жеткенімді түсіндім. Осы уақытқа дейінгі еңбегімнің бағаланғанын көріп, қатты риза болдым. Жалпы сабағымда мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Алғашқы сабақта постер қорғау, Жигсо әдісін қолданған кезінде кеткен кемшілігімді осы екінші сабақта жойдым. Компьютермен жұмыс жасау барысында оқушылардың жылдамдығы мен мәтін теру ережесіне көп көңіл бөлдім. Рефераттың сыртқы бетін әрлеу арқылы өздерінің бойындағы шығармашылық ойларын жеткізе білді. В оқушы мәтіндерді тез теріп, жұмысын ең бірінші болып аяқтады. Әр топтан көшбасшы болып, сабаққа бар ынтасымен қатысып отырған оқушылар да сабаққа ынтықсыз, қызығушылығы төмен, белсенді емес оқушылар да болды. Сол оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатқа қойылып, нәтижеге қол жеткізу керектігі ескерілді. Кластер қорғау барысында А оқушы мен С оқушы бір топта болып, А оқушының көмегі мен қолдау көрсетуімен С деңгейлі оқушы кластерды қорғау жұмысына кірісіп, өз ойымен бөлісті. Бұл мен үшін таң қаларлық жағдай болды. Бұл сабақтардан қол жеткізген жетістігім: С оқушы бір баспалдақ жоғары көтерілді, сабаққа қызығушылығы артып, постер қорғауда өз ойымен бөлісіп, өзі сабақтан көтеріңкі көңіл–күйде шықты. Оқушылар берілген тапсырманы жылдам орындап, кластер құру, топпен бірлесе ынтымақтастықта жұмыс жасай білуі, өз ойларын нақты, дәлелді жеткізе білді, өздеріне сенімді болуға тырысты. Олардың көздерінен от ұшқыны байқала бастады. Алдыма қойған мақсаттарыма бірте–бірте жете бастадым. Оқушылар арасында күнделікті сабақ барысында сергіту сәті, күлегештер, суреттер, бір–біріне тілек, жағымды сөздер айту арқылы қарым–қатынас, ынтымақтастық, көңіл– күйлерінің көтеріңкі болып жүрулеріне өз септігін тигізді. Үшінші сабақ кезегінде топты тәтті кәмпит арқылы бөлдім. Көңіл–күйлері көтеріліп, мәз–мейрам болды. Үйге берілген тапсырма «Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазып келіңдер делінген. Сол тапсырманы орындағандарын тексеру барысында А оқушының «барлық оқушылар оқымай, әр топтан бір оқушыдан оқып шықсыншы» деген ұсыныс айтты. Бұл жерде оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттері дамып жатқаны байқалды, себебі олар ұстаздың алдын–ала не істейтінін ойлап, болжап отырғанын көруге болады. Оқушының ұсынысын қабылдап, оны мадақтадым. Тәжірибе жасау кезеңінде «Ақпаратты кім бірінші сақтап, тасымалдайды?» ойынын ұсындым. Оқушылар графикалық редакторда сурет салуда, ақпаратты компьютер жадына сақтау мен тасымалдауыш жадына сақтау кезінде өз шеберліктерін көрсете білді. Әсіресе А оқушы суретті салып та, жадыға сақтап та үлгеріп өз тобына ұпай жинап берді. В деңгейіндегі оқушы сурет салып отырған оқушыға өз көмегін көрсетіп, тобын алға ұмтылдыруға тырысты. С оқушы бұл тапсырмаға көңіл бөліп араласпады. Оқушылардың графикалық редакторда сурет салу қабілеттерінің жоғары дәрежеде екенін берілген суретті айнытпай дәл, нақты сол сурет етіп салып бергенін көріп қуанып қалдым.







Техникалық диктант жазу барысында, табыс критерийлерін өздеріне құрғызып, бағалауды ұсындым. Осы сабақ барысында С деңгейлі оқушының қызығушылығы артқанын байқадым. Ол әр тапсырманы көңіл бөле тыңдап, орындауға тырысты. Топпен жұмыс жасауда бөлектенбей, жасырын сөздерді іздеп, бірлесе отырып ойласып жауап беріп отырды. Осы сабақта кеткен кемшілігім оқушылардан үй жұмысын сұрау кезінде сұрақтарды жабық сұрақ сияқты қойып, нақты емес, қысқа жауап алдым. Келесі сабақта осы қателікті қайталамас үшін, әр оқушы 3 сұрақтан дайындап келулерін ұсындым. Ол сұрақтарын өздеріне қалай қойдыртсам екен деп ойша болжау жасадым.


Төртінші сабағымды «Компьютер құрылғылары бойынша шығармашылық жұмыс» тақырыбымен ойын–сайыс ретінде өткіздім. Мұндай зерттеу сабағында оқушылар зерттеу объектісін жан–жақты: ғылыми еңбектер мен тұжырымдарға сүйене зерделеп, зерттеп, сызба – кестелермен, оқулықтағы суреттермен жұмыс істеуге, білім мазмұнына байланысты жоба жасауға үйреніп, дағдыланады. Оқушылардың шығармашылық, актерлік, рөлге ене білу қабілеттерін дамыту, арттыру, бақылау мақсатында өткен сабақтарымда қолданбаған рөлдік ойындарды осы сабақта өткізуді жоспарладым. Рөлдік ойындар арқылы оқушылар өз бойындағы қиялдарын бір – біріне айтып, рөлді сомдауға дайындықтарын көріп, олардың бойындағы шығармашыл қасиеттерін көре бастадым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, «www.gооglе.kz», «www.уаndеx.kz», «www.mаіl.ru» деп топқа бөлдім. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында үй тапсырмасы бойынша өздері құрастырып келген сұрақтардан әр топқа әртүрлі түсті конверттерге сұрақтар жасырдым. Олар бір минут ішінде жауап беруі тиіс болды. Топ мүшелері сұрақтарға дұрыс әрі шапшаң жауап берді. Әсіресе екінші топқа берілген сұрақтарға көбінесе А оқушы шапшаң әрі дұрыс жауап беріп отырды. Ал бірінші топтағы В оқушы өзін орта дәрежеде көрсетті. С оқушы бірде–бір сұраққа жауап бермеді. Шебер құрастырушы деп аталатын келесі кезеңде әр топ пернелері шашылған пернетақтаны белгілі бір уақытта жылдам, орналасу ережесімен тиянақты, уақытпен санаса отырып жинап құрастыру керек. Бұл жерде А оқушы өз шеберлігін көрсетіп, тобын алға шығарды. В оқушы өз талабын, білімін топ мүшелерімен бөлісіп, олар да алға ұмтылды. С оқушы бұл тапсырмада өзін немқұрайлы ұстады. Блумның қолдану кезеңінде «Өлеңім-өнерім» атты тапсырма шарты бойынша дербес компьютер құрылғыларына байланысты төрт шумақ өлең жолдарын шығарып оқып берді. Оқушылар өлең шығару барысында қызықты мәліметтер мен ғылыми тұжырымдарға сүйенген ақпараттарды үйлестіре, бірін – бірі толықтырып, бірін – бірі дәлелдей отырып, шығармашылықтары мен ізденістерін ортаға салып тапсырманы қызықты орындап, өз қиялдарынан туындаған ойларын, өлеңдерін компьютерге теріп жазуды тапсырдым. «Аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы пысықталып, кейінгі зерттеулерде Тулвинг (1985) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттерден: рәсімдік, эпизодтық және семантикалық жадыдан тұрады деп есептеген. Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді.» [МАН, 60 бет]. Тышқан құрылғысымен жұмыс істеу үшін, оқушыларға сурет көрсетіп, олар оны есте сақтау керек. Компьютерде жұмыс үстелінде орналасқан қиылған суретті есте сақтаған сурет күйіне қайта құрастырды. А оқушы суретті жылдам және ең бірінші болып құрастырып шықты. В деңгейлі оқушы да өзінің есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде екенін көрсетті. Тек С деңгейлі оқушы өз суретін құрастыра алмай, басқа оқушы көмегіне сүйеніп, құрастырып шықты. «Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары - өзін тек бір ғана салада көрсете алады» [МАН, 51 бет]. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Сол сияқты үш топқа «Сулпак» супермаркетіндегі компьютер сатушы мен сатып алушының рөлі, «Компьютер жөндеуші мен тұтынушы рөлі», «Компьютер мұражайы» рөлін сомдау тапсырдым. Бұл білгенді қайталап қана қоймай, осы мүмкіндік арқылы бала білімін арттыру мақсатында ақпаратты өзі зерттеп, зерделей табуына жағдай туғызуға тырыстым. Сонымен бірінші топ оқушылары өздеріне берілген компьютер жөндеуші мен тұтынушы рөлін сомдап шықса да, негізгі тақырыпты аша алмады. Бірақ бұл жерде С деңгейлі оқушысы рөлдік ойынға қатысып, өзінің актерлік қабілеті бар екендігін көрсетті. Бұл оқушының бойындағы жасырын жатқан қабілетті ары қарай дамытып, балаға сұрақ қою арқылы ой тудыру шеберлігімен, оқушының ізденісіне жағдай жасап оны қызығушылықпен жұмыс істеуін арттыруды көздедім. Яғни «Сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі» деп түсіндіріледі [МАН, 128 бет]. Мұндай белсенді еңбектің негізінде бала жан –жақты дамып, шығармашыл адам болып жетіледі. Екінші топтың тапсырмасы бойынша «Компьютер мұражайы», яғни мұражайдағы компьютерлердің шығу, даму тарихына шолу жасау керек болды. Оқушылар тақырыпты аша білді, өздерінің актерлік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. В деңгейлі оқушы мұражайға келуші ролін таңдап, сұрақтар қоюмен шектелді десек те болады. Салыстырмалы түрде қарағанда оқушының рөлдік ойындардан гөрі логикалық тапсырмаларды орындауда білімі жоғары дәрежеде екенін байқадым. Үшінші топ «Сулпак» супермаркетіндегі сатушы мен сатып алушы ролін керемет, жақсы ойларды қосып, атап өтсек, А оқушы сатып алушы рөлінде өз қиялындағы компьютерді іздеп жүргенін сомдады. А оқушы өз ролінде өзінің актерлік қабілетін, компьютерлік сауаттылығын және білімін шеберлікпен көрсетіп ойнап шықты. Рөлдік ойында өзінің болашақта шынайы программист болу арманын ұштастырып, сөйлеу мәнері мен ойлау процесін бірізділіктен мүлдем басқа арнаға бұрып, қисынды ойлау, жүйелеу, саралау, талдау жұмыстарын жүзеге асырды. Көз алдымда ой – өрісі терең, интеллектісі мен зейіні тұрақты, шығармашыл қабілеті жоғары шәкірт, креативті оқушыны байқадым.

3 бөлім: Қорытынды және талдау

Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып топқа бөліп оқытудың тағы да бір тиімді жағы, оқушылар өзара жарысады. Бір-бірінен басым түскісі келетіндіктері көрінді. Бәсеке бар кезде, сапа да артатыны сөзсіз емес пе?! Топтық жұмыс жүргізіп жатқанда, бір байқағаным бос оқушы болмайды екен. Түк жасамай отыр деген оқушының өзі ақпарат іздеп отырды.

Топтың ынтымақтастығын анықтау мақсатында МАЛС сауалнамасы алынды:

Оқушының аты – жөні

Балл

Бірлесе жұмыс істеуі 30 балл

Сенімділігі 25 балл

Тапсырмадан қашқақтауы 30 балл

Қалыс қалуы немесе оқшау болуы 15 балл

Дана

71

25

12

23

12

Сезім

82

28

21

22

11

Айдана

81

22

18

24

14

Қажымұқан

78

25

12

28

13

Ақбаян

82

30

15

23

14

Ақбота

76

19

20

23

14

Жанарыс

88

23

22

29

14

Арнур

73

21

20

25

7

Жанболат

89

25

24

27

13

Арай

82

21

24

27

10

Нұрсайд

66

17

16

23

10

Ермұхан

80

22

16

28

14












Психологтың көмегімен зерттеуге алған оқушылардан әр түрлі тақырыпта тест алынды. Олардың қорытындысы төмендегідей:


Тест түрі

Жанболат

Айдана

Нұрсайд

Ойлау қабілетін анықтау

Жоғары деңгей

Жоғары деңгей

Жоғары деңгей

Депрессиялық деңгейді анықтау

Диагностикалық күйі депрессиясыз

Диагностикалық күйі депрессиясыз

Жеңіл ситуативті немесе невротикалық депрессия

Э.Ховард бойынша стресске төзімділікті анықтау

Стресске шамалы ұшырайды

Стресске шамалы ұшырайды

Стресске шамалы ұшырайды

Темперамент анықтау

Флегматик пен сангвиник аралас

Флегматик пен сангвиник аралас

Флегматик

Есте сақтау дәрежесі

Жоғары

Орташа

Жоғары


Сыныптағы әңгіменің транскриптілерінен үзінді:

Мұғалім : сендерге жаңа тәсілмен өткізген сабақ ұнады ма?

Оқушылар: Иә, барлық сабақтарымызды осындай жаңаша тәсілмен өткеніңізді сұраймыз.

Мұғалім: сабақ несімен ұнады?

Оқушылар: сабақ басынан қызықты басталады, сергіту сәті , қызықты ойындар, тапсырмалар жан-жақты қамтылған.

Мұғалім: Топпен жұмыс істеу ұнады ма?

Оқушылар: иә, сабақ барысында өз ойымызды ашық айттық, біріміздің білмегенімізді бірімізден білдік, басқа топпен жарысып, соңғы орынға қалып қалмау үшін намысқа тырысып, оқып келіп жүрдік.

Мұғалім: Осыған дейінгі өткізіліп жүрген дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы қандай ?

Оқушылар: ең бірінші парталардың қойылу талаптары, бұрын қозғалмай екі адамнан отырып, сұрақтарға ғана жауап берсек, қазіргі сабақта өзімізді еркін ұстап, ойымызды жеткізе білдік.

Алғашқы сабақтан кейін зерттеуге алған оқушылар менен келесі сабақтың қашан болатынын сұрап қызығушылық танытты. Балалардың қызығушылығы артқан сайын, мен де сабақ өткізгім келе берді. Келесі сабақтарымды одан да жақсы өткізсем екен деп ізденіп, мәліметтер жинастырдым. Екінші сабақта оқушыларға «Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазу тапсырмасын бердім. Эссе жұмыстарын тексеру барысында оқушылардың барлығы дерлік интернет пен кітаптың сөзіне жүгініпті. А оқушының эссесінен үзінді келтірейін: «Қазіргі компьютердің негізгі үш құралы бар. Олар монитор, пернетақта, жүйелі блок. Ал қалғандары қосымша құралдар. Ал болашақтың компьютерінде мұндай құрал – жабдықтар болмайды. Тек монитор ғана болады. Болашақтағы компьютерді ақылдың көмегімен іске қосамыз. Мысалы: біз ғаламторға кіріп бір нәрсені іздеу үшін ол ақпаратты оймен ойлаймыз. Сонда ол адамның ойын оқып, автоматты түрде өзі қосып іздеу жүйесін іске асырады. Мен осындай компьютерді шығарғым келеді» деп жазыпты. Бұл жазбадан мен А оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетінің біршама артқанын, өзінің ой–пікірін еркін жаза алатынын түсіндім.

Осы бағдарламаның әдіс - тәсілін сабақта пайдалана бастағаннан, менің оқушыларды бағалау тәсілім де өзгерді. «Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жаңарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.» [МАН, 104 бет]. Осыған орай оқу үдерісінде бағалаудың маңызы өте зор екенін түсіндім. Әр сабағымда формативті, суммативті бағалау мен критериалды бағалау әдістерін қолдандым. Бұл әдіс оқушылар үшін өте қолайлы болды. Олар сабақ үдерісіндегі өз кемшіліктері мен жетістіктерін екі жұлдыз бір тілек, смайликтер, стикерлер арқылы бағалау парақтарына жаза отырып, ұпайларын жинап, есептеп, бағалау шкалалары бойынша өздеріне объективті және суммативты баға беріп отырды. Әр тапсырмаға бағалау кезінде табыс критерийлерін өздері де құрып үйренді. Сабақтың соңында оқушылар постер қорғағанда бір-біріне қойған ұпайлары мен компьютерде орындаған тест тапсырмаларынан жинаған ұпайларын қосып, мұғалімге хабарлайды. Арнайы Еxсеl бағдарламасында есептеп бағалап, мониторинг шығарып отырдым.












Оқушылардың бағалауы және олардың түсініктемелері


Оқушының аты - жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Кубизм стратегиясы

Постер қорғау

Компьютерлік жұмыс

Тест сұрақтары

Шебер құрастырушы

Тышқанмен жқмыс

Рөлдік ойындар

Эссе

Жалпы ұпайы

Дана

8

2

3

2

3

30

10

28

2

88

Сезім

10

2

3

2

3

40

10

30

2

102

Айдана

10

1

3

3

4

50

10

30

4

115

Қажымұқан

10

3

3

2

2

50

9

30

2

111

Ақбаян

8

2

3

3

2

40

10

30

3

101

Ақбота

10

3

3

2

4

30

10

28

1

91

Жанарыс

9

2

3

2

4

50

10

30

2

112

Арнур

8

1

2

3

3

40

9

28

1

95

Жанболат

10

3

3

3

4

50

10

30

5

118

Арай

10

3

3

2

4

30

10

28

2

92

Нұрсайд

8

1

3

2

2

40

10

30

2

98

Ермұхан

8

2

3

3

3

30

8

30

1

88








Әңгімелесу транскриптілерінен үзінділер:

М: Сендерге мектепте оқу ұнайды ма?

О: иә, әрине. Мектепке жаңа білім алуға келеміз. Бұл жерде біз бір – бірімізбен әңгімелесеміз, ақпарат алмасамыз. Достарымызды көреміз.

М: осы сыныпта оқу сендерге ұнай ма?

О: біздің сынып мектептегі үлгілі сыныптардың бірі. Біз оны мақтан тұтамыз. Өз сыныбымнан басқа сыныпқа ауысқым келмейді.

М: мектепте қоғамдық жұмыстарға қатысасыңдар ма?

О: иә. Қоғамдық жұмыстарға қатысу бізге қатты ұнайды. Қазіргі таңда мектепішілік Жас Маи тобының мүшелеріміз. Тәртіпке, мектеп формасына қараймыз, кезекшілерге көмек көрсетеміз, сабақтан кешіккен оқушылармен әңгімелесу жұмыстарын жүргіземіз.

Ұжымдағы әріптестерім менің бейнемнен біршама өзгерген ұстазды танып, олар да осындай бағдарлама курсына баруға ниеттеніп жүр. Сонымен қатар бұл тәсіл туралы мен сабақ беретін сыныптың оқушылары да оң көзқарастарын білдіріп, сертификат алуыма өз тілектерін білдірді. Бұрынғы өткізіп жүрген дәстүрлі сабақ түрлеріне қарағанда, бағдарламадан үйренген жаңа әдіс–тәсілдермен өткізген сабақтарым оқушылар үшін жаңалық болып, оларға өте ұнады және басқа пәндерден де сабақты жаңаша тәсілмен өткізсе екен деп өз ұсыныстарын білдірді. Мұғалім ретінде өз ойымды айтар болсам, жаңаша тәсілмен сабақ өтудің оқушының ойын дамытуына, сыни тұрғыда ойлануына, үлкен ықпал етеді. Сол себепті бағдарламадан алған білімім бойынша сабақ беретін сыныптармен осы тәсілмен жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Біз оқушыны қалай оқу керектігін үйреткен жағдайда ғана саналы, практикалық тұрғыда өмірге дайын, шығармашыл тұлғаны тәрбиелей аламыз деп ойлаймын. Шығармшылық дегеніміз–жалпы адам бласының өзін-өзі тануға ізденуі, ұмтылуы, жаңалыққа жаны құштарлық. Ұстаздар қауымының міндеті - оқушының бойында бұғып жатқан шығармашылығын дамыту, ал ол болса осы бағдарлама курсын оқыған мұғалімде қалыптасатынын біліп отырмын.

4 бөлім: Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс – тәжірибеге жасайтын ықпалы

Осы іс–әрекетті зерттеуде кездескен кедергілерге келетін болсақ, мектеп әкімшілігі тарапынан түсінбеушілік танытуы, сабақтарымды бейнежазбаға түсіру кезінде көптеген қиындықтар туды. Мен бір ай бағдарламадан не оқып келдім, нені үйрендім, осыны білуге мектеп әкімшілігі ешқандай қызығушылық танытпады. Мен өз бетіммен жұмыс жасауыма тура келді. Бағдарламаның І деңгейлік курсын оқып келген мұғаліммен ғана сөйлесіп, коучинг сессияларына қатыстыру үшін әр ұстаздарға жеке-жеке түсінік беруге тура келді. Мектептің жағдайы менің зерттеу жұмысыма үлкен кедергі келтірді. Мектептің қосымша жұмыстарынан бас ала алмадым. Әкімшілік тарапынан білім беру саласына жаңадан еніп жатқан жаңалыққа, әдіс–тәсілге салғырт қарауы, көңілімді біршама түсіріп тастады. Зерттеуге алған сыныбым ІІІ ауысымда оқиды. Сабақтарым 4 пен 6 шы сабақ арасына орналасқандықтан шаршаңқы, баяу, ұйқылары келіп отырған оқушылар. Бірақ ол кедергілерді оңай жеңетін жолын таптым. Әріптестеріммен келісіп сабағымды 1 немесе 2 сабаққа ауыстырып отырдым. Бір ай практика уақытында мен жұмыс жасаған оқушыларыммен бірге кішкене болса да өзгердім деп ойлаймын. Әлі де алға қойған мақсатыма және күтілетін нәтижеме жетуге тырысамын. Зерттеу барысында компьютерлік кабинеттің тар болғандығынан сыныпта парталарды қою қиындығы туындады. Ал ең басты қиындық – оқушылардың топтық жұмыста жұмыс істеуге үйренбегені болды, бұл қиындықты жою мақсатында мен алдымен сыныпқа келіп алдын ала дайындық жұмысын жүргіздім, яғни топтық жұмыс дегеннің не екенін, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының түрлерін және тағы да басқа жұмыстар бойынша үйреттім. Тізбектелген сабақтардың нәтижесі бойынша бағдарламаның бірінші бетпе–беттен алған білімімді пайдалана отырып, іс–тәжірибеге өзгерістер енгізе алдым деп ойлаймын. Себебі алғашқы сабағымда оқушылар топпен бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбағандықтан, әрқайсысы өз пікірлерімен бөліспей, қобалжып отырған еді, кейінгі сабақтарда ынтымақтастық, достық сезіммен, бірі–біріне көмек көрсету арқылы жұмыла жұмыс атқарды. Сабақта өзіме ұнаған әдіс - тәсілдерді ұтымды пайдана білдім. Зерттеуге белгіленген А, В, С оқушыларды зерттеу барысында А және В оқушылары өздерін ұстау мәнерін, сабақта белсенділіктерін көрсете білді. С оқушы тақтаға шығып қорғау жұмыстарына қатысып, қызығушылығын танытқанын байқадым және бұған дәлелдемелер бейнежазбада, фото суреттерде жинақталды. Деректерді жинау жоспары бойынша зерттеуге алынған оқушылардан алынған сұхбаттасу, сауалнама, тесттердің нәтижелері есеп жазуыма көп үлес қосты. Осы оқушыларды зерттеу кезінде олардан алынған сұхбатты суретке, бейнежазбаға түсіруден басқа, сабақтан тыс уақыт кезінде: қоңырауда, әр түрлі мектеішілік іс–шараларда бақылап, жазба арқылы өзіме пайдалы ақпараттар жинадым.

Зерттеу нәтижесі, жалпы осы үш айлық бағдарлама курсына оқып жатқанымның әсерінен менің шығармашылық жұмысыма үлкен өзгеріс әкелді. Себебі мен оқу барысына өзгеріс енгіземін. Яғни оқушылармен жұмыс жасау барысында топтық жұмысты енгізіп, шығармашылықпен жұмыс жасауды қолға алып алдыма мақсат етіп отырмын. Нәтижесінде зерттеуге алынған үш оқушы А деңгейлі оқушы өзінің креативті шығармашыл, ой–өрісі кең, сандық технологияға қызығушылығы мол, интеллектісі жоғары, беделді, көшбасшылық қасиетке ие, алғыр, жылдам, ерікті, өзіне сенімді, сыни тұрғыдан ойлауды үйренгенін көрсетті. В деңгейлі оқушы логикалық тапсырмаларды орындауға бейім, топпен ұжымдаса, бірлесе жұмыс жасауды үйренгенін, тестік тапсырмалармен жұмыс жасап қатарынан қалмауға тырысты, өз ойын сенімді айта алуын, еркін, өзіне деген сенімділік пайда болғанын көрсетсе, С деңгейлі оқушының маған белгісіз болған сурет салу өнері бар екенін көрсетіп, өз бойынан рөлдік ойындарды сомдау арқылы актерлік қабілетін ашты. Нұрсаид С деңгейінен сәл де болса жоғарырақ В деңгейіне жетіп қалды деп ойлаймын. Болашақта осы жаңа әдіс–тәсілді қоладана отырып, үлгерімі «С» оқушымен жұмыс жасап «В» деңгейіне көтеру, «В» деңгейіндегі оқушыны «А» дәрежесіне көтеру мақсатында көп еңбектенемін. Осы іс–әрекетті зерттеу уақытында көптеген тәжірибе жинадым. Мұғалім ретінде өзім өзгерсем, оқушыларымды да жаңа әдіс–тәсілмен жұмыла жұмыс жасауға баулып өзгертемін. Тек қана өзім емес, мектептегі ұстаздар қауымына бағдарламадан алған, жинаған білімімен бөлісіп, білгенімді үйретуден жалықпай, оларды да өзгертемін. Сапалы білім беріп, шығармашыл тұлға шығаруға бар күш–жігерімді жұмсаймын. Осындай өзгеріске түсе отырып, курс оқуын бітірген соң шығармашыл, осы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша ғылыми бағытта жұмыс жасайтын ұстаз болып қалыптасамын деп нық сеніммен айта аламын.

Алдағы уақытта: оқушылардың топпен жұмыс жасау арқылы сыныпта достық, ынтымақтастық ахуалын дамытамын; АКТ-мен жұмыс жасау мүмкіндіктерін жоғары дәрежеге көтеруіне қол жеткіземін; өздеріне ұнаған формативты бағалау мен критериалды бағалауды пайдалануды жалғастырамын; оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар жинағын жасаймын; ІІ деңгей бағдарламасы бойынша жұмысты әрі қарай жетілдіремін; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын арттырамын; дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүргіземін; практика кезеңінде тарих пәнінің жас маманы өзіне тәлімгер болуымды сұрап, өтінішін білдірген соң, басқа да тәлім алуға дайын мұғалімдерге тәлімгер болып, осы бағдарламаның мақсаты мен күтілетін нәтижесін іске асыруға дайынмын.

Осы жұмыстарды нәтижелі түрде жүзеге асыруға, алға қойған мақсатыма, күтілетін нәтижеге толық жетуге өзіме- өзім сөз беремін.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы негізінде Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2-ші деңгей.