СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақынның халық даналығын тануы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақынның халық даналығын тануы 9 сынып 

Просмотр содержимого документа
«Ақынның халық даналығын тануы»


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

4


Абайтану

9

Калматаева М.Н.



Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж

Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

 Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.



II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, "жеті жұрттың тілін біліп", тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

"Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған... Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен...

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, "қарадан хан болған" айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, "өлеңшілдікті" бойына жарасты іске санамайды.

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары "әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді" деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру, ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердің үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: "Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған", — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, "мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын" дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрағұл (баласы): "Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді", — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай "закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім" дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148 асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: "Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады" дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

Жасөспірім Абайдың әкесінің ел ісіне байланысты ауыр тапсырмаларын қалай орындағаны туралы "Абай жолы" романына сүйеніп айтып беріңдер.

III. Ойтолғаныс сатысы

Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?



Сабақты қорыту.



н

қ.

І

ң.

с

р

е

з


я

ы


с

о

а

а

г


ы

л


д

с

а


а

л


н

ы

м.

й


б

з

д

а.

а

ұ

т

ә

ғ

л

о

т

ұ

ғ

ы

а

б

ы


з

р

б

ЗД

а.


о



Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың», «Қыс»).



Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.